шеберліктің элементі
«Педагогикалық технология», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерекшеліктері
Қазіргі кезде психология және педагогика ғылымында «технология» ұғымы кеңінен қолданыла бастады. Бұл термин өмірге компьютерлік техниканың келуімен және білім беру саласында жаңа компьютерлік технологияның енуімен сипатталады. Ғылымда дамудың жаңа бағыты – технологиялық бағыт өмірге келді.
«Технология» сөзі грек тілінен енген және 2 сөз тіркесінен құралған:
«techne» – өнер, шеберлік, іскерлік дегенді білдірсе;
«logos» – ғылым, ілім дегенді білдіреді, яғни «өнер туралы ілім» немесе «шеберлік туралы ілім».
Ал осы технология ұғымына оның қолдану саласын қоссақ, онда нақты технологияны қарастыруға болады. Мысалы, «педагогикалық технология» педагогикалық өнер жайлы ілім немесе педагогикалық шеберлік туралы ілім дегенді білдіреді.
Педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына толық мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық процестің барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдарының қолдану реті мен жиынтығының жүйесі, жобасы.
Тәрбие технологиясы – тәрбие процесіне қатысушыларды барынша жақсы жағдайлармен қамтамасыз ету барысында нақты нәтижелерге жету мақсатымен түзетулер, бағдарлау, ұйымдастыру, жобалау (жоспарлау) бойынша тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен қызметінің жүйесі.
Тәрбие технологиясы шамамен алғанда педагогикалық тәсілдің, оның тәрбиелік әдісінің аяқталған бөлігі. Сонымен бірге әрекет ретінде ол түрлі әдістерге жанасуға бейім тұратын өзіндік құбылыс. Әрекет сияқты тәсілдің де шешетін мәселесі тәрбие қызметін айқындаушы және оның себептерімен арақатынаста болатын болса, оның мәртебесі артатын болады.
Тәрбие технологиясы – жекелеген процестердегі педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған әдістер жүйесі: ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілі, тәрбиеленушілермен қарым-қатынас орнату тәсілі, педагогикалық диагностика тәсілі және т.б.
Қазіргі тәрбие технологиясының талаптары:
Жеке тұлғаның санасына, сезіміне және қылықтарына әсер ету.
Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу.
Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі – тәрбиеге кешенді түрде қараудың кезек күттірмес шарты.
Тұлғада берілген қасиеттер тәрбие істерінің жүйесі арқылы қалыптасады. Бұл істер бір арнаға бағытталып, процестегі ой, дене, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесі міндеттерінің бір мезетте орындалуын талап ететін нақты кешенді сипатта болуы қажет.
Тәрбиеге кешенді түрде қарау тәрбие процесінің және оны басқарудың жүйелілігін талап етеді. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар мен олардың өзара байланысын ескермей тұрып, басқару табысты болмайды. Ол үшін бұл факторлар мен олардың әсер ету сипаты туралы тәрбиешінің айқын түсінігі болуы шарт.
Негізгі факторлар қатарына жататындар:
жеке тұлғаның өмір сүру қалпы;
әртүрлі аймақтардың өмір сүру жағдайлары мен дәстүрлері;
бұқаралық ақпарат және насихат құралдары;
ұжымның өмір сүру жағдайы мен даму деңгейі; 5) жеке тұлғаның ұжымдық қатынас жүйесіндегі жағдайы;
6) жеке тұлғаның сапалық ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |