Тері патофизиологиясы бойынша ақпараттық дидактикалық БӨлік



бет3/6
Дата14.12.2022
өлшемі162 Kb.
#162822
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІК (1)

Жалпы төзімділік төмендеуінің себептері:

  • Қажу, ыстыққа ұрыну және мұздау, құнарсыз тамақтану, гиповитаминоздар, созылмалы уыттанулар, қантты диабет, асқорыту ағзаларының аурулары, іріңді жұқпалыардың созылмалы ошақтары, ішкі сөлденістік реттеудің бұзылысы, ағашқы және салдарлық иммунды тапшылықтар, кортикостероид және цитостатиктермен ұзақ уақыт емделу

Жергілікті төзімділік төмендеуінің себептері:
Терінің, соның ішінің кәсіби (жақпа майлар, бензин, керосин) ластануы, өндірістік және тұрмыстық ұсақ жарақаттар, қышымалы дерматоздар (нейродермит, қышыма қотыр, биттеу және т.б.) кезіндегі терінің құрғақтығы, тілінуі, сыдырылуы, терінің ылғалдылығының жоғарылауы → терінің, бактерия, саңырауқұлақтар және т.б-ларға тосқауылдық қызметінің төмендеуі.
Сөйтіп, тері аурулары, әдетте терідегі жергілікті дерттік үрдістер емес. Тері аурулары организмнің және оның жекелеген ағзалар мен жүйелерінің зақымдануымен тығыз байланысты.
ТЕРІДЕГІ БІРТЕКТЕС ДЕРТТІК ҮРДІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУ ТЕТІКТЕРІ

  1. Тері нілденуінің бұзылыстары.

  2. Шеткері қанайналамы және микроцеркуляцияның бұзылуы.

3. Қабыну.
4. Терідегі аллергиялық және аутоиммундық үрдістер.
5. Гипо- и гипербиоттық үрдістер.Тері өспесі.
I. ТЕРІ НІЛДЕНУІНІҢ БҰЗЫЛУЫ – ТЕРІ ДИСХРОМИЯСЫ
Тері дисхромиясы нілденудің жоғарылауы (гиперхромия) және нілденудің жеткіліксіздігімен (гипохромия) көрінеді.
Тері, шаш, көздің түсі, негізгі ніл меланинге тәуелді.
Меланин ( грекше. «melas» - қара )- жүйкелік шығу тегі бар өсінділі жасушалар- меланоциттерде өндіріледі.Теріде меланоциттер эпидермистің базальді қабаты жасушаларының арасында орналасады Меланиннің өндірілуі, меланоциттер арқылы ерекше органеллалар – меланосомаларда жүзеге асырылады.
Меланиннің түзілуін күміс, мышьяк, висмут қосындылары, рентген және ультракүлгін сәулелері түрткілейді. Күн сәулесінің әсерінен меланиннің өндірілуі жоғарылап күнге күю пайда болады. Бұл, меланоциттердегі тирозиназаның белсенділенуі жүзеге асады және эйкозаноидтар мен эндотелин-1-дің бөлініп шығуымен қамтамасыз етіледі. Терінің күн сәулесі әсеріне төзімділігі осы тетіктің нәтижелі жұмысына байланысты.
1. НІЛДЕНУДІҢ ЖОҒАРЫЛУЫ (гиперхромия, гипермеланоздар)
Гиперпигментация (нілденудің жоғарлауы) әдетте, теріде меланин мөлшерінің көбеюі – гипермеланозға байланысты. Гипермеланоз, қалыпты жағдайда меланин жиналатын ағзаларда (тері, көз, мый қабықтары) және бұл ніл қалыпты жағдайда кездеспейтін ағзаларда (шырышты қабықтар,ішек, өңеш) байқалады.
Нілденудің жоғарлауы шығу тегіне байланысты бөлінеді:

  • біріншілік (өзгермеген теріде)

  • салдарлық (қабыну ошағында эпидермалық митоздық белсенділіктің жоғарылауы салдарынан меланосоманың кератиноциттерге тасымалдануының бөгелуі.

Гиперпигментация (нілденудің жоғарлауы) таралуына байланысты бөлінед:
А)жергілікті немесе шектелген:

  • Секпілдер (генетикалық жанұялық сипаттағы көбінесе бетте орналасатын сопақ немесе домалақ пішінді, бірақ шашыранды кездесетін ұсақ нілдік дақтар, даму тетігі жақын жатқан кераноциттерге меланиннің түсуі және меланин түзілуінің жергілікті күшеюімен түсіндіріледі)

  • Нілдік невустар (қалдар)

  • Мелазма немесе хлоазма (хлоазмалар – дұрыс емес пішіндегі нілденуі жоғары дақтар). Хлоазмалардың жүктілерде, гинекологиялық ауруларда, бауыр зақымдануында, қысым мен үйкелу ден (трение) кездесетін түрлерін ажыратады. Жүктілік кезінде эстрогендермен тері қабылдағыштарының белсенділенуі жүреді, бұл өз кезегінде терінің күн сәулесі әсерінен нілдену қабілетін жоғарылатады. Жүктілер хлоазмасы ауыз арқылы қабылданатын жүктілікті болдырмайтын дәрілерді (перо­ральные контрацептивы) қолданатын әйелдерде, кейбірреулерде, басқа қатынастағы дені сау еркектер мен әйелдерде табылады. Эпидермистің шектелген қоңыр гипермеланозы (кейбір жағдайларда терілік құрам - бөлшекпен) әдетте иек аймағы, жоғарғы ерін, ұрт, маңдай терісінде кездеседі. Бұл кезде меланоцит түрткілеуші гармонның деңгейі қалыпты жағдайда болады; мелазманың патогенезінде нілдің негізгі кератиноциттер және дермальді макрофагтарға тасымалдануының күшеюінің маңызы жоғары.

  • Тағам мәзірінде В12, РР (никотин қышқылы) витаминдерінің, нәруыздардың тапшылығы кезіндегі гиперпигментацияланған дақтар

  • Уытты меланодермия - парфюмерлік майлар, тас көмір, мұнай көмірсутектері, жағатын майлармен жанасатын жұмысшыларда терінің терілік және эпидермис қабатында меланиннің жиналуы жоғарылайды. Гиперпигментацияның жоғарылауы бет, білек, қол ұшы терісінде байқалады.

В) жайылған (Аддисон ауруы – терінің қола түстес болуы; бауырлық—өттік жүйесінің аурулары және т.б.)
Аддисон ауруындағы гиперпигментация патогенезі: бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігі (Аддисон ауруы немесе «қола» ауруы) → глюкокортикоидтар↓ → кері айналып соғу шеңбері тетігі бойынша → АКТГ (адренокортикотропты гормон) ↑ және МТГ (меланоцит түрткілеуші гормон) → аденилатциклазаның түрткіленуі және ц-АМФ жоғарылауы → тирозиназа белсенділігінің көтерілуі→ меланиннің көбеюі → гиперпигментация.
2. НІЛДЕНУДІҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ -ГИПОПИГМЕНТАЦИЯ (гипохромия, гипомеланоз)
Гипопигментация- нілденудің жеткіліксіздігі, эпидермис және теріде меланиннің болмауы немесе оның мөлшерінің азаюымен сипатталады, бұл меланиннің айналымының бір немесе одан да көп тізбектерінің зақымдануымен байланысты, мысалы, меланоциттердің болмауы, қалыпты меланосомалар түзілуінің немесе олардың кератиноциттерге тасымалдануының бұзылысы.
Таралуы бойынша шектелген (біріншілік бөртпелердің жоғалуынан кейін) және жайылған нілденудің жеткіліксіздігін ажыратады.
Шығу тегі бойынша: тұқымқуалайтын (альбинизм, фенилкетонурия) және жүре пайда болған (витилиго) нілденудің жеткіліксіздігін ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет