Өз бетінше еркін ойын әрекеті, алаңға шығарылған материалмен ойындар. "Шеңберді дәлде".
Мақсат-міндеттері. Нысанаға дәлдеп тигізуді жаттықтыру.
Желді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттері. Балалардың желдің қасиеттерін тануға деген қызығушылықтарын арттыру; бақылау нәтижесінде желге ауызша сипаттама беруге, іс-тәжірибелер жасауға дағдыландыру.
"Түтікшемен үрлеп, таспаны (лента) желбіретейік" жаттығуы. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Педагог әрбір баланың алдына түтікше мен таспаны (қағаздан қиылған жолақ та жарайды) береді.
- Балалар, қазір біз түтікшеден желді үрлеп шығарамыз.
- Мен "жел қатты соғып тұр" десем, сендер қатты үрлеп, таспаны қатты желбіретесіңдер.
- Мен "жел баяу соқты" десем, сендер түтікшеге ақырын үрлеп, баяу соққан желді білдіресіңдер.
Еңбек әрекеті:ойын алаңына ағаштардан қурап түскен ұсақ бұтақтарды жинау.
Мақсат-міндеттері. Аула сыпырушыға көмек көрсету, өзгелердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
"Әткеншек" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттері. Балаларды шеңберде ойын ережесіне сақтап, бірігіп ойнауға ынталандыру; белгі бойынша бір адамдай шеңбер бойымен біресе бір, біресе екінші жаққа жүріп, содан соң жылдамдықты қосып жүгіруге дағдыландыру; вестибуляр аппаратын дамыту; ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ақырын-ақырын итеріп,
Әткеншекті қозғалтамыз.
Жылдам-жылдам жүгіріп,
Шеңберді айналдырамыз.
Д. Ахметова.
Соңғы сөздерден кейін балалар жерге отырады, қолдарын босатады, демалады.
Ойын бірнеше рет қайталануы мүмкін.
Педагог барлық балалардың бірыңғай қимылдауын қадағалап жүру керек. Шеңбер бойымен жүргізу үшін, балаларды бір жаққа бұрып, беттерін шеңбер ортасына қарату керек. Балалардың ойынды меңгерудегі басты міндеті - аса жылдам жүгірмеу. Әрбір бала қимылдау кезінде шеңбердің бір жақ бойымен жүріп, бүкіл шеңбердің жылжып жатқанын бақылайды.