Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет6/12
Дата29.04.2024
өлшемі35,32 Kb.
#201521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ересек мамыр 1

Өз бетімен ойындар.
Балаларға өз орнын сақтауға үйрету. Ойын жүрісінде қажет болған жағдайда 2-3 рөлдерді де орындауға үйрету; қарым-қатынас ережелерін білу, тең дәрежеде болу және басқару.




Бақаны бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Көркем сөз.
«Бақа».
Бақа, бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ,
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ
Бақа, бақа, балпақ,
Көзің неге тостақ
Қарауылда көп қарап,
Көзім содан тостақ,
Бақылау. Бақаны бақылау, оның ерекшеліктерін айту, түсі жасыл және дақтары бар, шөпте көрінбейді, саусақтарының арасындағы бос тері, жүзуге көмек береді, секіреді, жәндіктермен қоректенеді. Бақаның өмірі жайлы білімді кеңейту.
Қимылды ойын. «Өз үйшігіңді тап». (дене шынықтыру)
Әртүрлі қыймыл қозғалыстарды жасау жөніндегі білгілерді бекіту: жүгіру, жүру, секіру, белгі бойынша қимылдау (өз үйшіктерін табу), кеңістікті бағдарлауға үйрету.
Еңбек. Балаларды еңбек етуге, үлкенге көмек көрсетуге тәрбиелеу. (еңбек дағдылары)
Өз бетімен ойындар. Қағаз бақамен ойнау.
Өз бетінше ойнай білу қабілеттілігіне тәрбиелеу.

Құмырсқаларды бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Жұмбақ.
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)
Көркем сөз.
Ұзын мұрты құмырсқа.
Бара жатты жұмысқа
Допты алып қолына,
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады.
«Биік тау,» - деп ойлады.
Бақылау. Құмырсқалар ұсақ, нәзік, еңбексүйгіш жәндіктер. Олар жердің астында өмір сүреді. Өмір сүретін жерін «илеу» деп атайды. Илеуді бұзуға болмайды, өйткені құмырсқалар бізге пайдалы.
Қимылды ойын: «Туннель ішімен еңбектеу». (дене шынықтыру)
Ептілікті, шапшандықты, қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет