Қазақ тілі "Күз мезгілі. Алтын күз".
Мақсат-міндеттері. Балалардың "күз" жайлы түсініктерін дамыту; "алтын күз" сөзінің мағынасын түсіндіру; "Кім? Не?" сұрақтарына жауап беретін зат есімдер, "Не істейді?" сұрақтарына жауап беретін етістікті сөздер жайлы негізгі түсініктерін қалыптастыру.
Мнемокарточкаларға негізделген сөздік жұмыс.
Музыка "Ару күз"
Мақсат-міндеттер. Балалардың музыканы тыңдай білуге қызығушылықтарын арттыру; әнді тыңдай отырып, сипатын ажырата білуге үйрету; әннің сөздік мағынасын түсініп, бірге айта білу қабілетін қалыптастыру; музыка әуенімен бірге би ырғақтарын жасай білу дағдысын жетілдіру; дыбысты есту қабілетін жетілдіру.
Дене шынықтыру "Күзгі жолдар үстіндегі ойындар".
Мақсат-міндеттері. Балаларды кішкентай және үлкен қадаммен жүгіру; көлденең тақтайда еңбектеуді үйрету.
Музыка "Күз".
Мақсат-міндеттері. Балаларды күз туралы әнді тыңдай отырып, оның сын-сипатын ажыратуды үйрету; әннің сөздік мағынасын түсініп, бірге айта білу қабілетін қалыптастыру; музыка әуенімен бірге би ырғақтарын жасай білу дағдысын жетілдіру; дыбысты есту қабілетін арттыру.
Дене шынықтыру "Еңкіс тақтайдың үстімен жүрелеп жүру".
Мақсат-міндеттері. Балаларға сапта дене қалпын тік ұстап, педагогтің белгі беруі бойынша "Тіктел!", "Түзел!", "Тік тұр!" сөздерімен қимылдарды бұлжытпай орындауды үйрету.
Мақсат-міндеттері:
- киімді дұрыс бүктеу, орнына ілу, аяқ-киімді түзу қоюды әдетке айналдыру;
- өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киінуді (шешіне) дағдыға енгізу;
- шкафқа ілінген немесе қойылған бас киім, сырт киім, аяқ қиім сияқты заттарды өз орындарына ғана қою, тәртіп сақтауға тәрбиелеу;
- ауа райына сай киінуге үйрету, киімді, аяқ киімді таза ұстауға баулу;
- көмек көрсетуге, алғыс айтуға тәрбиелеу.