Тәрбиенің әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым


Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары



бет5/6
Дата19.12.2022
өлшемі43,42 Kb.
#163243
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Документ Microsoft Word (4)

4.Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары.
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық ситуацияларға тәуелді. Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепте, үйелменде әр түрлі іс — әрекетіне дағдыландыруға болады.
Тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жөн. Ұжымның бірінші сатысында ұжым толық қалыптаспаған, сүйеніші, яғни өмір тәжірибесі жоқ. Бұл жағдайда тәрбиеші балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру керек. Ұжым қалыптасқаннан кейін оқушылар белсенді тобы (активі) құрылады. Осыған сәйкес тәрбие әдісі өзгереді. Оқушылардың әдет-ғұрып, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру үшін үйрету, жаттықтыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер оларды орындағыштыққа, кішіпейілдікке, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Ұжымның ІІ-ІІІ даму сатысында қоғамдық пікір, тапсырма, пікірталас, өзін — өзі бақылау, өзіне — өзі баға беру т.б. қолданылады.
Сонымен, біріншіден, тәрбие әдістері көмегімен оқушыларыдың әр түрлі іс — әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәрбиесі байыйды; екіншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлуметтік мақсаты іске асырылады.
Барлық тәрбие әдістері бір – бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Ешбір әдіс тәрбиенің универсальды құралы бола алмайды. Мысалы, оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу үшін көбінесе үйрету әдісі қолданылады, дедік. Егер ұжым адамгершілік, мораль элементтерінің ұғымдарымен таныс болмаса, жеке адамның санасын қалыптастыру әдістерін (әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекция т.б.) пайдалану керек. Бұл ситуацияда пікірталас және әңгіме әдістерінен гөрі, этикалық тақырыптарға әңгімелеу немесе лекция әдістерін қолдану өте қолайлы. Егер оқушылар ұжымының адамгершілік нормасы жөнінде белгілі түсініктері болса, онда пікірталас немесе этикалық әңгімені қолданған жөн. Осы әдістер бойынша адамгершілік нормасы туралы сөз ету, оқушыларға өз бетімен қорытынды шығаруға, дұрыс баға беруге, теріс көзқарастарды сынай білуге көмектескен жөн.
Барлық тәрбие әдістері бір – бірін толықтырады. әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой өрісін кеңейтеді.
Пікірталас – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әр түрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы. Мұндай тәрбиелік әдіс орта және жоғары сыныптарда әр түрлі қоғамдық-гуманитарлық тақырыптарда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет