Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(құрастыру, сөйлеуді дамыту, математика негіздері, сурет салу)



бет4/17
Дата04.10.2023
өлшемі29,89 Kb.
#183723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
B5Fp2uy8UOUfxnxwWr55mIc7jAl0H0xjfMnQiCer (4)

(құрастыру, сөйлеуді дамыту, математика негіздері, сурет салу)

Ертеңгілік жаттығу

1. Бастапқы қалып: аяқ арасы алшақ, дене тік, қол төменде.
1.1. Балалар қолдарын алдарына созып, алақандарын ашып-жұмады.
1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 5-6 рет қайталанады).
2. Бастапқы қалып: аяқ арасы алшақ, дене тік, қол көкірек тұсында.
2.1. Оң аяқтарын артқа қойып, екі қолдарын да артқа созады.
2.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 4 рет қайталанады).
3. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қол төменде.
3.1. Орындарында тұрып, бастарын оңға бұрады.
3.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 5 рет қайталанады).
4. Бастапқы қалып: аяқ арасы алшақ, дене бос, қол көкірек тұсында.
4.1. Қолдарын жандарына созады.
4.2. Бастапқы қалып (жаттығу 6 рет қайталанады).
5. Бастапқы қалып: екі аяқ бірге, дене бос, қол төменде.
5.1. Қолдарын жандарында ұстап, бір орында тұрып, пингвин сияқты айналу.
5.2. Бастапқы қалып (жаттығу 5 рет қайталанады).
(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Таңғы ас

Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруды жалғастыру: асхана құралдарын дұрыс қолдану (ас қасық пен шай қасық, шанышқы); майлықты ұқыпты пайдалану; нанды үгітпей жеу, асты ауызды жауып шайнау, тамақ ішіп отырғанда сөйлемеу; әдепті болуға тәрбиелеу (ас үшін алғыс білдіру, тазалық сақтау).
Біздерде бар қасықтар
Сиқырлы екен құралдар.
Дайын қасық, дәмді ас.
Еш нәрсені қалдырмас.
Балалар таңғы астарын ішеді. Тамақтану барысында тәрбиеші балалардың орындықта дұрыс отыруын қадағалайды. Бала орындықта түзу отырмаса, педагог оған орындықта дұрыс отыру керектігін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет