Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет9/12
Дата29.04.2024
өлшемі35,32 Kb.
#201521
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ересек мамыр 1
Xvi-xviii ғғ. Қазақ халқының материалдық мәдениеті-melimde.com
(дене шынықтыру)




Мүсіндеуден ойын-жаттығу
"Көлшіктегі үйректің балапандары".
Мақсат-міндеттер: балаларды үйректің балапанымен таныстыру, композиция жасауды үйрету.


Ұлттық ойын. Ақсерек - көксерек
Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.
1-ші топ.
Ойынды бастайды Ақсерек-ау, ақ серек,
Бізден сізге кім керек.
2-ші топ.
Ақсерек-ау, ақ серек,
Сізден бізге ... (бала аты) керек.
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан
қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
(дене шынықтыру)

Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу
"Көгершін".
Мақсат-міндеттер: балаларды Т. Таймасұлының "Көгершін" өлеңімен таныстыра отырып, көгершінді бейбіт елдің тірегі мен белгісі ретінде сипаттайтын көркем сөздерді қайталап айтуға үйрету және жаттату.

Балалармен жеке жұмыс

"Қайсар рухты баламын" тақпағын жаттау.
Алатау, Алтай арасы –
Қазақтың кең даласы.
Мен боламын сол елдің
Қайсар рухты баласы.
Өсіп, өніп, ержетіп,
Ақылымды өрлетіп.
Елімнің атын шығарам
Мықты елдермен тең етіп.
Д.Сүлейменов
(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

"Лабиринт" дидактикалық ойыны.
Ойынның мақсат-міндеттері. Балаларды тез қимылдауға тәрбиелеу.
Ойынның барысы. Балаларға дайын лабиринт (қоян мен көгөніс) беріледі, балалар жылдам орындап шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет