Тәрбиелеу –білім беру процесінің циклограммасы Білім беру ұйымы №11 бөбекжайы Топ/сынып – Ересек «Қуыршақ» Балалар жасы 4 жастағы Жоспар қандай кезеңге жасалды (апта күндерін, айды, жылды көрсету)– 06. 02


Кешкі ас Гигиеналық дағдылар



бет14/14
Дата01.04.2023
өлшемі57,37 Kb.
#173488
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ересек 06-10.02 циклограмма

Кешкі ас

Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттер. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға, тісін тазалауға үйрету. Тарақты, қол орамалды пайдалана білуді бекіту.
Тамақтану әдебін сақтау. Тамақты асықпай шайнау, асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю.
Көркем сөз
Су-өмір жүрегі
Денсаулық тірегі.
Шөлдесең , қанасың.
Жуынсаң, тазасың.
Салт-дәстүр. Жолаяқ.
Келген қонақты жолға шығарып салып тұрып, оларға «жол болсын» айтып, дәм-тұз ұсынады. Сонан кейін қош айтысып, қалады. Бұл да тамақтың жолының бөлек екенін дәлелдейтін халықтық салт - дәстүрдің бірі.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)













Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар және басқалар)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (қарым-қатынас іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттер. Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға, зат есімдерді жекеше және көпше түрде үйрету, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және көпше түрде, зат есімдерді сын есімдермен байланыстыруға, етістіктерді бұйрық райымен қолдана білуге үйрету (отыр, жүр, жүгір).
Музыкалық аспаптармен ойындар.
Мақсат-міндеттер. Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (ре-си бірінші октава шегінде). Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру, марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатына қарай жеңіл, ырғақты жүгіру; музыканың ырғағын нақты бере отырып, қос аяқпен еркін және жеңіл секіру, музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгерту. Аспаптың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән айтуға баулу (тәрбиешіні көмегімен). (музыка)
Өнер бұрышында мамандықтар тақырыбында сурет салу, жапсыру, мүсіндеу. (шығармашылық іс-әрекет, бейнелеу іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттер. Балалардың гүлдер, қоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын байыту. Қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктермен таныстыру және ол түстерді өз бетінше жасауға ынталандыру (қажетті түсті шығару үшін бояуларды араластыру). Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдердің пішінін қию және ол
заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу. Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.
Логикалық ойындар, басқатырғыштар, санамақтар, домино ойындары. Пысықтау. (танымдық іс-әрекет, зерттеушілік іс-әрекет)
Мақсат-міндеттер. Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу, сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау, жоғары-төмен, қалың-жұқа немесе ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша тең).
Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттер. Балалардың зерттеу әрекеті үшін жағдай жасау, табиғатпен таныстыру барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылау, талдау, салыстыру, ажырату.













Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес)

Баяндама: «Бала дамуына керекті ойындар».

Айына бір рет отбасы күнін өткізу.

«Балаңызбен қандай ойындар ойнайсыз?» сауалнама.

Ата-аналарға балалардың тазалықтарына назар аударуларын ескерту.

«Теледидардан балаларға арналған қандай бағдарламаларды қарайсыздар?»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет