2-мысал Электр энергиясын өндіру Жел энергиясы мұнай мен көмірді жағу арқылы алынатын энергияны алмастыруға болатын баламалы энергия көзі болып табылады. Суретте қалақшалары желдің көмегімен айналатын жел диірмендері көрсетілген. Соның арқасында генераторлар электр тогын өндіреді.
3-сұрақ Мұхит деңгейінен алынған биіктік неғұрлым жоғары болған сайын, қалақшалар соғырлым желдің бірдей жылдамдығында баяу қозғала бастайды. Берілген түсіндірмелердің қайсысы мұхит деңгейінен үлкен биіктікте орналасқан жел қалақшаларының бірдей жел жылдамдығында баяу қозғалатынын түсіндіруге мүмкіндік береді?
A. Мұхит деңгейінен жоғарылаған сайын ауаның тығыздығы төмендейді.
B. Мұхит деңгейінен жоғарылаған сайын ауа температурасы төмендейді.
C. Мұхит деңгейінен жоғарылаған сайын тартылыс күші төмендейді.
D. Мұхит деңгейінен жоғарылаған сайын жаңбыр жиі жауады.
3-мысал Үлкен Каньон Үлкен Каньон АҚШ шөлдерінің бірінде орналасқан. Ол өте үлкен және терең, тау жыныстарының бірнеше қабаттарынан тұрады. Кезінде жер қыртысының қозғалыстары осы тау жыныстарының қабаттарын жоғары көтерген. Қазіргі кезде Үлкен Каньонның тереңдігі кейбір жерлерде 1,6 км-ге жетеді. Каньон арқылы Колорадо өзені ағып жатыр. Суретте тау жыныстарының қабаттарын көруге болады.
1-сұрақ Жылына Үлкен Каньон ұлттық саябағына 5 млн-ға жуық турист келеді. Келушілердің саябаққа тигізетін зияны алаңдатады. Кестедегі сұрақтарға ғылыми зерттеулердің нәтижесінде жауап алуға бола ма? Әр сұрақ үшін «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарын белгіле.
Төмендегі сұрақтарға ғылыми зерттеулердің нәтижесінде жауап алуға бола ма?
Жаяу жүргіншілердің жолын қолдану барысында эрозия қаншалықты күшейеді?
Иә/Жоқ
Саябақтың аумағы 100 жыл бұрын сияқты көркем болып қалды ма?
Иә/Жоқ
2-сұрақ Үлкен Каньонның температурасы 0 градустан төмен және 40 градус Цельсийге дейін көтеріледі. Каньонның шөлде орналасқанына қарамастан тау жыныстарының жарықтарында кейді су қалып қояды. Температураның ауытқуы және жарықтардағы су тау жыныстарының тез мүжілуіне қалай әсер етеді?
А. Қатқан су жылы тау жыныстарын ерітеді.
В. Су тау жыныстарын берік біріктіреді.
С. Мұз тау жыныстарының бетін мүжиді.
D. Қатқан су тау жыныстарының жарықтарында көлемін ұлғайтады.
3-сұрақ Үлкен Каньонның әктас қабатында теңіз ағзалары: балықтар, маржандар, ұлулардың қалдықтары бар. Миллиондаған жыл бұрын теңіз қалдықтарының осында қалуына не себеп болды?
А. Ерте замандарда бұл аймаққа теңіз өнімдерін адамдар әкелді.
В. Ертеде мұхиттардағы толқындар күшті болғандықтан теңіз жағалауына теңіз ағзаларын лақтырды.
С. Осы уақытта бұл жерде теңіз болды, кейін теңіз кері шегінді.
D. Теңізде тіршілік етпес бұрын теңіз ағзалары құрлықта мекендеді.