#21
*!Бауырды макроскопиялық зерттеу кезінде ағзаның көлемі кішірейген, консистенциясы тығыз, беті тегіс емес майда түйінді. Кескен кезде бауыр паренхимасын дәнекер тіндік талшықтар бөліктерге бөлген.
Сіздің қорытындыңыз қандай?
#22
*!Босанғаннан кейінгі 4-ші күні босанған әйелде дене температурасы 39ос жоғарылап, қалтырау мен тахикардия 1 минут ішінде 100 соққыға дейін өсті. Тексеру кезінде жатырдың ауыруы мен көмескі қанды – іріңді бөліністер байқалды.
Сіздің қорытындыңыз қандай?
#23
*! 27 жастағы науқаста субфебрильді температура мен ентігу байқалды, рентгенограммада өкпеде майда ошақты көлеңкелер мен лимфа түйіндерінің симметриялы ұлғаюы анықталды. Жатыр мойнының лимфа түйінінің биопсиясында некроз және алып Пирогов-Лангханс жасушалары бар бірнеше эпителиоидты жасушалық гранулемалар табылды.
Сіздің қорытындыңыз қандай?
#24
*!Саңырауқұлақтармен уланғаннан кейін науқаста жедел бауыр жеткіліксіздігінің белгілері пайда болды, бауыр мөлшерінің біртіндеп төмендеуі байқалды.
Сіздің қорытындыңыз қандай?
#25
*!67 жастағы ер адам ауруханада тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде қайтыс болды. Аутопсияда оң өкпенің жоғарғы бөлігі күрт тығыздалған, плеврада фибринозды қоңыр қызыл жабынды анықталады.
Сіздің қорытындыңыз қандай?
#26
*! Кенеттен қайтыс болды деген күдікпен мәйітті ашқан кезде, жүректің коронарлық артериясының қуысында қан тамыр қуысын бітеп орналасқан, тромб анықталады. Сарапшы "ақ тромб" анықталған және гистологиялық зерттеуге жіберген.
Ақ тромб қандай компоненттерден тұрады?
#27
*!Алкогольді асыра пайдаланатын 60 жастағы ер адам бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері болған кезде мидың ишемиялық инфарктісінен қайтыс болды. Аутопсияда біріншілік бүріскен бүйрек және бауыр стеатозы анықталды.
Берілген мәйітте бауырдың қандай макроскопиялық өзгерістері бар деп ойлайсыз?
* бауырдың мөлшері азаяды, консистенциясы тығыз, беті тегіс емес, түсі сары-қоңыр.
* бауырдың мөлшері ұлғайған, консистенциясы қамырдай жұмсақ, беті тегіс, түсі сары-қоңыр.
* бауырдың мөлшері азаяды, консистенциясы тығыз, беті дөңес, түсі сары-жасыл.
* бауырдың мөлшері ұлғайған, консистенциясы тығыз серпімді, беті тегіс, түсі қою қоңыр.
* бауырдың мөлшері азаяды, консистенциясы жұмсақ, беті дөңес, түсі қою жасыл.
#28
*! Алкогольді асыра пайдаланатын 49 жастағы ер адам ауруханаға оң жақ қабырға астының ауырсыну туралы шағымдармен түсті. Бауыр биопсиясы жасалды. Майлы гепатоз диагнозы қойылды.
Диагнозды нақтылау үшін қандай бояумен бояу керек және гепатоциттерде қандай микроскопиялық өзгерістер кездеседі?
* Судан-3 бояуымен боялған кезде гепатоциттерде сары - қызғылт түсті майлы тамшылары көрінеді.
* гематоксилин мен эозинмен боялған кезде гепатоциттерде мөлдір вакуольдер көрінеді
* гематоксилин мен эозинмен боялған кезде гепатоциттерде қара көк тығыз массалар көрінеді
* гематоксилин мен эозинмен боялған кезде гепатоциттерде түйіршікті ақуыз массалары көрінеді
* гемотоксилин мен эозинмен боялған кезде гепатоциттерде қоңыр-қара түсті пигменттер көрінеді
#29
*! 5-жыл ішінде созылмалы гломерулонефритпен ауыратын 13 жастағы қыздың зәрінде 2% - ға дейін ақуыз және гиалин цилиндрлері анықталған. Бүйректі микроскопиялық зерттеу кезінде бүйрек түтікшелері эпителийінің гиалинді-тамшылы дистрофиясы анықталды.
Диагнозды нақтылау үшін қандай бояумен бояу керек және нефроциттерде қандай микроскопиялық өзгерістер кездеседі?
* гематоксилинмен және эозинмен боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде гликоген түйіршіктері көрінеді.
* гематоксилинмен және эозинмен боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде мөлдір вакуольдер көрінеді.
* Судан-3 боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде май тамшылары сары түске боялған
* гематоксилин мен эозинмен боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде түйіршікті ақуыз массалары көрінеді.
* гематоксилин мен эозинмен боялған кезде кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде қоңыр-қара түсті пигменттер көрінеді.
#30
*! Әйел 67 жаста, жатыр мойнының қынаптық бөлігінің шырышты ақшыл табақша тәрізді қалыңдау анықталады. Гистологиялық зерттеу кезінде жатыр мойны лейкоплакиясы анықталды. Жатыр мойнының шырышты қабығының эпителийінде микроскопиялық қандай өзгерістер кездеседі?
#31
*! Қант диабетімен ауыратын 38 жастағы әйелде пункциялық бауыр биопсиясы жасалды. Биоптатты микроскопиялық зерттеу кезінде гепатоциттердің майлы дистрофиясы анықталды.
Диагнозды нақтылау үшін қандай бояумен бояу керек және гепатоциттерде микроскопиялық қандай өзгерістер кездеседі?
* гематоксилин мен эозинмен боялған кезде гепатоциттерде Коусельман денелері көрінеді.
*гематоксилин мен эозинмен боялған кезде гепатоциттерде қара көк тығыз массалар көрінеді.
* гематоксилин мен эозинмен боялған кезде гепатоциттерде түйіршікті ақуыз массалары көрінеді.
* гематоксилин мен эозинмен боялған кезде гепатоциттерде қоңыр-қара пигмент көрінеді.
* Судан-3 боялған кезде гепатоциттерде қызғылт-сары түсті майлы вакуольдер көрінеді.
#32
*! Қант диабетімен ауыратын ер адамда гликозурия анықталды. Бүйректі микроскопиялық зерттеу кезінде паренхималық көмірсулар дистрофиясы анықталды.
Диагнозды нақтылау үшін қандай бояумен бояу керек және нефроциттерде қандай микроскопиялық өзгерістер кездеседі?
* кармин Бестамен боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде гликоген түйіршіктері көрінеді.
* гематоксилин мен эозинмен боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде мөлдір вакуольдер көрінеді.
* Судан 3 бояуымен боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде қызғылт сары түсті май тамшылары көрінеді
* гематоксилин мен эозинмен боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде түйіршікті ақуыз массалары көрінеді.
* гематоксилинмен және эозинмен боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде қоңыр-қара түсті пигмент көрінеді.
#33
*! Ер адам 25 жаста, мойын аймағының оқ жарақатынан, жаппай қан жоғалту және постгеморрагиялық шок нәтижесінде, жедел бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды. Микроскопиялық зерттеу кезінде бүйректің кортикальды некрозы анықталды.
Диагнозды нақтылау үшін қандай бояумен бояу керек және нефроциттерде қандай микроскопиялық өзгерістер кездеседі?
* кармин Бестамен боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде гликоген түйіршіктері көрінеді.
* гематоксилин мен эозинмен боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде мөлдір вакуольдер көрінеді.
* Судан 3 бояуымен боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде қызғылт сары түсті май тамшылары көрінеді
* гематоксилин мен эозинмен боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде түйіршікті ақуыз массалары көрінеді.
* * гематоксилин мен эозинмен боялған кезде проксимальды иілген түтікшелердің эпителийінде біртекті қызғылт массалар көрінеді-кариолиз және плазмолиз
#34
*! 47 жастағы ер адам ревматизмнің жүректік түрімен ауырған, ауру сол жақ атриовентрикулярлық саңылаудың стенозы мен митральді қақапақшаның жетіспеушілігімен асқынған. Науқастың өлімі жүрек жеткіліксіздігінің жоғарылауынан болды. Аутопсияда мускат бауыры анықталды.
Бауырда қандай макроскопиялық өзгерістер кездеседі?
* бауыр үлкейген, консистенциясы тығыз, шеттері дөңгеленген,беті шұбар түсті, қою қызыл және сұр-сары дақтары бар
* бауыр үлкейген, консистенциясы бос, беті тегіс, сарғыш түсті
* бауыр кішірейген, консистенциясы тығыз, беті бұдырлы, түсі сары-жасыл.
* бауыр үлкейген, консистенциясы тығыз серпімді, түсі сары-қоңыр болады.
* бауыр кішірейген, консистенциясы жұмсақ, беті кедір-бұдырлы, жасыл түсті
#35
*!Ер адам миокард инфарктісінен кейін созылмалы жүрек – қан тамырлары жеткіліксіздігінен қайтыс болады. Аутопсияда бауыр үлкейген, консистенциясы тығыз, шеттері дөңгеленген,беті шұбар түсті, қою қызыл және сұр-сары дақтары бар
Бауырда қандай микроскопиялық өзгерістер кездеседі?
*гепатоциттердің цитоплазмасында ерекше ақуыз фибриллаларынан тұратын гиалин тәрізді денелер анықталады.
* орталық вена тамырлар кеңейген, бауыр бөліктерінің ортасында эритроциттердің диапедезі, гепатоциттердің некрозы, атрофиясы анықталады.
* гепатоциттердің цитоплазмасында май тамшылары табылды.
* гепатоциттердің цитоплазмасында гидропикалық және баллондық дистрофия анықталды.
* портал жолдарының стромасының склерозы және лимфогистиоцитарлы инфильтрациясы.