"Кім қапшықты алысқа лақтырады?" қимылды ойын-жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балалардың белгі бойынша әрекет ету біліктіліктерін дамыту, оң және сол қолымен қапшықты алысқа лақтыруды, жүгіруді, түсті тануды жаттықтыру.
Еркін ойындар: далаға шығарылған материалдармен ойындар, қимыл-қозғалысты дамыту, секіртпеден секіру.
|
Аспанды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Мақсат-міндеттері. Балаларды аспанның ашық не бұлтты екенін анықтап; бұлттарды белгілі бейнелерге ұқсайтынын байқауға машықтандыру; ой-қиялын, зейін. бақылау қабілетін дамыту.
Көркемсөз.
Қ. Мырза Әли "Аспанда".
Аспан малға толып кетті -
Бұлттар түлік болып кетті:
Бір бұлт шықты ешкі болып,
Бір бұлт шықты мешке болып.
Бір бұлт шықты бие болып,
Бір бұлт шықты түйе болып,
Бір бұлт шықты шошқа болып,
Бір бұлт шықты қошқар болып.я
Еңбек әрекеті: ағаштардан түскен құрғақ бұтақтарды жинау.
Мақсат-міндеттері. Құралдарды қолдануды үйрету, еңбек біліктіліктерін дамыту.
"Қу түлкі" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балалардың ойын шарттарына сай ойнай білу, “Мен түлкімін!” белгісі бойынша қолға түспей, жалтарып, жылдам жүгіре білу қабілеттерін дамыту (қалыптастыру, жетілдіру); қимылдарды үйлестіруге, ептілікке тәрбиелеу.
Балалар кішкентай шеңберге жиналады. Олар педагогтің нұсқауы бойынша көздерін жұмады, ал педагог шеңбер сыртында жүріп, кез келген баланы сәл түртіп қалады. Осыдан кейін педагог таңдаған бала "қу түлкі" болып саналады.
Ал ойыншы балалар болса, жан-жақтарына қарап: "Қу түлкі, сен қайдасың?" - деп үш рет сұрайды. Соңғы сұрақтан кейін бұдан бері жасырынып тұрған "қу түлкі": "Мен мындамын!" - деп дауыстайды.
Осы жерден бастап балалар "қу түлкіден" жан-жаққа қашып құтылу керек. "Қу түлкі" кімге қолын тигізсе, сол шетке шығады.
"Үш табан" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды мергендікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу; асықты қолда еркін ұстап, ойын алаңында белгілі қимылдарды жасауға дағдыландыру.
Ойынға үш-төрт бала қатыса алады. Ойынды алаңның бірнеше жерінде балалардың бірнеше тобына ұйымдастыруға болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |