Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет16/17
Дата04.10.2023
өлшемі29,89 Kb.
#183723
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
B5Fp2uy8UOUfxnxwWr55mIc7jAl0H0xjfMnQiCer (4)

(математика негіздері)

Серуенге дайындық

Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Серуен

Серуенге қызығушылықтарын ояту. "Алтын күз" тақырыбында жеке әңгімелесулер. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуеннен оралу

Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Кешкі ас

Тамақтану кезінде тазалық сақтау. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуді үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Балалардың дербес әрекеті
(аз қимылды, үстел үсті
ойындары,
бейнелеу іс-әрекеті,
кітаптарды қарау және
басқалар)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі)
Театрландырылған қойылым.
"Алма" ертегісі
Мақсат-міндеттері. Балалардың жадында ертегі мазмұнын қайта жаңғырту, еске сақтау, ойлау, эмоциялық, ым-ишаралық, коммуникативтік қабілеттерін дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар.
Алма пішіні, костюмдер, ертегі кейіпкерлерінің бетперделері (қоян, қарға, аю, кірпі).
Барысы. Педагог балаларға "Алма" ертегісінің мазмұнын қайталатады.
Балалар кейіпкерлерді өз қалауы бойынша таңдайды, кейін кейіпкерлердің костюмдерін киіп, әрқайсы өз орындарына барады.
Басында автор рөлін педагог алады.
Қойылым соңында педагог кейіпкерлерді бөлек қатарға тұрғызады, көрермендерге кім ненің рөлін ойнағанын таныстырады. Әртіс-балалар көрермендерге құрмет білдіріп, бас иеді де, қошеметпен мақтауға бөленеді.
Соңында педагог балалардан шығарманың осылай аяқталғанына не себеп болғанын анықтайды, кейіпкерлердің әрекетін қысқаша талдап береді.
Музыкалық аспаптармен ойындар. "Күз" тақырыбында әңгімелер үйрету. (музыка)
Қолдың ұсақ және ірі моторикасын дамытатын ойындар. (құрастыру)
Өнер бұрышында "күз" тақырыбында мүсіндеу, жапсыру, суретін бояу. (шығармашылық дағдылар, сурет салу, жапсыру, мүсіндеу)
Еркін ойындар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет