E) Орындық әкеленді.
Дұрыс жауап: B
344.Үйірлі бастауышты көрсетіңіз.
A) Омар және Арман қырман басында жүр.
B) Күле беру – ыңғайсыз.
C) Билеті барлар орындарына жайғасты.
D) Өзіміз де жүргелі отырмыз.
E) Тыңдау – мәдениеттілік белгісі.
Дұрыс жауап: C
345.Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Атың әдемі екен.
B) Оның өзі шеткерірек тұр екен.
C) Көп ұзамай жауын басылды.
D) Өңі алабұрта күрең тартқан.
E) Бүгін сабақта Әмір жоқ.
Дұрыс жауап: A
346.Үйірлі баяндауышты белгілеңіз.
Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.
A) Есті.
B) Адамдарда.
C) Бар.
D) Қасиет.
E) Уайым жеу.
Дұрыс жауап: Е
347.Зат есімнен болған баяндауышты көрсетіңіз.
Сендер өмірдегі ең бақытты адамсыңдар.
A) Сендер.
B) Өмірдегі.
C) Ең.
D) Бақытты.
E) Адамсыңдар.
Дұрыс жауап: Е
348.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны белгілеңіз.
A) Еңбек - өмір рахаты.
B) Олар бір-бірлеп келе бастады.
C) Үйде екі-ақ адам отыр.
D) Телефон-автомат бұзылып қалыпты.
E) Ол мәселені шешіп кетті.
Дұрыс жауап: А
349.Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.
B) Іздеген жетер мұратқа.
C) Тау жақтан баяу жел еседі.
D) Әбіштен келген екен.
E) Жауын сіркіреп тұр екен.
Дұрыс жауап: С
350.Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Сәуле кеше келді.
B) Алатау - әсемдіктің символы.
C) Ол шешесіне хат жазды.
D) Сымбат – үлгілі қыз.
E) Баласы тиянақты екен.
Дұрыс жауап: С
351.Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз.
A) Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз.
B) Жас мұраты – білім.
C) Ауыл ақсақалы жастарға алғыс айтты.
D) Омар жолдасымен кездесті.
E) Тақырыбы дұрыс емес.
Дұрыс жауап: А
352.Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді табыңыз.
A) Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізді.
B) Оспан – Амангелді батырдың жолдасы.
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
E) Абылай хан – үш жүзді біріктірген хан.
Дұрыс жауап: А
353.Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Уақыт біз үшін, еңбек адамдары үшін, істейді.
B) Айқындық – сөздің басты артықшылығы.
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
E) Абайдың терең мәнді бейнелі сөздері ел ішінде мақал болып кеткен.
Дұрыс жауап: А
354.Бірыңғай мүшелі сөйлемді белгілеңіз.
A) Мен сендерге көргенімді айтамын.
B) Жел соқпай, құс шуламай – бәрі жым-жырт.
C) Тыңда, дала, Жамбылды.
D) Дүниеде, сірә, сендей жар жоқ маған.
E) Дариға, домбырамды берші маған.
Дұрыс жауап: В
355.Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Ауылдың малы өсті.
B) Асан ұйықтап қалды.
C) Досанның тауға барғысы келді.
D) Бұл - үлкен сыйлық.
E) Ермек өте жақсы оқиды.
Дұрыс жауап: C
356.Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Мен оны тыңдадым.
B) Сен оны ұнатпайсың.
C) Менің тыңдағым келеді.
D) Көп оқисың.
E) Емтиханға барамын.
Дұрыс жауап: C
357.Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Менің оқуға түсуім керек
B) Ұлжан ойлана қарап отыр.
C) Асан әдемі.
D) Олар келді.
E) Айнаш күлді.
Дұрыс жауап: A
358.Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді белгілеңіз.
A) Мен елдің жіберген емшісімін.
B) Ол еш уақытта қуанған емес.
C) Кімнің кетіп жатқанын біліп болмайды.
D) Ораз отыр.
E) Бақыт кеше келді.
Дұрыс жауап: C
359.Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.
A) Сәуле кешікті.
B) Алтын асылдығымен қымбат.
C) Алматы көркеюде.
D) Ұялмас бетке талмас жақ беру керек.
E) Көп тыңда, аз сөйле.
Дұрыс жауап: Д
360.Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарына ықпал ететін жұрнақтар.
А) –қы, -кі, -ғы, -гі.
В) –а, -е, -й.
С) –атын, -етін.
D) –лы, -лі.
Е) –да, -де
Дұрыс жауап: А
361.Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.
А) Жақсыз сөйлем.
В) Құрмалас сөйлем.
С) Жай сөйлем.
D) Толымды сөйлем.
Е) Жақты сөйлем.
Дұрыс жауап: А
362.Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Енді сізге айтуға тура келді.
В) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
С) Ол дос жүрегіне сенеді.
D) Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.
Е) Менің айтқаным келді.
Дұрыс жауап: С
363.Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
A) Оның Абайды білгісі келді.
B) Енді сізге айтуға тура келді.
C) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
D) Ол дос жүрегіне сенеді.
E) Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.
Дұрыс жауап: Д
364.Жақсыз сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Бір ғана сөзден жасалса.
B) Іс, оқиғаны баяндамай, атап қана тұратын сөйлем.
C) Сөйлемнің оқшау келетін түрі.
D) Баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болатын түрі.
E) Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің қатысуы.
Дұрыс жауап: Д
365.Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
A) Талай сырды атқардық.
B) Мен елдің елшісімін.
C) Рахмет күлді, қуанды.
D) Біздің замандасымыз қандай екен?
E) Қазақтың осынысы ұнайды.
Дұрыс жауап: С
366.Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мен кетіп барамын.
B) Сендер қараңдар.
C) Үй жап-жарық.
D) Ол өте көркем жігіт.
E) Айдала.
Дұрыс жауап: Д
367.Атаулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Сені тексергім келіп тұр.
B) Тәңірберген осы жолы үндемеді.
C) Айсыз қараңғы түн.
D) Инабаттылықты қастерлейік.
E) Еңбек етсең, емерсің.
Дұрыс жауап: С
368.Толымды сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Бастауышы бар, баяндауышпен қиыса байланысқан сөйлем.
B) Бастауышы жоқ сөйлем.
C) Ойға қатысты сөйлем мүшелері қатынасқан сөйлем.
D) Ойға қатысты сөздің толық берілмеген сөйлем түрі.
E) Тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
Дұрыс жауап: С
369.Атаулы сөйлемді табыңыз.
A) Бұрқыраған ақ қар.
B) Беті албыраған қыз келді.
C) Сулы жерде шөп өседі.
D) Көрмегеніңді көрдің.
E) Өркенің өссін.
Дұрыс жауап: А
370.Толымды сөйлемді анықтаңыз.
A) Күздің суық түні.
B) – Жоқ.
C) Келгеніне екі сағат өтті.
D) – Сен түс көрдің бе, жаным?
E) – Иә.
Дұрыс жауап: Д
371.Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Бала күнім.
B) Төле би кім болады?
C) Негметжан! – деді Балуан Шолақ.
D) Ақыры ай туды.
E) Ауа ылғал тарта бастаған сияқты.
Дұрыс жауап: А
472.Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.
A) Да, де.
B) Және.
C) Сондықтан.
D) Бірде.
E) Болмаса.
Дұрыс жауап: B
373.Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз.
A) Ыңғайлас.
B) Себеп-салдар.
C) Түсіндірмелі.
D) Қарсылықты.
E) Кезектес.
Дұрыс жауап: A
374.Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін белгілеңіз.
A) Ыңғайлас.
B) Себеп-салдар.
C) Түсіндірмелі.
D) Кезектес.
E) Қарсылықты.
Дұрыс жауап: Д
375.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Бұл жердің дәнін мен сепкендіктен, өзгеңнен гөрі менің жаным қатты ауырды.
B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.
D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.
E) Асқар бұл сұраққа жауап таба алмай, ұзақ үнсіз отырды.
Дұрыс жауап: B
376.Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз байланысатын салалас түрін атаңыз.
A) Түсіндірмелі.
B) Себеп-салдар.
C) Ыңғайлас.
D) Қарсылықты.
E) Кезектес.
Дұрыс жауап: C
377.Бірінші жай сөйлемде сілтеу мәнді сөздер қолданылатын салалас түрін көрсетіңіз.
A) Себеп-салдар.
B) Кезектес.
C) Қарсылықты.
D) Түсіндірмелі.
E) Ыңғайлас.
Дұрыс жауап: Д
378.Қарсылық салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.
B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.
D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.
E) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
Дұрыс жауап: E
379.Құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Ол асып та, тасып та сөйлейді.
B) Қарағым, бермен екл.
C) Ақылды қарттан нақыл шығады!
D) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің.
E) Ерлік көрсеткен ер болар.
Дұрыс жауап: Д
380.Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз.
A) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 5.
E) 6.
Дұрыс жауап: Е
381.Ешқашан қайталанбай бір-ақ рет келетін жалғаулықты көрсетіңіз.
A) Да.
B) Та.
C) Де.
D) Те.
E) Және.
Дұрыс жауап: Е
382.Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді анықтаңыз.
A) Қостанайдан шыққалы он күн: біз түнде де жүріп келеміз.
B) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.
C) Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой.
D) Қазір ол сақалың да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.
E) Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.
Дұрыс жауап: В
383.Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
B) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.
C) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.
D) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.
E) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек.
Дұрыс жауап: А
384.Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз.
A) Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.
B) Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да.
C) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды.
D) Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті.
E) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер.
Дұрыс жауап: Д
385.Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз.
A) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.
B) Абай үйге кіргенде, Әбіш бар қағазды оқып шыққан еді.
C) Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.
D) Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты.
E) Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін.
Дұрыс жауап: С
386.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.
A) Ол: “Батыр хал қалай?” деді.
B) Ол, Батыр, хал қалай? деді.
C) Ол: “Батыр, хал қалай?” – деді.
D) Ол: Батыр, хал қалай – деді.
E) Ол “Батыр, хал қалай?” – деді.
Дұрыс жауап: С
387.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.
A) “Көлтауысар, көлдің суын құрт,” – деді Төстік.
B) “Көлтауысар, көлдің суын құрт”- деді Төстік.
C) “Көлтауысар, көлдің суын құрт” деді Төстік.
D) Көлтауысар көлдің суын құрт – деді Төстік.
E) “Көлтауысар, көлдің, суын құрт” – деді Төстік.
Дұрыс жауап: А
388.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.
A) Абай былай деді: “Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік”.
B) Абай былай деді “Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік”.
C) Абай былай деді – Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.
D) Абай былай деді – “Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік”.
E) Абай былай деді “Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік”.
Дұрыс жауап: А
389.A) “Биік мансап, биік жартас” – деді Абай.
B) “Биік мансап – биік жартас”, - деді Абай.
C) Биік мансап – биік жартас – деді Абай.
D) Биік мансап, биік жартас, – деді Абай.
E) “Биік мансап, биік жартас”, - дейді Абай.
Дұрыс жауап: В
390.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.
A) – Жарқыным жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.
B) – Жарқыным жөніңді, ұқтыршы, қайда барасың? – деді, Мөңке.
C) Жарқыным, жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді, Мөңке.
D) Жарқыным жөніңді, ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.
E) – Жарқыным, жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.
Дұрыс жауап: Е
391.Төл сөздің тыныс белгісін анықта
Кеше кешке жолдасы Қарқаралыда әлі екі-үш күн боламыз деген болатын.
А) тырнақша, үтір, сызықша
В) қос нүкте, сызықша, леп белгісі
С) қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша
Д) қос нүкте, тырнақша
Е) сызықша, қос нүкте, тырнақша
Дұрыс жауап: С
392.Төл сөзді сөйлем
А) Осы алаңнан қоныс тауып, біз ошақ қаздық.
В) «Амангелдіге» келісімен, бұл арман шыңына жетті.
С) «Табылған ақыл, Мұқа!» - деп, Жарқын айналасына қарады.
Д) Күрең ат – Бөжейдің қыс мінетін аты.
Е) Тәртіп бойынша, мен сіздерге есеп беруге міндеттімін.
Дұрыс жауап: С
393. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын жерді тап
А) Көңіл кірлесе, сол жаман.
В) Үңгір іші қараңғылана түсті.
С) Сондағы оқитыным Некрасовтың өлеңдері.
Д) Даланы өрлей жүрген ақын Абай әнге салды.
Е) Ұстазың үйде ұйықтап жатыр.
Дұрыс жауап: С
394. Сызықшаның қойылу себебін анықта.
Бұл – үлкен бақыт.
А) Жіктеу есімдік – зат есім.
В) Есімдік – сын есім.
С) Сілтеу есімдігі – зат есім.
Д) Есім – етістік.
Е) Зат есім – зат есім
Дұрыс жауап: С
395. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады?
А) Синтаксис
В) Лексикология
С) Полисемия
Д) Стилистика
Е) Пунктуация
Дұрыс жауап: Е
396. Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгісін тап
А) Жанат орын ұсынып еді, - отырған жоқ.
В) Балалар, аманбысың, шырақтарым.
С) Ата қоныс – ата мекен.
Д) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Е) Ол ол ма, одан да бетері бар.
Дұрыс жауап: Д
397. Қос нүктенің қойылған орнын анықта
Қарт күрсінді: - Ұлым, желік қуыпсың!
А) Қарсылықты салаластың жай сөйлемдері арасына.
В) Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнен кейін.
С) Төл сөзден кейін.
Д) Жалпылауыш сөзге қатысты.
Е) Автор сөзінен кейін.
Дұрыс жауап: Е
398. Қос нүктенің қай сөзден кейін қойылатынын белгіле
Жалғыз кемдігім хат танымайтыным ғой.
А) жалғыз
В) кемдігім
С) хат
Д) танымайтыным
Е) ғой
Дұрыс жауап: В
399. Үтірдің қойылу себебі.
Оқып білім ал, бөбек!
А) бірыңғай мүше
В) одағай
С) қыстырма сөз
Д) оңашаланған айқындауыш
Е) қаратпа сөз
Дұрыс жауап: Е
400. Үтірдің қойылу себебі
Менің ұғуымша, терең сын.
А) Шартты бағыныңқылы сабақтас
В) Толымсыз сөйлем
С) Оқшау сөздер
Д) Қыстырма сөз
Е) Құрмалас құрамындағы жай сөйлем
Дұрыс жауап: Д
401. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын тап
А) Ол әндер ерлікті де елдікте де сұлулықты да сыйдырған.
В) Ол әндер: ерлікті де елдікте де сұлулықты да сыйдырған.
С) Ол әндер ерлікті де, елдікте де сұлулықты да сыйдырған.
Д) Ол әндер - ерлікті де, елдікте де, сұлулықты да - сыйдырған.
Е) Ол әндер ерлікті де, елдікте де, сұлулықты да сыйдырған.
Дұрыс жауап: Е
402. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсет
А) Көп сөз – күміс – аз сөз, алтын.
В) Көп сөз – күміс; аз сөз – алтын.
С) Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
Д) Көп сөз, күміс, аз сөз, алтын.
Е) Көп сөз күміс – аз сөз алтын.
Дұрыс жауап: С
403. Қойылмаған тыныс белгіні табыңыз.
Жақсы адам елдің арысы.
А) қос нүкте
В) сызықша
С) үтір
Д) нүкте
Е) сұрақ белгісі
Дұрыс жауап: В
404. Сабақтас құрмалас сөйлемді тап
А) Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта, әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.
В) Міне біз де келдік. Кеш те басталды.
С) Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет.
Д) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
Е) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.
Дұрыс жауап: А
405. Құрмалас сөйлемді тап
А) Асқар белгілі мерзімде тұрды.
В) Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен.
С) Жабай жауап қайтара алмады.
Д) Ауылдарыңнан не хабар бар?
Е) Ертең күн жылы, бұлтсыз, жауынсыз болады.
Дұрыс жауап: В
406. Тура мағыналы сөз
А) қара жұмыс
В) қарақағаз
С) қара ниет
Д) қара көйлек
Е) қара сөз
Дұрыс жауап: Д
407. Сөздің тура мағынасы
А) Ол менің үлкен балам.
В) Жасың үлкен, жолың үлкен.
С) Үлкенді сыйлай білейік.
Д) Үлкен кісінің сөзін қайда қоясың?
Е) Сірә, үлкен іс қылайын деп жатқан шығар.
Дұрыс жауап: Е
408. Диалект сөз
А) Әрлі-берлі
В) кәсіпкер
С) сәукеле
Д) ұжым
Е) маңлай
Дұрыс жауап: Е
409. Езулік дауыстылар
А) б,в
В) е, і
С) м, н
Д) ү,у
Е) о,ө
Дұрыс жауап: В
410. Тұйық буын
А) ата-баба
В) ас-су
С) ас үй
Д) ат-тон
Е) алша
Дұрыс жауап: С
411. Тасымалдауға болмайтын сөз
А) еңбек
В) 30 га
С) сулы
Д) километр
Е) жүзім
Дұрыс жауап: В
412. Ұяң дауыссызға аяқталған сөз
А) қыз
В) саң
С) Болат
Д) таң
Е) қыс
Дұрыс жауап: А
413. Орфографиялық заңдылыққа сай жазылған сөз
А) құлұншақ
В) тұлұм
С) көзүлдірүк
Д) бөгет
Е) өзөн
Дұрыс жауап: Д
414. Түбір сөз қатаңға бітсе, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықта
А) жіңішке дауыстыдан
В) дауыстыдан
С) қатаңнан
Д) ұяңнан
Е) үндіден
Дұрыс жауап: С
415. Үндестік заңына бағынбайтын сөз
А) сызғыш
В) халық
С) Астана
Д) Қарағанды
Е) ауызекі
Дұрыс жауап: Е
416. Емле бойынша дұрыс жазылған күрделі жалқы есім
А) «балдырған» журналы
В) балдырған журналы
С) Менің атым Қожа хикаяты
Д) «абай жолы» романы
Е) «Абай жолы» романы
Дұрыс жауап: Е
417. Термин сөздер
А) Отарба, ұрын бару
В) диалект, садақ
С) эвфемизм, дисфемизм
Д) адырна, найза
Е) сауыт, айбалта
Дұрыс жауап: С
418. 60-70-тей адам жиналды деген сөйлемдегі сан есім түрін белгіле
А) реттік
В) жинақтық
С) болжалдық
Д) топтау
Е) есептік
Дұрыс жауап: С
419. Есімшенің септелген түрі
А) береке, немере
В) күліп, барғансың
С) сонау, аналардың
Д) оқуға, сенімен
Е) береріме
Дұрыс жауап: Е
420. Негізгі үстеу
А) жылдам
В) күні бүгін
С) жоғары-төмен
Д) жаздыгүні
Е) балаша
Дұрыс жауап: А
421. Шылауды көрсет
А) жөнінде, беу
В) қатар, гөрі, беу
С) ғана, сайын, әрі
Д) сықылды, әлі
Е) шамалы, қысқасы
Дұрыс жауап: С
422. Еліктеу сөз
А) уақыт
В) ерлік
С) сауық
Д) жылп
Е) көрік
Дұрыс жауап: Д
423. «Шапқан сайын үдей беру» күрделі сөзінің бағыныңқы сыңары
А) шапқан сайын
В) шапқан үдей
С) сайын үдей
Д) сайын беру
Е) үдей беру
Дұрыс жауап: А
424. Ашық дауыстылардан құралған сөз
А) Көкшетау
В) Ынтымақ
С) Егіз
Д) Сегіз
Е) Ырыс
Дұрыс жауап: А
425. Дара бастауышы бар сөйлем
А) Еңбегің еш кетпес деп ойлаймын.
В) Еңбек түбі – береке.
С) Шу өңірі өнімді мол береді.
Д) Сегіз қырлы, бір сырлы.
Е) Үш салт атты жүріп келеді.
Дұрыс жауап: А
426. Жай сөйлемнің қай түрі
Қаңтар, 1917 жыл.
А) атаулы
В) жалаң
С) жақсыз
Д) жақты
Е) жайылма
Дұрыс жауап: А
427.Салалас құрмалас сөйлем
А) Жер үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақ жер бетін жасырып жатыр.
В) Ел сүйсе, ер де сүйеді.
С) Теректер мен қайыңдардың шық басқан су жапырақтары табан астында былпылдап жатыр, басқан аяқтың тықыры білінбейді.
Д) Еңбек қылсаң, қара жер де береді, сені құр тастамайды.
Е) Үсен манағы пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, от шығып, мақта тұтанды.
Дұрыс жауап: С
428. Бұйрықты сөйлемді тап
А) Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен
В) Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
С) Мәуелі ағаш майысқақ.
Д) Құс балапаны үшін тұзаққа түседі.
Е) Өлеңі де жақсы екен.
Дұрыс жауап: А
429. Сөйлем мүшесі болып есептелмейтін оқшау сөз
А) етіс
В) сын есім
С) зат есім
Д) есімдік
Е) қаратпа
Дұрыс жауап: Е
430. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлем
А) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! деді Бейсен.
В) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!, деді Бейсен.
С) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен, деді Бейсен.
Д) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! - деді Бейсен.
Е) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!: - деді Бейсен.
Дұрыс жауап: Д
431. Одағайды көрсет
А) Өзімдікі болса игі еді.
В) Охо, өлкемдегі өмір қандай!
С) Балам, ойымды таба алмадың.
Д) Мынау не деп тұр?
Е) Қой деймін, бала.
Дұрыс жауап: В
432.Сөйлемдерден омоним сөздерді тап
А) Аш жүру – денсаулыққа зиян. Қарның ашты ма?
В) Диктантты сауатты жаз. Жаз ерте шықты.
С) Жұмыс істейді. Мен жұмысымды бітірдім.
Д) Жазда Ыстықкөлге барамын. Маған жаз айы ұнайды.
Е) Қаладағы тіршілік қызық екен.
Дұрыс жауап: В
433. Антоним сөзі бар мақал-мәтел
А) Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың.
В) Татулық – табылмас бақыт.
С) Адал достық алтыннан да қымбат.
Д) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
Е) Ашуың келсе, қолың тарт.
Дұрыс жауап: А
434. Қате жазылған сөз.
А) Айдана
В) Өнерпаз
С) Даурен
Д) Кітап
Е) Бөдене
Дұрыс жауап: С
435. Дауысты дыбыстардың жасалуы
А) Өкпедегі ауаның кедергіге ұшырап шығуына.
В) Езудің кейін қарай ашылуынан.
С) Тілдің ілгері қарай созылуынан.
Д) Жақтың тар ашылуынан.
Е) Өкпедегі ауаның кедергісіз шығуынан.
Дұрыс жауап: Е
436. «Еңбекшілер» деген сөздің қай буынына екпін түсіп тұр
А) еңбек
В) ші
С) бек
Д) лер
Е) ең
Дұрыс жауап: Д
437. Тасымалдауға болмайтын сөз
А) туған
В) етіс
С) жаздық
Д) қағаз
Е) тұйық
Дұрыс жауап: В
438. Бөлек жазылатын сөз
А) ешқайда
В) әлдекім
С) әруақытта
Д) әркім
Е) кейбір
Дұрыс жауап: С
439. Айтылуда өзгеріске түсетін сөз
А) ақ ешкі
В) терең ой
С) дыбыс
Д) бақ қону
Е) синоним
Дұрыс жауап: А
440. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпал
А) Орынбай біліммен озады.
В) Тоқсан жасқа толды.
С) Білім басы – бейнет, соңы – зейнет.
Д) Ат екі күн иесін күтті.
Е) Жолдың екі жағы – биік.
Дұрыс жауап: Д
441. Үндестік заңына бағынбайтын қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |