Тест тапсырмасы Изохоралық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы



Дата04.11.2022
өлшемі14,19 Kb.
#156650
Байланысты:
Жылу бекіту сұрақтары


Тест тапсырмасы
Изохоралық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:
а) Q=A; б) Q= U+A; в) U= −A; г) Q= + U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
2. Егер идеал газ алған жылу мөлшері есебінен тек жұмыс атқаратын болса, онда газбен қандай процес жүрді?
а) изотермиялық процесс; б) изобаралық процесс; в) изохоралық процесс;
г) адиабаталық процесс; д) ондай процесс мүмкін емес.
3. Идеал газға 8 кДж жылу мөлшері берілді, осы кезде газдың ішкі энергиясы 14 кДж-ға артты.Газдың атқарған жұмысы:
а) 22 кДж; б) 6 кДж; в) -6 кДж; г) 8 кДж; д) ондай процесс мүмкін емес.
4. Идеал газбен 10 кДж жұмыс атқарылды. Осы кезде газ 6 кДж жылу мөлшерін береді.Газдың ішкі энергиясы …
а) 4 кДж-ға кеміді; б) 14 кДж-ға артты; в) 16 кДж-ға кеміді;
г) 10 кДж-ға артты; д) 4 кДж-ға артты.
5.Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:
а) Q=A; б) Q= U+A; в) A= − U ; г) Q= − U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
6. Адиабаталық ұлғаю кезінде газ салқындайды, себебі…
а) одан қандай да бір жылу мөлшері алынады;
б) газ ішкі энергиясының өзгерісіне тең жұмыс атқарады;
в) газдың атқарған жұмысы оған берілген жылу мөлшерінен көп;
г) газбен сыртқы күштер жұмыс атқарады, бірақ осы кезде одан көп мөлшерде жылу алынады;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
7. Газ поршень астында қыздыру кезінде атмосфералық қысымда ұлғаяды. Көрсетілген процестердің қайсысы жүріп жатыр.
а) Изобаралық б) Изотермиялық в) Изохоралық г) адиабаталық д) ешқандай
Дұрыс жауаптары:
1. г 2. а 3. в 4. д 5. в 6. б 7. а
Есептер шығару 1-есеп. Жылу машинасы бір циклде 1кДж жылу мөлшерін жұтып 400 Дж жұмыс істеді. Машина қанша жылу мөлшерін бөліп шығарады? 
Ш е ш і м і: Термодинам-ң бір заңы: Q=ΔU+A=>ΔU=Q-A=1000-400=600 Дж 
2-есеп. Жылу машинасы бір циклде 400 Дж жылу шығарып 600 Дж жұмыс істейді. Жылу машинасының ПӘК-і неге тең? 
Ш е ш і м і: 
3-есеп. Автокөліктің ПӘК-і 20%, және 30 минутта 1,5 кг жанармай жағады. Автокөлік моторын қуатын анықтаңыз. q=4,6*107 Дж/кг – жанармайдың меншікті жану жылуы. 
Ш е ш і м і: A = ηQ = ηqm. Қуат болса: 
№1. Қыздырғышы 2270С, салқындатқышы 270С жылу машинасының макс ПӘК-і неге тең? (40 %). 
№2. Идеал жылу машинасы қыздырғыштан алған әрбір 1000 Дж энергия есебінен 250 Дж пайдалы жұмыс жасайтын болса, бұл жылу машинасының ПӘК-і неге тең? (25 %).

Бекіту сұрақтары:


1.Жылу қозғалтқышы деген не?Жылу қозғалтқыштардың түрлерін ата.
2.Жылу қозғалтқыштардағы энергияның түленуіне сипаттама бер.
3.Іштен жану қозғалтқыштың негізгі бөліктерін ата.
4.Қай процесті циклдік деп атаймыз?
5.Қай цикл тура, ал қай цикл кері деп аталады?
6.Жылу қозғалтқыштың жұмыс істеу принциптері қандай?
7.Карноның идеал машинасы деген не? Ол қалай жұмыс жасайды?
8.Карно циклі деген не?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет