Математика
ҚМҰҚ
Тақырыбы:
Ұшбұрышпен таныстыру.
Геометриялық пішін үшбұрышпен таныстыру, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеу
Жылулық шеңбері: (Балалар қимылмен көрсетеді)
Бала,бала балақан
Кәне қайсы алақан ?
Саусақтарың әйбат ,былай-былай ойнат.
Топ-топ басайық ,жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса алтын күн
Жаса-жаса алтын күн
(музыка әуенімен ведиопроектордан дыбыс естіледі де, ханшайым көрінеді. Балалар бұрылып амандасады)
Ханшайым:
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
Балалар:
- Сәлеметсіз бе?
Ханшайым:
- Мен сендерді «Сиқырлы пішіндер» әлеміне шақырамын.
Тәрбиеші:
- Балалар, «Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме?
Балалар:
- Иә.
Тәрбиеші:
- Ал қандай көліктермен барғыларың келеді?
Балалар:
- Поезбен.
Тәрбиеші:
- Жарайды. Ендеше, поезбен барайық. Ал кеттік.
Бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен:
Қимылды ойын:
«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу.
Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,
Жүрісті үдеттік.
Гу - гу, гу - гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.
Тәрбиеші:
- Қане, балалар, тоқтайық. Пыш - ш - ш.
- Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.
- Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Қандай пішіндер тақтада ілініп тұр?Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен?
- Кім пішіндер туралы тақпақтар біледі екен.
-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.
Достарыңызбен бөлісу: |