«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойыншы
5- сынып
Білім алушының аты-жөні:
Күні:
Оқу мақсаттары:
Т/Ж. Көркем шығармадағы
|
кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті
|
арқылы образын ашу
|
А/И3. Шығармадағы тілдік
|
бейнелеу, суреттеу құралдары
|
ның (теңеу, эпитет, ауыспалы
|
мағынадағы сөздер, қайталау, өлең
|
құрылысы) мағынасын анықтау
Б/С3. Шығарма
|
дағы кейіпкерді өзіндік құндылығы
|
тұрғысынан талдап, әдеби эссе
|
жазу
|
|
Бағалау критерийі:
Кейіпкер портретін іс-әрекеті арқылы ашады;
Шығармадағы тілдік құралдарды талдап, мағынасын ашады;
Кейіпкердің құндылығын талдап, әдеби эссе жазады
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 5 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған.
1- тапсырма. Өлеңді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.
1. Автордың өлеңді жеткізуде қолданған тәсілі [1]
A) Психологиялық параллелизм
B) Екі нәрсені шендестіру
C) Екі нәрсені салыстыру
D) Өлең басындағы қайталаулар
E) Риторикалық сұрау
2. Өлең жолдарындағы эпитетті тіркестер [1]
A) Құйрық-жал
B) Шаң бермес
C) Керсеңге құйып
D) Жарық сәуле
E) Шаруа жиып
Достарыңызбен бөлісу: |