Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Дидактикалық ойын. "Қай ағаштың жапырағы?"



бет15/17
Дата04.10.2023
өлшемі29,89 Kb.
#183723
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
B5Fp2uy8UOUfxnxwWr55mIc7jAl0H0xjfMnQiCer (4)

Дидактикалық ойын. "Қай ағаштың жапырағы?"
Мақсат-міндеттері. Таныс ағаштардың жапырақтарын ажырату және атау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

Балалармен жеке жұмыс

«Әдемі кілемшелер».
Ойынның мақсат-міндеттері: бөліктерден кілемше жасауды үйрету; қабылдау, ес, зейін үрдістерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: балалар геометриялық пішіндерді кілемшелердің үстіне қояды да, әдемі құрақ құрайды.
(математика негіздері, сөйлеуді дамыту)

Жаңылтпаш жаттайық.
1) Доп деп,
Дөп теп.
2) Қапыда ит қапты,
Қатты қапты,
Қапты қатты.
3) Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Кел, жазайық.
Мақсат-міндеттері. Тиянақтылықты, көркем жазуды, қаламды дұрыс ұстауды үйрету. Үзік сызықтарды салу білігін бекіту.
Балаларға үлгілер таратылады. Суреттер мен жазулар үзік сызықтар арқылы беріледі.
(сурет салу)

Артикуляциялық жаттығу.
1) Ара болсаң, ызыңда
З-з-з, ж-ж-ж, з- з-з, ж-ж-ж
Жұмыс істе, тығылма.
- Ара қалай дыбыстайды?
(з- з-з) - қатты\жай
2) «Зе-зе-зе, зе-зе-зе – бұл шынылы терезе»,
«За-за-за, за-за-за – үйдің іші тап-таза»,
«Зу-зу-зу, зу-зу-зу – күрекпен жерді қазу»,
«Са-са-са, са-са-са – ызыңдайды маса.
(сөйлеуді дамыту)

10-ға дейін тура және кері санауды бекіту. Геометриялық денелерді дұрыс атауды және бір-бірінен ажыратуды үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет