Тері патофизиологиясы бойынша ақпараттық дидактикалық БӨлік



бет6/6
Дата14.12.2022
өлшемі162 Kb.
#162822
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІК (1)

Теңге қотыр (псориаз) немесе қабыршықты теміреткі – ішкі терінің қабынуы, мүйізгектенудің бұзылуы, эпидермис жасушаларының өсіп-өнуімен сипатталатын созылмалы дерматоз
Токсикодермия – қан арқылы түскен аллергендер немесе ууыттармен туындатылған терінің бүлінісі.
Кәсіптік дерматоздар – өндірістік физикалық, химиялық, биологиялық заттардың әсерінен болатын тері аурулары.
Витилиго - (vitiligo – ала тері) – тері жабындысының әртүрлі аймақтарында нілденбеген дақтардың түзілуімен көрінетін созылмалы ауру.
Себорея – құнарсыз тері майын жоғары дәрежеде бөліп шығарумен сипатталатын май бездері қызметінің бұзылысы. Этиологиясы белгісіз, бірақ Malassezia furfur саңырауқұлағының маңызы бар, деген болжам жасалынады.
Кәдімгі безеуе (acne vulgaris) - себорея әсерінен май бездерінің іріңді-қабынулық зақымдануы.
Фотодерматоздар (фотодерматиттер) – күн сәулесіне жоғары сезімталдықпен көрінетін тері аурулары. Патогенезі иммундық тетіктермен байланысы жоқ (бұл «күн сәулесіне аллергия емес»). Улы әсері терідегі қандай да бір заттардың күн сәулесімен ұзақ әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады. Шығу тегіне байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі зат алмасудың бұзылысымен байланысты (порфирия, бауыр, бүйрек үсті безінің аурулары), ал сыртқысы мұнай көмірсутектері, хром тұздары, өсімдік тозаңдары, хош иісті немесе әсемдік заттар, кейбір дәрілік заттардың (зәр айдаушы, сульфаниламидтер, стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілік заттар), әсерінен пайда болады.
Эритема – Ірі мөлшерлік ( алақандай және одан үлкен) қан тамырлық дақ
Петехиялар –нүктелі қан құйылулар
Пурпура – кішілеу дөңгелек көптеген қан құйылулар
Дақ – тығыздығы бойынша теріден айырмашылығы жоқ және терімен бірдей деңгейде орналасқан тері және шырышты қабықтың түсінің шектелген өзгерістері.
Қызыл бөртпе (розеола) - қолдың кіші саусағының тырнағындай қызығылт түсті майда қабынулық дақтар
Түйіншек немесе папула -тері деңгейінен көтеріңкі, тыртықсыз жазылатын қуыссыз бөлшек
Төбешік – тері деңгейінен көтеріңкі, жараланып тыртықпен жазылатын сіңбелі қуыссыз бөлшек
Көпіршік –жалқықтық сипаттағы қуыс, ішінде сұйығы бар, тері деңгейінен шамалы көтеріңкі алғашқы морфологиялық бөлшек
Күлдіреуік (пузырь) – жалқықтық, ірі мөлшерлі (орман жаңғағы және одан да үлкенірек) қуысты бөлшек
Іріндік немесе пустула - ішінде іріңі бар жалқықтық қуысты бөлшек
Күлдіреу (волдырь) терінің емізікті қабатының шектелген қабынулық ісінуі нәтижесінде түзілетін жалқықтық қуысы жоқ бөлшек
Лихенизация –гиперпигментация және оның қалыпты түрінің өзгеруімен көрінетін, терінің қалындауы мен тығыздануы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет