Қардың түсуін бақылау Мақсаты: - Қардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру; — Қардың түсуі туралы білімдерін молайту; — әдемілікке деген сезімдерін тәрбиелеу. Бақылау барысы Көркем сөз «Қыс» Т. Молдағалиев Жауа-жауа, қар жауып көп, Шұқырларға толады. Иығыңа қонады кеп, Мойныңа да қонады. Жауып бітер қарды тосып, Үйіңе де сыймайсың, Табиғаттың ақ көрпесін Басуға да қимайсың Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.
Ауа-райы қандай болғанда қар жабысқақ болады?
Аяқ астында қар неге сықырлайды?
Қар неге ұлпа болады? Айналаға қараңдаршы, қандай әсем көрністерді көріп тұрсыңдар? (айнала аппақ, қар беті тап-таза т.б.) Зерттеу жұмысы Ұшып келе жатқан қарды парақ бетіне қондыру, қардың қасиеттерін анықтау (ұлпа, мамық). Еңбек: өз алаңындағы ағаш түптерін қармен көму. Мақсаты: бір мақсатта, бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту Қимылды ойын «Ыстық-суық». Мақсаты: тәрбиешінің белгісі бойынша әрекет етуге үйрету
Жаттығу ойындары Қимылдарын дамыту. Мақсаты: Қарды алысқа лақтыруға үйрету
(Сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру, қоршаған ортамен таныстыру)
|
Ауладағы ағаштарды бақылау
Мақсаты : — ағаштар туралы білімдерін молайту; — ағаштардың қысқы бейнесін бақылауды жалғастыру Бақылау барысы Көркем сөз
«Қыс» Р.Сәбитұлы Қар жамылды бақтарым Қыратым да, сайым да. Тағыпты қыс ақ қарын, Үкі етіп қайыңға. Бүркеніп ақ желекті, Жарқырайды маңайым. Ойға шомып теректің, Ақ шалыпты самайын. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:. Ағаштардың жазғы бейнесі қандай еді? Күзде қандай болды? Қазіргі бейнесі қандай? Кімнің есінде, ағаштар жапырағын неге түсіреді?
Зерттеу жұмысы Алма ағашы мен қайың ағашының қысқы тұрқын салыстыру Еңбек Жолды қардан тазалау.
Мақсаты: аула қараушыға көмектесу. Қимылды ойын:
«Кім аққалаға бұрын жетеді?» Мақсаты: доға астынан еңбектеп өту дағдыларын жетілдіру. Жаттығу ойындары Секіру Мақсаты:орнында тұрып секіру техникасын меңгерулерін жетілдіру (Сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру, қоршаған ортамен таныстыру)
|