Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Математика негіздерінен ойын-жаттығу



бет14/17
Дата04.10.2023
өлшемі29,89 Kb.
#183723
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
B5Fp2uy8UOUfxnxwWr55mIc7jAl0H0xjfMnQiCer (4)

Математика негіздерінен ойын-жаттығу.
"Күзгі жапырақтар шоқтары".
Мақсат-міндеттері. Балалардың ұғымында заттардың бірден төртке дейінгі сандарға сәйкес жиындары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушы жаттығу. "Күзгі бояу".
Мақсат-міндеттері. Табиғаттағы күзгі түстерді атауды, бір-бірінен ажыратуды үйрету.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)


Дидактикалық ойын. "Басқаша айт".
Мақсат-міндеттері. Жалпылауыш сөздерді бекіту (педагог балаға допты лақтырып, заттардың жалпы атауын атайды. Бала допты кері лақтырады және түр ұғымын атайды: ойыншық-қуыршақ, жиһаз-үстел).


Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу
"Алтын жапырақ".
Мақсат-міндеттері. Балаларды күз маусымының өзгерістерімен таныстыру.
Дидактикалық ойын. "Жапырақтарды түсіне қарай топта".
Мақсат-міндеттері. Заттарды түстеріне қарай топтастыруды үйрету.

Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу
"Алтын күз".
Мақсат-міндеттері. Балаларды "Алтын күз" өлеңінің мазмұнымен таныстыру, тақпақты мұқият тыңдауды үйрету.


Театрды сахналау. "Қызыл телпек" ертегі желісін маскамен сахналау.
(көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту)


Мүсіндеуден ойын-жаттығу
"Саңырауқұлақтар".
Мақсат-міндеттері. Екі бөлшектен тұратын заттарды, оларға тән пішіндерін бере отырып, сомдау біліктерін нығайту; жұмыс кезінде қырнауышты дұрыс пайдалануды үйрету.

Құрастырудан ойын-жаттығу
"Саңырауқұлақтар әлеміне саяхат".
Мақсат-міндеттері. Балаларды жасымықтан саңырауқұлақтың қалпақшасын, қарақұмықтан саңырауқұлақтың түбірін, құрмадан саңырауқұлақтың сабағын құрастыруды үйрету.


Вариативті компонент. Құрастыру
"Күзгі ағаштар".
Мақсат-міндеттері. Балаларды асқабақ тұқымдарын ағаш қимаүлгісінің үстіне жапсырып, күзгі ағаштардың суретін құрастыруды үйрету; балалардың құрастыру түрлерімен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру; ағаш трафаретін қағаз бетіне бастырып, қайшымен қиып алу іскерліктерін дамыта отырып, қайшымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет