ҚР. Гимнін орындайды.
Міндеттер. Балаларды патриоттық тәрбиені қалыптастырады.
(музыка)
Үстел үсті ойыны.
"Лото. "Ұл мен қыздың киімдері".
Мақсат-міндеттері. Балалардың зейіндерін тұрақтандыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту; заттарды топтастыруға дағдыландыру; байқампаздыққа тәрбиелеу.
- Кімге не қажет?
Қыз бен ұлға киім таңдау.
"Қатарға тұрып билейік" жаттығуы.
Мақсат-міндеттері. Балаларды жаттығу барысында ырғаққа сай қозғалып, сөздерді бірге айта жүріп, айтылған дене мүшелерін қозғауға машықтандыру; қабылдау, зеректік қабілеттерін, вестибуляр аппаратын дамыту.
Жаттығуды көңілді әуенжазбасын қосып өткізуге болады.
Қатарға тұрып билейік,
Дене мүшелерін көрсетейік:
Басты оңға және солға бұрып,
Қос иықты көтерейік.
Қатарға тұрып билейік,
Дене мүшелерін көрсетейік:
Жоғары қол көтеріп,
Бұлғап төмен түсірейік.
Қатарға тұрып билейік,
Дене мүшелерін көрсетейік:
Аяқты кезек көтеріп,
Маршпен шапалақтап жүрейік.
Д. Ахметова. "Құрылыс ойындары "Жануарларға арналған балабақша", "Қуыршақтарға арналған үй". (сөйлеуді дамыту, математика негіздері)
|
Саусақ жаттығуы.
Мақсат-міндеттері. Көркемсөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру; қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ!
Қала салсақ, жол салсақ.
"Қайда барсаң, соны табасың" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері: балаларды кеңістікті бағдарлауға баулу.
Педагог белгілі заттарды (жемістер мен көгөністерді немесе ойыншықтарды, не құралдарды) ойын алаңының әртүрлі жерлеріне салады.
Бала педагог айтқан бағытты қолмен көрсетіп, сол бағыт бойынша жүріп, жасырылған объектіні табу керек.
Педагог нұсқауларды нақтылы және дұрыс беру керек: алға бес қадам, солға бұрылып екі қадам, оңға тағы екі қадам.
Күрделенуі: балалардың өздері топтастарына нұсқау беріп, жүргізуші бола алады. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу, құрастыру)
|
"Сақина" ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балаларды зеректікке, ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Бастаушы шеңбер ішіне, ал балалар шеңберді айнала тұрады. Алақанында сақина бар, оны екі қолды біріктіріп, кезек-кезек балалардың алақанын ашып, байқатпай балалардың біріне беруге тырысады. Балалар бастаушының әрекетін және достарын мұқият бақылайды. Сақинаға ие болған бала басқаларға білдірмеу керек. Белгі бойынша бастаушы: "Сақина, сақина, қане шықшы ортаға!" – дегенде сақина ұстаған бала шеңбер ортасына жүгіріп шығады да, бастаушы болады. Егер ойыншылар белгі бергенге дейін балалардың бірінен сақинаны байқап қалса, оны шеңбер ортасына жібермейді. Ондай жағдайда ойынды сол бастаушы қайта жалғастырады.
|