Тәрбие сағаты: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»



Дата25.08.2017
өлшемі0,52 Mb.
#25780
түріСабақ
Астана қаласының Білім Басқармасы әкімдігінің

«Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МҚКК



Бекітемін:

Оқу –әдістемелік жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары

У. Кстаубаева _____________________



«___» _____________________ 2016ж

Тәрбие сағаты: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»

Дайындаған: өндірістік оқыту шебері

Д. Баярыстанова ___________

Әдістемелік –циклдық комиссия

отырысында қарастырылды

Хаттама № ___ «___» ______________2016

ӘЦК төрағасы ________ А. Король

Астана, 2016ж


Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» 

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Студенттердің елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. 

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, қанатты сөздер,
интерактивті тақта, ұлттық тағамдар. 
Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
Сәлеметсіздер ме , құрметті ұстаздар, студенттер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер! 
— Міне, Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. 
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп, міне жатыр манайды! 
Мал біткеннің бал татыған уызды
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аман ба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 
— Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ақ мол болсын! 
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін! 
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — күн деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 
— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. 
Тәрбие сағатының барысы:

Сайыс екі топ арасында жүреді. Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтеміз. Әділқазылар алқасына бағалау парағы беріледі, әр сайыс сайын ұпайлар саны есептеліп отырады.


І сайыс:
Топтар өздерін таныстырады. (топтың аты, ұраны, эмблемасы) 
ІІ сайыс: Әр топ слайд бойынша өздерінің дайындаған мағлұматтарымен таныстырады 1-і топ: «Әр елдерде Наурыз мерекесі қалай тойланады?» тақырыбы бойынша деректермен таныстырады. 2-і топ: «Наурыз мерекесіне әр ұлтта даярланатын тағамдар» тақырыбы бойынша деректермен таныстырады. ІІІ сайыс: Өнер сайысы (ән, би, дәстүр көрсету, өлең жолдарын оқу) IV сайыс: Мақал-мәтелдер сайысы V сайыс: Ұлттық тағамдар. (Наурыз көже даярлау, бауырсақ т.б.)
VI қорытындылау сұрақтар:
1) Наурыз төл дегенді қалай түсінесің?
 (Наурыз төлі)
2) Наурыз көже қалай жасалады?
 (7 немесе 9  тағам түрі)
3) Наурызша деген қандай мағына береді?
(Наруыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар)
4) Сүттен жасалатын тағамдар
(құрт, ірімшік, қатық,қаймақ т.б)
5) Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады? (наурызкөк)
6) Наурыз айында бірінші өсетін  өсімдік? (бәйшешек)
Тапсырмалар:
1) Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
2) Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады? (уыз)
3) Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (Жауабы:  21 наурыз)
 4) Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған).
5) Наурызнама – деген не? (шат – шадыман, ойын-сауық ).
 6) Ұлттық ойындарды ата? (алтыбақан, ауыдарспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек,тоғазқұмалақ).

VІI Жеңімпаздарды марапаттау. Әділқазыларға сөз беріледі. Қатысушылардың ұпай сандары есептеліп жеңімпаз топ марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет