Тәрбиелеу –білім беру процесінің циклограммасы Білім беру ұйымы №11 бөбекжайы Топ/сынып – Ересек «Қуыршақ» Балалар жасы 4 жастағы Жоспар қандай кезеңге жасалды (апта күндерін, айды, жылды көрсету)– 06. 02


Қимылды ойын. «Біз көңілді баламыз». (дене шынықтыру)



бет8/14
Дата01.04.2023
өлшемі57,37 Kb.
#173488
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Ересек 06-10.02 циклограмма

Қимылды ойын. «Біз көңілді баламыз». (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: тез жүгіруге, жүгірген баланы тез ұстап алуға жатықтыру.
Жеке жұмыс. Жүгіріп келіп қарды алысқа лақтыруға жатықтыру. (дене шынықтыру)
Кім бәрінен алысқа лақтырса, сол жеңімпаз.
Жұмбақтар.
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды.
(боран)
Мәтел.
Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр жерге жауған нұр.

Күн көзін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
күннің көзін қыс мезгілімен (қыстың басы, ортасы, аяғы) байланыстырып, балаларға барынша мол түсінік беру. Күн қысқарады. 22 желтоқсан ең қысқа күн болып есептеледі. Күндіз күн ұясынан көтеріледі, кешке ұясына батады. Күн қысқа әрі суық. Көлеңке ұзарды.
Көркем сөз.
Батар күннің атар таңы бар.
Қимылды ойын. «Жұп болып эстафета ойының жүргізу». (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: шанамен сырғанақ тебу.
Балаларды бір-біріне эстафетаны беруге үйрету. Жолдасы үшін жанашыр, жақсы жолдас болуға тәрбиелеу.
Еңбек. Аққала жасау.
Мақсат-міндеттер: қармен жұмыс істеуге үйрету.
Жеке жұмыс: өз қиялдарымен әңгіме құрату.
Жұмбақ.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
Мақал.
Мезгіл жетсе, мұз да ериді.

Ауа райының жайсыз жағдайын бақылау.
балаларға ауа райының жағдайын бақылату. Қатты желге назар аудару. Қатты жел әсіресе ақпан айында жиі болады, ұйтқыған боран мен бұрқасын борандар бір жерден бір жерге жөңікіліп жүреді.
Көркем сөз.
Қыстың кенже баласы ақпанбысың,
Аспан астын ораған ақ қармысың.
Алай-түлей бораның, аязың да,
Әппағым-ау, аз-аздан шақтармысың?!
Қимылды ойын. «Үшінші артық».
Мақсаты: шапшандыққа баулу.
Еңбек. Ауланы қардан тазалау.
Мақсат-міндеттер: күректі пайдалана білуге үйрету.
Көркем сөз
Ағашта биік,
Бір құсты көрдік.
Сайрайды сол құс,
Сайрайды талмай.
Кө-кек, кө-кек,
Аты оның содан,
Атанған кө-кек.
Ән орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет