Тәрбиешілерге арналған жадынама



бет9/34
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#118747
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
Тарбиеші құжаттары.doc

Оқу іс-әрекет барысы:

  1. Балаларды іс-әрекеттің тақырыбына бағыттайтын кіріспе сөз, музыка тыңдау, өлең жолдарын оқу, суреттерді қарау.

  2. Тәрбиешінің үлгісі: белгілі бір оқиғаны қысқаша сипаттау, бұл балаларға суреттеудің қаншалықты бай, толық, жан-жақты сөйлеммен жеткізілуін көрсетеді:ол қысқа, балалардың тәжірбиелеріне арқа сүйеген, эмоциональды, тыңдаушыларға түсінікті болуы тиіс.

  3. Әңгіменің мазмұнын анықтайтын үш-төрт сұрақтан тұратын әңгіменің сұрақтары немесе жоспары. Іс-әрекеттің барысында түзетілуі мүмкін.

  4. Балалар әңгімені құрғанда мына сөздер мен сөзтіркестерді пайдалануға болады) ашық аспан, жасыл алқап, таңғы күн т.с.с.

  5. Ұжымдық әңгіме (оқытудың бірінші кезеңінде). Балалар сұрақтардың жауаптарын тыңдап, қайсысы сәтті екені анықталып, тәрбиеші сол жауаптардан әнгіме құрайды. Содан соң балалар: «Өз еркіңше айт» тақырыбына әңгіме құрайды.

  6. Балалардың әңгімелері. Бастапқыда әңгімені бірнеше бөлшекке бөліп құрастырады. Бұл балалардың тапсырмаларын жеңілдетеді және әңгіменің көлемі толық, қызықты, әртүрлі болады.

  7. Әңгімелерді бағалау. 2-3 бала әңгіме құрастырып болған соң бағалау жүргізіледі. Балаларға мынадай сұрақтар қойылады: Қай әңгіме көбірек ұнады?, Неге ұнады?, Ол қалай басталды? Әңгіменің соңы немен аяқталды?, Неге Әлішерді тыңдаған қызықты болды? Неге оның әңгімесі бәріне ұнады? Жақсы естілді ме?

Содан соң қалған балалардың да әңгімелері тыңдалады. Жоғарыдағыдай бағалау жүргізіледі: Кімнің құрастырған әңгімесі қызықты? Балалар қандай көркем сөз бен сөз тіркесін қолданды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет