Жаратылыстану.
Тақырыбы:
Күн сәулесі
Күн туралы түсініктерін кеңейту: күннің көзінен жылу мен жарық тарайтындығын бақылау, талдау жасай білуге үйрету.
Шаттық шеңбері.
-Балалар, бізге қонаққа Күн келді. (Жарқыраған Күннің суретін көрсетеді). Өз сәулесін шашып, айналаны жарқыратып жіберді. Кәне, бәріміз амандасайық.
Армысың, ашық Күн!
Сәуле – шуақ, нұр.
Білімді өзектендіру.
Билингвальды компонент: сәуле – лучь, күн – солнце, ашық – яркое.
Күн сәулесі туралы ертегі айту:
-Ертеде аспанда Күн сәулесі қмір сүріпті. Күн сәулесі аспанда жалығып, жер бетіне түсуді ойлады. Жерге түсіп, жылаған гүлді көріп, оған жылуын сыйлайды. Гүл қуанып, күлімсіреп, рақметін айтады. Ұшып бара жатып, қанатын сулап алып ұша алмай жүрген араны көреді, шуағымен қанатын кептіріп, араның ұшуына көмектеседі. Ара да оған ризашылығын білдіреді. Тағы ұшып келе жатып солып қалған гүлдердің арасынан шыға алмай жатқан көбелекті көреді. Гүлдерге сәулесін түсіреді. Олар бастарын көтергенде олардың арасынан көбелек ұшып шығады. Көбелек күн сәулесіне рахметін айтады. Күн сәулесіне аспанға оралатын уақыт келеді. Қиын сәтте басқаларға көмемтескенінде өзі риза болады.
Сендерге ертегі ұнады ма?
Сергіту сәті.
-«Күн сәулесін ұстайық» ойынын ойнайық.
Секіреміз, секіреміз.
|