Тәрбие сағатының тақырыбы: Ана өмірдің гүлі Тәрбие сағатының мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі58,4 Kb.
#35544
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі

Тәрбие сағатының мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: слайд, плакаттар, шарлар, гүлдер, үнтаспа, нақыл сөздер

Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі Мариямнан күй

ІІ. Кіріспе бөлім

Жүргізушілерді таныстыру.

1-жүргізуші: Қанат

2-жүргізуші: Аян

ІІІ. Негізгі бөлім

- оқушылардан тақпақ

- ән

- би


- аналар мен қыздарға ойын

- балалардан ән-шашу

-вальс

Тәрбие сағат барысы:

Мариямның күй тартуымен басталады.



Аян: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Қанат: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Аян: Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз.

Қанат: Тіпті Мұхаммед пайғамбарымыз да ең алдымен ананы құрметтеу парыз екенін айтты.

«Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса», «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер», «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңды өтей алмайсың», «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, Алла оның өмірін ұзартады».

Міне, біздің дініміз де Ананы бәрінен де артық ардақтауды талап етеді.

Аян:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

(Шыңғыс, Эльдар, Ерасыл тақпақ айтады)


Шыңғыс: Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі


Эльдар: Немересін жанындай

Әжем жақсы көреді

Қонаққа барса ұмытпай

Кәмпіт әкеп береді


Ерасыл: Кім сендерді балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.


Қанат:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай бір ән орындап берейік.

«Ана туралы жыр» Ғибарат, Алихан, Дамир, Аян, Қанаттың орындауында.

Келесі кезекті Арсен, Марлен, Мадиға беріледі.
Арсен: Кім сендерді балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.


Марлен: Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,

Хат жазып, тұр ұмытпа, төбесі көкке жетсін.


Мади: Кім сағынар сендерді, келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келгенде адам болып,

Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.


Аян:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге – деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

Қазақша би қыздардың орындауында.

(Темірлан, Бақтияр, Алмаз тақпақ айтады)
Темірлан: Анам менің – аялаған ақ гүлім

Анам менің – бақытым мен шаттығым

“Анашым” – деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнін

Анам менің – өмірдегі тірегім

Анам менің – кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.


Бақтияр: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген-бәйтерегі өмірдің.

Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.


Алмаз: Тірегі болып жанында

Бірге еріп жүремін

Жанашырым жанымда

Тек әжем деп білемін

Ақ әжемді арқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін


Аян: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

Қанат: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

Аян: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

Қанат:

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көріп таң қалдырмай сахнада,

Өмірде сақталсыншы бұл әдебі- дей отырып ортаға қыздарымыз бен аналарын шақырамыз.
Аян: Әділ қазылар барлық ұлдар болады.

Ойын ойнатылады.

Әр ойыннан кейін стикерлер беріледі.

1-кезең: «Сүйікті анашым» ойыны.

Шарты: Аналар бір қатарға тұрады. Қыздар бір-бірлеп шығып, көздері байлаулы болады. Бір қатарда тұрған аналар орындарын ауыстырады. Қызы көзі байлаулы түрде, өз анасын қолын ұстау арқылы тауып алуы керек.

2-кезең: «Сұлулық салоны» ойыны.

Шарты: Аналар орындықтарға отырады. Ал қыздар аналарына макияжды көзи жұмылу түрде жасайды. Ең жақсы істелген жұмыс таңдалынады.

3-кезең: «Сіздерге тілейтінім» ойыны.

Шарты: аналар мен қыздары отырған көрермендерге құттықтау өлеңін шығарады.

4-кезең: «Тамаша қол өнері» ойыны.

Шарты: Әр қатысушыларға керекті заттар қойылады. Сол заттарды пайдала отырып, бір бұйым жасау. Уақыт 2 мин

Осылайша барлық аналарымызға ойынға қатысқаны үшін рахметімізді айтамыз.

Әр кезең бойынша жүлделі орын алған аналарға граммота беріледі

Аналарды орындарына отырғызып, барлық балалар шығып ән айтады. «8 наурыз» әні. Сол уақытта слайд көрсетіледі. Әр баланың анасының суреттері мен әдемі сөздер.



Вальс: әр ұл бала өз анасын вальсқа шақырады, ал қыздар оларды айнала жүріп билейді.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет