Тәрбиелеу – білім беру процеінің циклограммасы Білім беру ұйымы: жшс «Жұмакүл Маханбетова»



бет35/36
Дата26.04.2024
өлшемі98,57 Kb.
#201445
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
циклограмма дш наурыз — копия

Ұшақтар
Мақсаты: Еліктеп көрсетілген қимылды дұрыс орындауды дамыту
Ойын барысы: Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі ұшақ болып көрсетеді. Тәрбиеші «Ұшақтар ұшады!» деген кезде барлық бала ұшақ болып ұшады. «Ұшықтар қона бастады!» дегенде барлық бала өз орындарына келіп қона бастайды. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.

6 карта


Автобус
Мақсаты: Қатарға тұруды қалыптастырып, баяу және жылдам жүруді дамыту
Ойын барысы: Балалар қатарға бір-бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізушісі. Қалғандары жолаушылар. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.

7 карта


Жалауға қарай жүгір
Мақсаты: Қатарға тұруды қалыптастырып ,жан-жаққа тарап жүруді дамытып, кеңестікте белгіге қарап қақтығыспай жүгіруді үйрету
Ойын барысы: Балалар тәрбиешіге қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші қолындағы жалауды жоғары көтереді. Балалар тәрбиешінің қасына жиналады Жалауды қайта түсіргенде балалар жан-жаққа тарап кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанған соң, бір бала жалауын көтеріп жүреді, басқа балалар соңынан еріп жүреді. Ойын басынан қайталана береді.

8 карта


Торғайлар
Мақсаты: еліктеп торғай қимылын жасауды үйрету- қолын екі жанына жайып жан жақа тарап, баяу,жылдам жүру,жүгіруді , отырып саусақтарын еденге тигізуді, алақандарын қосып бетіне қойып, басын қисайтуды жетілдіру
Ойын барысы: Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі торғай болып көрсетеді. Тәрбиеші «Торғайлар ұшады!» деп барлық балармен қолын екі жанына созып, сермеп ұшады. «Торғайлар жерге қонып, жем тере бастады деп» барлық балаларды өз орындарында тоқтатып, отырып, саусақтарымен еденді түрткізеді.Содансоң торғайлар ұйқтады деп, екі алақанын бетінің бір жағына қойып, басын қисайтып, көзін жұмады.Тәрбиешінің осы қимылдарды қайта бастауымен ойын жалғасады.

9карта




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет