Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Балалардың дербес әрекеті



бет13/17
Дата04.10.2023
өлшемі29,89 Kb.
#183723
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
B5Fp2uy8UOUfxnxwWr55mIc7jAl0H0xjfMnQiCer (4)

Балалардың дербес әрекеті
(аз қимылды, үстел үсті
ойындары,
бейнелеу іс-әрекеті,
кітаптарды қарау және
басқалар)

Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу.
"Күз туралы тақпақты құрастыру".
Мақсат-міндеттері. Балалардың ұғымдарында тақпақ пен өлең туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру, көркемсөз үлгісінің қара сөзден айырмашылығын түсіндіру; "күз мезгілі" ұғымына жататын табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстарды пысықтау.
Жаттамақ жаттығуы. "Күз суық, сары көйлекті".


Сюжетті-рөлдік ойын. «Шаштараз».
Мақсат-міндеттері. Балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, өз шаштарын үнемі тарап, әдеміленіп жүруді үйрету. Шаш өрудің әртүрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу, көркем әдебиет, қазақ тілі)

Сурет салудан ойын-жаттығу
"Күзгі саябақтағы жапырақтардың түсуі".
Мақсат-міндеттері. Балаларды жапырақ пішінін қою бояумен бояу және қағаз бетіне бедерін басу техникасымен таныстыру; жапырақтың бетін күздің ашық бояуларына араластырып бояп, қағаз бетіне басып, жапырақтың нақтылы ізін қалдыруға дағдыландыру.
Дамытушы жаттығу. "Бұл қандай ағаштың жапырағы?" (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу, сурет салу)
Мақсат-міндеттері. Ағаштардың атауларын жапырақтарына қарап табуды үйрету. Зейін, еске сақтау, сөйлеуді дамыту.


"Жүгіріп қағып ал" қимылды ойыны.
Мақсат-міндеттері. Қимыл жылдамдығын дамыту. Допты екі қолмен қағып алу дағдысын бекіту.
Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады (қашықтығы 1,5-2 м). Тәрбиеші «Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!» - деп допты лақтырады да өзі қағып алып: «Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер,» - дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың допты қағып алуына мүмкіндік жасап жүреді. Қалған балалар соңынан еріп жүреді. (дене шынықтыру)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет