Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру,
«Жапырақтар»,саусақ ойыны «Қуырмаш» «Бір сөзбен ата» дидактикалық ойындарға қатысу белсенділігін арттыру Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, ойыншықтарды топтастыру іс ірекеттерді жасауына жағдай жасау
Табиғат бұрышындағы тірі табиғат нысандарын бақылау барысында баланың сөйлеуін дамыту.
(Балармен жеке жұмыс. )
Таңертенгі жаттығу
Қазан айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).
Таңғы ас
Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету) Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгігпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық
Таңғы жиын. Көңілді муызка қою. Қарапайым би қимылдарын орындауды пысықтау: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу (музыка) Балалар қандай ойындар ойнағысы келетінін айтуын қалыптастыру.«Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбында жеке әңгімелер. Сөзді тыңдай білуге, ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту, қарапайым Кім? Не? Не істейді? сұрақтарға жауап беруге үйрету. Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдауы және т. б. (сөйлеуді дамыту)