Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК
«Бекітемін» _______________
Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.
«Келісемін»_______________
Сынып жетекшісі: Амирова. Ш.С.
Тәрбие сағатының жоспары
Тақырыбы: « Қарттарым-асыл қазынам »
Өтетін орны: «№3 ЖОББМ» КММ
Сынып: 6 «В »
Мерзімі: 27.09.2021
Тобы: 27
Машықкер: Абугалиева Назлы
Баға: «_ _ » (______ __)
Баға: « » ( )
Семей 2021
Тәрбие сағатының мақсаты: Балалардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының міндеті:
- Оқушыларды ойлау, сөйлеу, тіл байлығын дамыту.
- Ата-анамыз, ата-әжеміз өмірдегі ең басты асыл қазынамыз екенін тереннен көрсету.
- Оқушылардың бойынан қарттарға деген мейрімділік пен сүйіспеншілікті ояту
Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы, түрі: пікіралмасу
Әдіс-тәсілдері: кейс-стади, мақалды талдау, танысу ойыны, галереяны шарлау
Техникалық жабдықталуы: телефон, ноутбук
Көрнекілік: галереянлық шарлау
Қажетті жабдықтар: а4 форматындағы қағаз, , стикер
Тәрбие сағатының құрылымы
І.Ұйымдастыру кезеңі
- «Алдын ала берілген жауап» әдісі 3 – минут
ІІ. Негізгі кезең 10 – 15 минут
- Пікір алмасу
- Мақалды талдау
- «Танысу» ойыны
- Жағдаятты талдау
- «Галереяны шарлау» әдісі
ІІІ. Қорытынды кезең 3 – минут
- Рефлексия
- «Табыс сатысы» әдісі
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздерме оқушылар! Қалдарыңыз қалай? Көңіл күйлеріңіз қалай? Мен Семей қаласы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «қазақ тілі және әдебиет» мамандығы 27 топ студентті Абугалиева Назлы Роланқызымын. Сіздермен тәрбие сағаттарын өткіземін және басқа жағдаятты талдау, мақалды талдау, танысу ойынын жүргізетн боламын.Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй және сәттілік тілеймін.
Алдын ала берілген жауап әдісі: Әже, ата , сыйластық, мейірім, қамқорлық, 1 қазан
Балалар осы сөдерге қарап бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбын тауып көреді.
ІІ. Негізгі кезең :
Пікір алмасу:
1. Қариялар ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазіргі таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме? Өздерініз қарттарды қалай құрметтейсіздер?
2. Балалар осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталар мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды. Осы дұрыс іс пе? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кінәлі деп ойлайсыздар ?
3. Ата-әжелерімізді карттар үйіне апармау үшін не істеуіміз керек? Қандай іс шара қолдануымыз қажет?
4. Өскенде ата-аналарынызға қалай қарайтын боласыздар?
Мақалды талдау:
1. Қарт кісіні қадірле, өзің де қарт боларсың.
2. Қарты бар үйдің қазынасы бар.
3. Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.
Танысу ойыны:
Әріптер: Қ, А, С, И, М, Ә, Қ, Е, А.
1. Ата-әженнің саған несі ұнайды?
2. Ата-әжен сен үшін қандай адамдар?
3. Әженнің қай тағамын ұнатасын?
4. Ата-әженен алған ең жақсы қасиетін?
Жағдаяты талдау:
1. Бүгін дүйсенбі еді. Таңертенгі уақыт. Балалар сабаққа ағылып кетіп жатыр. Ал Асан мен Қайрат автобус аялдамасында өз автобустарын тосып тұр. Қастарында үлкен қарт әже тұр. Екеуіде сабаққа кешігіп барады. Автобус аяладамға келді, Асан мен Қайрат автобуска кетіп бара жатқан кезде, қасындағы тұрған әже екеуінен автобусқа дейін жетуге көмек сұрады. Асан мен Қайрат біз сабаққа асығып бара жатырмыз деп автобусқа жүгіріп кіріп кетті. Автобус журіп кетті, ал қарт әже автобусқа үлгермей қалып қалды.
Сұрақ: Сіз Асан мен Қайраттың орнында болсаныз не істер едіңіз?
2. Сіздің жалғыз тұратын қарт көршіңіз бар. Үнемі сізден көмек сұрайды. Отын – су тасуға, дүкенге баруға, кейде уйін жинауға шақырады.
Сұрақ: Сіздің әрекетініз қандай? Ашуланбай көмек бере аласыз ба?
3. Көшеде Дастан достарынмен қыдырып жүр еді. Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады. Қолында ауыр сөмкелері бар. Қасынан өтіп бара жатқан Дастаннан қария көмек сұрайды. Дастан қарияға қуана көмектесті. Қарияның барлық сөмкелерін үйіне дейін апарып тастады. Қария Дастанға ризашылығын айтты.
Сұрақ: Дастанның істеген ісі дұрыс па? Неліктен дұрыс деп санайсындар?
Галереяны шарлау әдісі: Сыныпты 3 топқа бөлемін. 3 топ тәрбие сағатының тақырыбына байланысты өз галереяларын жасайды. Яғни балалар өз фантазияларына сүйене отырып. Мысалы: сурет салуларына болады жане постер жасауларына болады. Балалардың фантазиясына карай. Жасаған жұмыстарын балалар тақтаға іліп, әрбір топ бір-бірін стикер арқылы бағалайды. ІІІ. Қорытынды кезең
Тәрбие сағатымызды қортындыласақ. Балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейрімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйландар, қадірлеңдер!
Рефлекция:
Достарыңызбен бөлісу: |