Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері»
Мақсаты:
• Балалардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту
• Ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын дамыту;
• өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, қыс мезгілі, қауіпсіздік таратпа қағаздар
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, талдау
Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
Психологиялық сәт.
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне, жарысып.
Қалды артында қыр алап,
Іздерінен қар ұшып.
Жұмбақ.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |