Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Серуен Бағбанның жұмысын бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)



бет5/12
Дата29.04.2024
өлшемі35,32 Kb.
#201521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ересек мамыр 1

Серуен

Бағбанның жұмысын бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Көркем сөз.
Жеміс біткен бау-бақша
Желі жайды жан-жаққа.
Бақта құс та сайрады,
Құйқылжытып сан-саққа
Қолға ап бақша құралын,
Суды атызға бұрамын.
Ағаш түбін қопсытып.
Арам шөпті жұламын.
Бақылау. Үлкендердің жұмысы жөніндегі түсінікті қалыптастыру. Жұмысқа қажет құрал-саймандармен таныстыру (тырнауыш, күрек, суқұйғыш т.б.). Бағбанның жұмысының нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын. «Біз көңілді балалар». (дене шынықтыру)
Құрдастары және ересектермен жағымды эмоционалдық қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.
Еңбек. Гүлдерді күтуде бағбанға көмек. (еңбек дағдылары)
Тапсырмаларды орындауға үйрету, жұмысты ұжыммен келісіп орындауға үйрету.
Өз бетімен ойындар. Доппен ойнау. (дене шынықтыру)
Доппен ойнау әдістері: жоғары лақтыру, ұстап алу, тебуді бекіту, жылдамдыққа баулу.

Шырша, қарағай, жөке ағаштарын бақылау. Жапырақты ағаштармен салыстыру. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Жұмбақ.
Үстінде жасыл тоны бар.
Балаларды қуантар.
(Шырша)
Бақылау.
Балаларды ағаштардың құрылымын салыстыруға, қарастыруға қызықтыру. Шырша мен қарағай, олардың белгілерін ажыратуға үйрету, бұтақтардың қалыңдығы мен орналасуы (қарағайда бұтақтары жоғары, шыршада төменіне дейін). Олардың бояулары (қарағай – ақшыл, шырша - жасылдау), жапырақты және жөке ағаштарын салыстыру, ерекшеліктерін көрсету. Жөке ағаштары жіңішке, ұзын және жапырақтары ине тәріздес қатты келеді.
Қимылды ойын. «Бөркіңді тап». (дене шынықтыру)
Жоғарыға секіруге үйрету; физикалық сапасын шапшаңдығын, ептілігін ұйымдастыру қажеттілігін жалғастыру.
Еңбек. Жөке ағаштарының маңын тазарту.
Жөке ағаштарын қурап түскен қылқанын жинастыруға, ағаштарға жақсы қарауға ұмтылдыру. Жинақылыққа тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет