Тері патофизиологиясы бойынша ақпараттық дидактикалық БӨлік



бет4/6
Дата14.12.2022
өлшемі162 Kb.
#162822
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІК (1)

Альбинизм (аlbus – «ақ» латын тілінен) — көздің нілді және мөлдір қабатының, шаш, тері нілінің тектік туа біткен болмауы. Бұл ауру тирозиназа өндірілуінің тұқым қуалайтын ақауына байланысты.
Фенилкетонурия (аутосомно-бәсенкі жолмен тұқым қуалайды). Бұл ауру фенилаланинді тирозинге айналдыруға қажетті фермент фенилаланингидроксилазаның тектік жеткіліксіздігіне байланысты. Нәтижесінде көздің мөлдір қабатының, шаш және терінің нілденуі төмендейді.
Витилиго - (vitiligo – ала-құла тері) – тері жабындысының әртүрлі аймақтарында нілденбеген дақтардың түзілуімен көрінетін созылмалы ауру. Тері нілденбеуі меланоциттер мөлшерінің азаюына байланысты. Ұзаққа созылған нілденбеу ошағына гистологиялық зерттеу жүргізгенде меланоциттер табылмады. Витилиго кезінде қалыпты меланоциттерге антиденелер пайда болады. Витилиго - тұқымқуалауға бейімділігі бар ауру. Алкилфенолдар, полиакрилаттар әсерінен кәсібилік витилиго дамуы мүмкін. Патогенезінде маңызы бар:

  1. Меланоциттерге антиденелердің түзілуі тері макрофагтары және Т-лимфоцитердің белсенділенуі, ол ары қарай меланоциттердің бұзылуымен жалғасады; (зақымданудың цитотоксиндік және жасуша қатысуымен жүретін тетігі). Витилиго аутоиммунды аурулармен қабаттасады: қатерлі анемия, Хашимото тиреоидиті және т.б..

  2. Меланин биосинтезінің уытты өнімдері, меланоциттердің өзіндік бұзылуы, соның салдарынан Лангерганс жасушалары меланоциттерді фагоциттейді.

  3. Жүйке тармақшаларымен нейропептидтер, катехоламиндердің немесе олардың алмасу өнімдері артық өндіруінен меланоциттердің зақымдануы

  4. Антиоксиданттық қорғаныс ферменттері белсенділігінің төмендеуі салдарынан меланоциттердің бос радикалдармен зақымдануы

  5. HLA II класы тектері HLA-A2, HLA-DR3, HLA-DR4. локусымен байланысты тектік бейімділік: (2007 жылы ағылшын зерттеушілері витилиго ауруының тегін-NALP1 ашқандарын хабарлады) .

Витилиго патогенезінде, меланиннің тирозиннен түзілуін бұзатын жайттар: алады: цинк, мыс микроэлементтері, заттардың тапшылығы маңызды орын алады
II МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.
Теріде артериялық және веналық қан кернеуі, ишемия, ісіну, қан құйылу дамуы мүмкін (патогенезін «Патологиялық физиология -1»-ден қараңыз)
III. ҚАБЫНУ
Қабынудың патогенезін «Патологиялық физиология -1»-ден қараңыз.


Терінің іріңді аурулары – пиодермиттер
Қоздырғыштары: стафилококтар, стрептококтар, көкірің таяқшасы, тұрпайы протей, ішек таяқшасы, саңырауқұлақтар, пневмококтар, гонококтар және т.б..
Стафилококты пиодермиттерде дерттік үрдіс көбінесе тер және май бездерінде, шаш түіндері аймағында дамиды. Іріңдіктер конус немесе жарты шар тәрізді пішінді, қабырғалары қалың және кернеген, іріңі қою сарғыш-жасыл түсті ортасында мамық шаш орналасқан. Балаларда стафилококтар тер бездері және майлы-түкті түіндермен байланысы жоқ, беткейлік көпіршіктер түзілуін туындатуы. Стафилококты пиодермиттер: остиофолликулит, сикоз, терең фолликулит, сыздауық, шиқан, гидраденит.
Остеофолликулит немесе стафилококты (импетиго-Impetigo staphylogenes) іріңді бөртпе –жіңішке қызарған тәжбен қоршалған және түкті түйіннің ортасында орналасқан, көлемі түйрегіштің басындай болатын түйіндік іріңді бөртпе. Сикоз – көбінесе беттің түкті бөлігінде кездесетін остеофоликкулиттік іріңді бөртпе шоғыры.
Сыздауық – шаш түйінінің және оны қоршаған дәнекер тіннің жедел іріңді қабынуы.
тер бездерінің іріңді қабынуы.
Стрептококтық пиодермиттер: көбінесе тегіс теріні зақымдайды. Стрептодермия беткейлік сипат алады. Шеткері Шиқан – көрші орналасқан бірнеше – шаш түйіндерін қамтитын тері асты және терінің терең қабаттарының жайылған іріңді-өлектік қабынуы.
Гидраденит –апокринді өсуге бейім және мөлдір сөлі бар алғашқы бөлшек – солғын көпіршік – фликтена. Стрептококтық пиодермиялар: стрептококты іріңді бөртпе, буллезды іріңді бөртпе, қарапайым теміреткі (простой лишай), саусақ буылтығының іріңді бөртпесі – турниоль, стрептококтық баздану (опрелость)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет