IV. ТЕРІДЕГІ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АУТОИММУНДЫҚ ҮРДІСТЕР
Есекжем, жанаспалық дерматит, Лайелл синдромы, Стивенс-Джонсон синдромы және т.б..
(патогенезін «Патологиялық физиология -1»-ден қараңыз)
Лайелл синдромы – жүйке жүйесі мен ішкі ағзалардың өзгерісімен қабаттасатын тері және шырышты қабаттардың уытты-аллергиялық зақымдануы. Дәрілік заттарды (сульфаниламидтер, антибиотиктер, барбитураттар), қабылдағанға әсерленіс ретінде пайда болып, эпидермистің барлық қабатының өлеттенуіне және оның сыдырылуына әкеледі.
Стивенс-Джонсон синдромы - дәрілік заттарды қабылдауға әсерленіс ретінде пайда болып, тері және шырышты қабаттарда жайылмалы бөртпелермен қабаттасатын жедел уытты-аллергиялық ауру, жалқықтық эритеманың қатерлі түрі. Теріде қатаң шектелген ашық қызыл немесе ашық қызыл-қызғылт түсті ірі дақтар, ал мұрын, ауыз қуысы, жыныс мүшелері, көтеннің шырышты қабаттарында ісіну және гиперемияның салдарынан көпіршіктер пайда болады. Бүйрек қызметінің бұзылысымен қабаттасатын ауыр нефрит, жүрек-қантамыр және өкпе жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
Жүйелі қызыл жегі кезіндегі терінің зақымдануы (ДНК+антидене кешенінің түзілуі, сирек иммуноглобулин+антииммуноглобулин, мембранаға шабуыл жасайтын кешендердің С5-С9) түзілуі, олар теріде бекітіледі → дерматит
Теңге қотыр (псориаз) немесе қабыршықты теміреткі – терінің қабынуымен, кератинизация бұзылуымен, эпидермис жасушаларының өсіп-өнуімен сипатталатын созылмалы дерматоз - аутоиммундық ауру. Этиологиясында тұқымқуалайтын бейімділіктің маңызы бар (HLA-C-мен байланысты). Патогенезінде иммундық зақымданудың жасуша қатысуымен жүретін түрі маңызды орын алады (кератиноциттердің өсу жайты, ӨТЖ, гамма – интерферон, цитокиндер Ил-12, CD4+ CD8+ белсенуіленуі )
Глоссарий (жаңа термин)
Дерматоздар (грекше. derma – тері; синоним- тері аурулары) – этиология және патогенезі әртүрлі тері ауруларының жалпы атауы (тұқымқуалайтын және жүре пайда болған; қабынулық, дистрофиялық, аллергиялық және т.б.).
Дерматит - сыртқы дерт туындататын жайттармен тікелей жанасудың әсерінен пайда болатын терінің қабынуы.
Дерматиттің түрлері: 1. Қарапайым жанасулық дерматит – механикалық, физикалық және химиялық жайттардың әсерінен пайда болады.
2. Аллергиялық жанасулық дерматит – даму негізінде аллергиялық серпілістің жасуша қатысуымен жүретін түрінің маңызы бар (Джелл және Кумбс бойынша IV түрі).
Пиодермия немесе пиодермит ( рyon – ірің, derma – тері, грек тілінен) – ірің тудыратын микроорганизмдердің сырттан енуінен болатын терінің іріңді ауруы . Ол ересектерде тері ауруларының 80%-н, балаларда – 30%-н құрайды. Этиологиясы бойынша стафилодермиялар, стрептодермиялар және аралас болып ажыратылады.
Гидраденит - апокринді тер бездерінің іріңді қабынуы.
Микоздар - дерт туындататын уақ саңырауқұлақтармен туындатылатын тері аурулары.
Кандидоздар –Candida түріне жататын жататын уақ саңырауқұлақтардың сыртынан енуінен пайда болатын тырнақ, ішкі ағзалар, шырышты қабықтың бүлінуі.
Зоонозды дерматоздар (паразиттік зооноздар) –жәндіктер – паразиттермен (кенелер, биттер, бүргелер) туындатылатын тері бүлінісі.
Есекжем – теріні қышымалы күлдіреуіктердің тез шығуымен сипатталатын аллергиялық ауру (Аллергиялық серпілістің I түрі, Джелл және Кумбс бойынша реагинді түрі).
Квинке ісінуі– беттің тері асты қабаты мен дерманың аллергиялық ісінуі (Аллергиялық серпілістің I – реагинді түрі).
Ихтиоз (қолтырауын терісі, грекше ichthy - балық) – Кератиннің әртүрінің түзілуіне жауапты тектердің мутациясы салдарынан терінің гиперкератоздық түрі бойынша мүйізденудің жайылған бұзылуымен сипатталатын гетерогендік аурулардың топтары. Бұл теріде балықтың қабыршықтарына ұқсас қабыршықтардың түзілуіне әкеледі.
Экзема (грекше eczema – қайнау) – нейро-аллергиялық шығу тегі бар және созылмалы қайталанатын ағыммен өтетін терінің беткей қабаттарының қабынуы.
Достарыңызбен бөлісу: |