Серуен
|
Маусымдық өзгерістерді бақылау
Мақсаты: — Қыс басындағы табиғаттағы өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру (күн қысқарады, түн ұзарады); — Қыс мезгілінің басындағы қысқа тән белгілерді көре білу және өлең жолдарынан таба білу.
— Бақылау барысы: Көркем сөз Желтоқсан - қыстың алғашқы айы. Қоңыр бұлт астынан күн әлсіз сығалайды. Сондықтан да қысты «тұнжыр қыс деп атайды». Күн қысқа, түн ұзақ, бұл айда күн көзі сирек көрінеді. Желтоқсанда түнде қатты аяз болады, өзендер мен көлдерде қалың мұз қатады. Балаларға сұрақтар: желтоқсан айы қай айдан соң келеді? қараша айына қарағанда балабақша ауласында қандай өзгерістер болды? Кұз мезгілімен салыстырғанда адамдар киімінде қандай өзгерістер пайда болды? Біздің ауладан қыс белгілерін іздеп табыңдар? Еңбек Ағаштар түбін қармен көму.. Мақсаты: тірі табиғатқа деген көмек көрсету ықыласын арттыруға тәрбиелеу.. Қимылды ойындар: Қар лақтырып ойнау Мақсаты: затты лақтыру дағдыларын бекіту. Бір аяқпен секіру. Мақсаты: тепе-теңдікті сақтауға баулу.
Жаттығу ойындары: Қозғалыстарын дамыту. Мақсаты: тепе-теңдікті сақтап қозғалыс жасағанда өз-өзін сақтандыруға үйрету .
(Сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру, қоршаған ортамен таныстыру)
|
Торғайларды бақылау
Мақсаты: — Қыстап қалатын құстар жайлы білімдерін толықтыру; — Қыс мезгіліндегі құстардың мінез-құлықтарындағы өзгешеліктер туралы түсініктерін қалыптастыру
— құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Бақылау барысы Көркем сөз Торғайларды қорға. Ө. Ақыпбекұлы Шыр-шыр еткен торғайды Қорғамасаң болмайды. Кіп-кішкене торғайлар Ағаштарды қорғайды. Таспен атып торғайды, Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді, Бақшамызға қонбайды. Тәрбиеші балармен әңгімелесу өткізеді.
Біздерде жылы жаққа ұшпай қалған құстарды қалай атаймыз?(қыстап қалатын құстар) Қыстап қалатын құстар мен ұшып кететін құстардың қандай айырмашылығы бар? (қыстап қалатын құстардың мамықтары қалың және тұмсықтары мықты борлады.)
Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер? (торғай, қарға, тоқылдақ, сауысқан,кептер) Торғайлар қыста немен қоректенеді? (дәндермен, қалдықтармен.) Қыстап қалған құстарды неге тамақтандыру керек? (қыста құстарға азық жетіспейді, ал, егер олар тоқ болса аязға тоңбайды.) Құстарды бақылаған кезде олардың мінез-құлықтарынан нені байқадыңдар?. (өздерінің азықтарын нан ұсақтары мен қалдықтарды, дәндерді тез табады. Тұмсықтарын қанаттарының астына тығып суықтан қорғанады) Торғайлар неге адамдарға жақын маңға қоныстанады? (себебі адамдар жанында азық көп болады) Торғай, торғай, торғайсың, Жақын келіп қонғайсың. Жем шашайын тере ғойғ Сонда суыққа тоңбайсың. Еңбек қызметі Құстар қонақтайтын, жем шашатын жерді қардан тазалау. Мақсаты: еңбекке деген ықыластарын арттыру. (Сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру, қоршаған ортамен таныстыру)
|