Математика негіздерінен ойын-жаттығу. "Күзгі жапырақтар шоқтары".
Мақсат-міндеттері. Балалардың ұғымында заттардың бірден төртке дейінгі сандарға сәйкес жиындары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушы жаттығу. "Күзгі бояу". Мақсат-міндеттері. Табиғаттағы күзгі түстерді атауды, бір-бірінен ажыратуды үйрету.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)
Дидактикалық ойын. "Басқаша айт". Мақсат-міндеттері. Жалпылауыш сөздерді бекіту (педагог балаға допты лақтырып, заттардың жалпы атауын атайды. Бала допты кері лақтырады және түр ұғымын атайды: ойыншық-қуыршақ, жиһаз-үстел).
Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Алтын жапырақ".
Мақсат-міндеттері. Балаларды күз маусымының өзгерістерімен таныстыру.
Дидактикалық ойын. "Жапырақтарды түсіне қарай топта".
Мақсат-міндеттері. Заттарды түстеріне қарай топтастыруды үйрету.
Вариативті компонент. Құрастыру "Күзгі ағаштар".
Мақсат-міндеттері. Балаларды асқабақ тұқымдарын ағаш қимаүлгісінің үстіне жапсырып, күзгі ағаштардың суретін құрастыруды үйрету; балалардың құрастыру түрлерімен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру; ағаш трафаретін қағаз бетіне бастырып, қайшымен қиып алу іскерліктерін дамыта отырып, қайшымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету.