"Жыланша" қимылды ойын-жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Бастаушының және бір-бірінің соңынан бағыттарды өзгертіп, тізбекті үзбей, арақашықты сақтап, жүгіре білу қабілетін жетілдіру.
Өз бетімен еркін ойын әрекеті, далаға шығарылған материалмен ойындар.
Мақсат-міндеттері. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту; негізгі қимылдарды орындау тәсілін жетілдіру; ойындарға саналы түрде қосылуға тәрбиелеу.
|
Мысықты бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Мақсат-міндеттері. Балалардың үй жануарлары, мысық жайлы білімдерін нақтылау, сипаттау мәтінін құрастыра білуге машықтандыру; есте сақтау қабілеттерін, байқампаздықтарын дамыту; жан-жануарларды тануға қызығушылықтарын арттыру, оларға қамқорлық танытуға тәрбиелеу.
Көркемсөз.
Б. Соқпақбаев "Мысық".
Үстінде үйдің
Тұр еді мысық.
Қасына келді
Бір торғай ұшып.
бассалмақ болып,
Ыршыды мысық.
Жалт берді торғай,
Пыр етіп ұшып.
Биіктен жерге
Топ ете түсіп,
Мысықтың қалды
Жамбасы ісіп.
Еңбек әрекеті: ойын алаңындағы ұсақ қоқыстарды жинап шығару.
Мақсат-міндеттері. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
"Мысық пен тышқан" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды ойын шартына сай ойнауға, рөлді дұрыс атқаруға бейімдеу; зеректікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, жалтарып жүгіруге машықтандыру; шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. "Мысық" пен "тышқанды" балалардың қалаулары бойынша немесе санамақ арқылы тағайындауға болады. Ойын басталар алдында кейіпкерлер шеңбер сыртында бір-бірінен алшақ тұрады. Балалардың қалғаны бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер жасап жүріп сөздерді айтады:
Көркемсөз.
Нағима Арынова "Мысығым".
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
Қасымнан бір қалдмайды,
Көзін қысып алдайды.
Ойнатсам да күнімен,
Ойыны бір қанбайды.
Осы сөздерді айтып, балалар тоқтайды да "мысық" "тышқанды" қуалап кетеді. Балалар қол ұстасып, қажет болса, қолдарын жоғары көтеріп, "тышқан" үшін ұяға жол ашып беріп жатады. "Мысық" ұяға кіріп кетсе, ары қарай өткізбес үшін, қолдарды төмен түсіріп, жолды жауып қояды.
Ойынға қатысушы балалар өте зерек болу керек, олар қолдарын біресе жоғары көтеріп, біресе төмен түсіріп, "мысық" пен "тышқанның" қуаласпағын реттеп тұрады.
"Тышқан" ұсталып қалса, кейіпкерді ауыстыруға болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |