ТӘуассул аллаһҚа белгілі бір нәрсе арқылы жақындау



бет3/6
Дата11.01.2017
өлшемі0,77 Mb.
#7170
1   2   3   4   5   6

5-Бөлім. Тәуассулдің шариғатпен заңдастырылған түрлері

Шариғи тұрғыдан заңды болған тәуассулдің бірнеше түрі, яғни, басқаша айтқанда, Аллаһқа жақындаудың бірнеше тәсілдері бар. Біз оларды заңдастырылған деп айтатынымыздың себебі – оларға Құранда, Сүннетте және сахабалардың түсінуінде нұсқалады. Қз.: «әт-Тәуассул» 29-30 беттер.



1. Аллаһқа Оның Көркем Есімдері және Ұлы Сипаттары арқылы жақындау.

Бұның рұқсат етілгендігіне Құран аяттары мен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистері дәлел болады.

Аллаһ былай деді: «Ең көркем Есімдер Аллаһқа тән. Сондықтан да, Оған солар арқылы жалбарыныңдар!» («әл-Әғраф» сүресі, 7: 180).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала Сүлеймен пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) дұғасы туралы былай деген:

Сонда (Сүлеймен) құмырсқаның сөзінен жымиып күлді де: «Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімді әрі Өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те, өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз!»,- деді” («ән-Нәмл» сүресі, 27:19).

Яғни бұл жерде Сүлеймен пайғамбар Аллаһқа Оның мархаметі арқылы жақындауға тырысты.

Ибн Мәс’уд Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Кімнің басына қайғы-уайым келсе, былай десін: «... Әрі мен Сенен Саған тән болған, Сен Өзіңді Өзің атаған, немесе жаратылыстарыңның біріне үйреткен, немесе Кітабыңда түсірген, немесе Өзіңнен басқаға құпия еткен барлық есімдеріңмен сұраймын: Құранды менің жүрегімнің көктемі ... ете гөр» адис сенімді (сахих); Ахмад 3712; әл-Хаким 1/509; Ибн Хиббан 2372 т.б. Қз.: «әс-Сахиха» 199).

Ибн ‘Аббас Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп дұға ететінін баяндаған: «Уа, Аллаһ! Мен сенің Құдіретіңе сиынамын, Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, Мені адастырма...» (хадис сенімді (сахих); Бухари 7383; Муслим 6899; Ахмад 2748).

Жоғарыда айтылғандардың барлығы өте қарапайым қорытындыға келіп ұштасады – адам Аллаһ Тағалаға жалбарынғысы келсе, әрі Аллаһ Тағала оның дұғасына жауап беруін қаласа, оған бар болғаны Аллаһқа сол жағдайға сәйкес келетін Есімі арқылы жалбарынуы керек.

Мысалы: «Уа, Аллаһ! Мені кешір, Сен – Кешірімдісің ғой! Уа Аллаһ! Мені сый-нығметтеріңе бөлей гөр, Сен – Жомарт әрі Сыйға Бөлеушісің!» - т.с.с.



  1. Аллаһқа өзіңнің игі істерің арқылы жақындау.

Бұл адамның Аллаһтан белгілі бір нәрселерді сұрау кезінде, дұғасының ішінде өзінің істеген игі істерін немесе белгілі күнәлі істі істемегенін айтуы арқылы іске асады.

Аллаһ былай деді: Сондай: «Раббымыз! Иман келтірдік, күнәмізді жарылқа да, От азабынан сақта», - дегендер(«Әли Имран» сүресі, 3: 16).

Ол тағы да былай деді: «Раббымыз! Біз түсіргеніңе иман келтіріп, Пайғамбарға ердік; енді бізді куә болушылармен бірге жаз» («Әли Имран» сүресі, 3: 53).

Сондай-ақ Ол: “Құлдарымнан кейбіреулері: «Раббымыз! Иман келтірдік, бізді жарылқа! Және бізге мәрхамет ет. Сен мәрхамет етушілердің ең жақсысысың», - дейтін еді” («Мүминун» сүресі, 23: 109).

Осы жерде үңгірде қамалып қалған үш адам туралы хадисті келтіруге болады. Олардың әрқайсысы өзінің істеген игі амалын атап айтып, Аллаһқа жалбарынды. Олардың біреуі өз дұғасында шынайы ықыласпен жалғыз Аллаһ үшін өз ата-анасына таңқаларлықтай құрмет көрсететінін айтты. Екіншісі өзінің дұғасында Аллаһтан қорыққандықтан зина жасаудан бас тартқанын атады. Ал үшіншісі өз қызметкеріне қандай жомарттық жасағанын тілге алды. Олардың дұғаларынан кейін Аллаһ Тағала үңгірді жауып тастаған үлкен тасты жылжытып, оларды қамауда қалудан құтқарды (хадис сенімді (сахих); Бухари 2215, 2272; Муслим 6949; Ахмад 5974, Ибн ‘Умардың сөздерінен).

Осыдан шыға келе, біздің кез-келгеніміз өз дұғасында, мысалы, былай деп айтуына болады: «Уа, Аллаһ! Мен Өзіңе үміт етіп, Сенің жолыңда көштім, ендеше мені көмексіз қалдыра көрме!», - немесе: «Уа, Аллаһ! Мен Сенің Елшіңді және оның сахабаларын шын жүректен жақсы көремін, соларға деген махаббатым үшін менің күнәларымды кешіре гөр!» - деп.



3. Аллаһқа тірі салиқалы адамның дұғасы арқылы жақындау.

Бұған көптеген хадистер мен асарлар дәлел болады.

Аяттардан Аллаһтың мына сөздерін келтіруге болады: “Ұлдары: «Әй, әкеміз! Біздің күнәларымыздың жарылқануын тіле! Расында, біз қателескен едік», - деді” («Юсуф» сүресі, 12: 97).

Ал хадистерден - бірде, қатты қуаңшылық болған кезде, бір бәдәуи Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жұма құтпасын оқып тұрғанда оған жақындап келіп, одан Аллаһқа жаңбыр сұрап жалбарынуын сұрағанын келтіруге болады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі қолын көтеріп, Аллаһтан жаңбыр тіледі, содан соң ол құтпаны аяқтап үлгермей-ақ оның сақалынан жаңбыр тамшылары аға бастады (хадис сенімді (сахих); Бухари 933; Муслим 897).

Әнас ибн Мәлик құрғақшылық орын алған кезде ‘Умар ибн әл-Хаттаб Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі ‘Аббас ибн ‘Абдулмутталибке барып, былай деп айтатынын баяндайтын: «Уа, Аллаһ! Бұрын біз Саған Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жақындайтынбыз әрі Сен бізге жаңбыр беретінсің, ал енді біз Саған Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі арқылы жақындап жатырмыз, бізге жаңбыр бере гөр!» Әрі жаңбыр шындығында да басталатын (хадис сенімді (сахих); Бухари 1010, 3710; Ибн Са’д «Табақатта» 4/28-29).

Бұл хадистің риуаяттарының бірінде ‘Умардың өтінішінен соң ‘Аббастың Аллаһтан жаңбыр сұрап жалбарынған дұғасының мәтіні келтіріледі. Бұл риуаятты біз қарсы тараптың күмәндарын қарау барысында атап өтеміз, ин ша Аллаһ.

Бұл хадистерде ауыр тұрмыстық жағдай қалыптасқан кезде адамдардың арасында ізгі-салиқалы кісі ретінде танылған біреуге барып, ол Аллаһтан осы жағдайдың жақсаруын тілеп дұға етуін сұрауға болатынына нұсқау бар.

4. Аллаһқа өзіңнің әлсіздігің мен шарасыздығыңды айту арқылы жақындау.

Аллаһ былай деді: “Мұса олардың малдарын суарды да, сосын көлеңкеге қайта келіп: «Раббым! Мен Сенің маған жіберетін кез-келген нығметіңе мұқтажбын», - деді” («әл-Қасас» сүресі, 28:24).

Ол сондай-ақ былай деді: Ал бір заманда ол Раббысына құпия дауыспен жалбарынған еді: «Раббым! Сүйегім қаусап, басым ағарған. Ал бұрын Саған жасаған дұғаларым арқылы, Раббым, мен бақытсыз емес едім. Шынында, мен жақындарымның менен кейін не істейтіндерінен қорқамын. Жұбайым бедеу ғой. Ендеше, маған Өз қасыңнан бір мұрагер бере гөр! Ол, маған да әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым, оны ризалығыңа бөле!»

Әй, Зәкария! Расында, сені бір ұлмен қуантамыз. Аты Яхия. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік” («Мәриям» сүресі, 19: 3-7).

5. Аллаһқа өз күнәң мен әділетсіздігіңді мойындау арқылы жақындау.

Аллаһ былай деді: Ол: «Раббым! Рас, өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!», - деді. Сондықтан Аллаһ оны жарылқады. Өйткені Ол – тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді. Ол: «Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді ешқашан күнәкарларға жәрдем етпеймін», - деді(«әл-Қасас» сүресі, 28: 16).

Ол сондай-ақ былай деп айтты: “Балық ішіндегі адамды (Юнысты) есіңе ал. Сол уақытта ашуланып кетіп қалды да, Біздің еш тарлық қылмауымызды ойлап, сонда қараңғылықтар ішінде (балықтың қарнында): «Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ. Сен Пәксің. Шын мәнінде, мен әділетсіздік жасаушылардан болдым», - деп жалбарынды. Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне, иман келтіргендерді сөйтіп құтқарамыз” («Әнбия» сүресі, 21: 87).

Сондай-ақ Ол: (Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мархамет етпесең, әлбетте, зиян шегушілерден боламыз», - деді(«әл-Әғраф» сүресі, 7: 23), - деді.

Міне, тәуассулдің осы түрлері Құран мен Сүннеттегі көптеген аят-хадистермен заңдастырылған. Ал сопылар мен солар сияқтылардың айтып жүргендеріне келсек, онда біз олардан өздерінің істеп жүрген тәуасулдарының шариғат тарапынан заңдастырылғанын дәлелдейтін дұрыс түсіндірмесі бар бір аят болса да, немесе сенімді әрі айқын мағыналы бір хадис болса да келтіруін талап етеміз. Бірақ олар оны қайдан алмақ?!

Шейх әл-Әлбани былай деген: “Бірақ таң қалдыратыны – олардың (шариғатта) заңдастырылған тәуассулден бет бұрып, тәжірибеде оларды өздерінің дұғаларында да, адамдарды үйретуде де қолданбайтыны, ал бұл тәуассул түрлерінің Құран мен Сүннетте негізі бар әрі үмметтің бірауызды келісімімен расталған ғой. Әрі сіз олардың осының орнына өздері ойдан шығарған дұғаларға және Аллаһ Тағала заңдастырмаған әрі ардақты Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолданбаған, әрі мұсылмандардың алғашқы ең жақсы үш ұрпақтарының ешқайсысы пайдаланғаны туралы хабар жеткізілмеген тәуассул түрлеріне ұмтылатынын көресіз. Тәуассулдің мұндай түрлері тұралы ең азы – «олар жайында келіспеушіліктер бар», - деуге болады. Әрі дәл осы жерде Аллаһ Тағаланың мына сөздерін еске салу нендей орынды: «Сонда сендер жақсырақ болған нәрсені жаманырақ нәрселермен ауыстыруды сұрайсыңдар ма?» («әл-Бақара» сүресі, 2:61)”. Қз.: «әт-Тәуассул» 46-бет.

Әрі олар шындығында да жақсы нәрсені жаман нәрсемен ауыстырғандардан болды. Өйткені тәуассулдің бұл түрлері пайдалы әрі нәтижелі болғандықтан шариғат тарапынан заңдастырылды ғой. Ал Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қақысымен жалбарынуға қатысты айтар болсақ, бұл ешқандай нәтиже бермейді.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Аллаһтан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немесе ізгі салиқалы адамдардың құрметімен немесе қақысымен сұрау өздігінше ешқандай оң нәтиже бермейді. Бірақ олардың бұл қақылары мен құрметі егер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), не ізгі-салиқалы адамның өзі осы адам үшін Аллаһқа дұға етіп жалбарынған жағдайда пайда әкелер еді. Ал егер адам Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі мен қақысы арқылы жалбарынса, бірақ Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы кезде ол үшін Аллаһқа дұға етіп және Аллаһтың алдында ол үшін шапағат жасап жатқан болмаса, сондай-ақ осы адамның өзі де Аллаһ оның дұғасына жауап беруіне себеп болатындай еш нәрсе істеп жатқан болмаса, онда оның дұғалары пайда мен нәтиже бермейді. Өйткені ол Аллаһтан бөгде, яғни өзіне қатысты болмаған нәрселер арқылы сұрап жатыр және Аллаһ Тағала оған жауап беретіндей себептерді жасап жатқан жоқ». Қз.: «Қа’ида жәлилә» 304-305 тармақтар.



6-Бөлім. Қарсы жақтың кейбір күмәндары және оларға сопылардың кітаптарында орын алған қасиетті мәтіндерді бұрмалау фактілеріне нұсқай отырып жауап беру

Бұл бөлімде біз, Аллаһтың рұқсатымен, сопылар өздерінің ұстанымын дәлелдеу үшін таратып жүрген негізгі күмәндарын келтіреміз де, соңынан әрбір осындай күмәнға олар тозаң сияқты жойылып кететіндей етіп жан-жақты жауап береміз.

Алайда осы тарауда біз олардың күмәндарын ғана келтіріп қоймай, олардың кітаптарынан алынған олардың өз ұстанымын дәлелдеу үшін еш нәрседен жиіркенбейтінін дәлелдейтін кейбір үзінділерді де келтіріп кетеміз. Олар өтірікке де, сөздердің орнын қасақана ауыстыруға да, шариғи мәтіндерді бұрмалауға да жүгіне береді. Олар мұны өздерінің жалған ұстанымдарын өтірік-шынды араластырып болса да барынша дәлелдеп шығу үшін істейді.

Әрине, біз бұл шағын тарауды олардың кітаптарын толық теріске шығаруға арнамаймыз, бірақ олардан алынған оқырманды таң қалдыратын кейбір үзінділермен ғана шектелеміз.

Өздерінің жалған идеяларын жайып тарату үшін олар көптеген әдебиеттер басып шығарды, біз олардың ішінен тек екі кітаппен ғана шектелеміз:

1. «Тавассул – мольба через посредничество в Исламе» (автор атын белгісіз қалдырыпты, мұнын себебін құрметті оқырман таяу арада түсінеді. Алайда басып шығаруға деген жауапкершілікті өзіне Уалиулла Яғқуб деген кісі алған. Кітап Қазан қаласындағы «Иман» баспасында 1424 х/ж (2003 ж.) жарық көріпті.

2. «Истинное лицо ваххабизма» (авторы Наджмуддин Шейхмардани, Қазан, 2007 ж.).

Мынау – олардың дәйектері және оларға берілетін жауаптар:

1 дәйек.

Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және әулиелердің құрметі мен қақысы арқылы жалбарынудың шариғат тарапынан рұқсат етілгендігін және заңдастырылғанын бекіту үшін олар өздерінің бірінші дәлелін келтіреді:

Әнас ибн Мәлик қатты қуаңшылық орын алған кезде ‘Умар ибн әл-Хаттаб Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі ‘Аббас ибн ‘Абдулмутталибке барып былай дейтінін баяндаған: «Уа, Аллаһ! Бұрын біз Саған Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жақындайтынбыз, әрі Сен бізге жаңбыр беретінсің, ал қазір біз Саған Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі арқылы жақындап жатырмыз, ендеше, бізге жаңбыр бере гөр!» Әрі жаңбыр шынында да басталатын (хадис сенімді (сахих); Бухари; Ибн Са’д «Табакатта» 4/28-29).

Осы хадисті келтіре отырып, қарсылас тарап ‘Умар Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметімен немесе қақысы арқылы, ал содан соң Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі - ‘Аббастың құрметі мен қақысы арқылы жалбарынды деп айтады. Олар мұны ‘Умардың: “«Уа, Аллаһ! Бұрын біз Саған Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жақындайтынбыз», - деп айтқан сөздерінен, сондай-ақ оның «Саған Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі арқылы жақындап жатырмыз» деген сөздерінен көріп тұр. Олар: «Арқылы» деген сөз «оның құрметі арқылы» дегенді білдіреді”, - дейді.



Жауап:

Бұл тұжырымға жауап беру үшін бір жайтты түсіну қажет: екі тарап та «арқылы» деген сөздің астарында ашып айтылмай кеткен бір нәрсе меңзеліп тұрғанына келіседі.

1. Қарсылас жақ «арқылы» деген сөздің астарында «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және ‘Аббастың құрметі мен қақысы арқылы» дегенді алға тартады.

2. Ал біз бұл жерде «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) біз үшін жасаған дұғасы арқылы, ал содан соң «‘Аббастың біз үшін жасаған дұғасы арқылы» деген меңзеледі деп айтамыз.

«Арқылы» деген сөзбен «дұғасы арқылы» деген меңзелетіні туралы көптеген ханафи имамдарының кітаптарында айтылған. Олардың арасында имам Ибн Абил-‘Изз («Шарх Тахауия» 2631-бет), имам Махмуд әл-Әлюси («Рух әл-Мә’ани» 6/126-1272), имам Шукри әл-Әлюси («Ғаят ул-Әмани» 2/335), Шах Уалиуллаһ әд-Дахләуи («әл-Будур әл-Бәзиға» 204-бет (бұған Финжифири «әл-Бәсаирде» (17-бет) нұсқағандай) т.б. бар. Бұдан қалса, дәлелдердің қысымымен мұны сопы тариқаттарының көптеген өкілдері де мойындаған, мысалы, Мухаммад Әнуар әл-Кашмири (дьюбандия тариқаты). Қз.: «Фәайдул-Бәри» 2/379.

‘Умар нені меңзегенін білу үшін, бізге сахабалардың Аллаһқа қалай Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жақындағанын түсіндіретін хадистерге оралу жеткілікті болады.

Қарсылас тараптың сөздеріне сүйенсек, сахабалардың әрқайсысы өз үйінде жабылып алып, Аллаһтан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Оның алдындағы қақысы арқылы сұрағаны келіп шығады. Бірақ іс жүзінде, бұл өтірік, өйткені бұл туралы сахабалардан бірде-бір хабар жетпеген. Бірақ оның есесіне хадис жинақтары бізге сахабалардың Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде оған барып, ол Аллаһтан жаңбыр тілеуін сұрағанын, содан соң Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі қолын көтеріп, Аллаһқа дұға еткенін хабарлайды.

Әнас ибн Мәлик былай деп баяндайтын: “Бірде, жұма күні, бір адам мешітке оның «әл-қада»7 атты ғимарат жағында орналасқан есігінен кіріп келді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол кезде мінберде құтпа оқып тұрған болатын. Бұл адам Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұрылды да: «Уа, Аллаһтың Елшісі! (Құрғақшылықтан) мал-мүлік құрып, жолдар жабылды, Аллаһқа дұға етіңізші, Ол бізге жаңбыр берсін!», - деді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі қолын көтеріп: «Уа, Аллаһ! Бізге жаңбыр жіберші!», - деді, әрі бұны үш рет қайталады...” (хадис сенімді (сахих); Бухари 933; Муслим 897).

Бұл хадистен көрініп тұрғандай, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамға: «Сен өз үйіңде отырып-ақ Аллаһтан менің құрметім мен қақым арқылы сұрай берсең болар еді», - деген жоқ.

‘Аиша былай баяндайтын: “Бірде адамдар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрғақшылықты айтып, мұңын шақты. Сонда ол мінберін (айт намаздары өткізілетін) арнайы алаңға шығаруды бұйырды да, адамдар осы жерге жиналуға тиіс уақытты белгіледі. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күн көтерілген бойдан (халық алдына) шығып, мінберге отырды да: «Сендер маған құрғақшылық пен жаңбырдың жоқтығын айтып, шағымдандыңдар. Сендердің Раббыларың Оған дұға етіп жалбарынуларыңды бұйырды әрі сендерге жауап беретінін уәде етті». Әрі қарай хадис бойынша Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтан жаңбыр сұрап дұға еткені және адамдармен бірге намаз оқығаны, содан кейін сел түсуіне дейін алып барған нөсер жаңбырдың жауғаны туралы айтылады (хадис жақсы (хасан); Абу Дауд 1173).

Әрі осындай хадистер аз емес. Бұл хадистер ‘Умардың «Бұрын біз Саған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жақындайтынбыз әрі Сен бізге жаңбыр беретінсін» деген сөздерінің түсіндірмесі болып табылады. Әрбір әділ жүрекке ие адам сахабалардың Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасы арқылы жақындауға ұмтылатынына келіседі. Сондай-ақ ол сахабалардан ешкімге өз үйінде отырып алып, Аллаһтан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі арқылы жаңбыр сұрау ойына да кіріп шықпағанын да мойындайды.

3. Не үшін ‘Умар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғаннан кейін ‘Аббасқа барды? Ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне барып Аллаһтан Оның Пайғамбарының (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі арқылы сұрай алмады ма? Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі оның тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де бірдей ұлы емес пе?

Бұған жауап - ‘Умар да, басқа сахабалар да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тек тірі кезінде олар үшін Аллаһқа дұға ете алатынын, сондықтан да ол қайтыс болған соң оның қабіріне барып, одан Аллаһқа жаңбыр тілеп дұға етуін сұраудың қисынсыз екенін білді. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қабірінде тірі болса да, оның қабірдегі өмірі біздің өміріміздей емес. Біз оның қандай сипатта өтіп жатқанын білмейміз. Сондықтан да сахабалардан ешкім Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне бармайтын және оған өзінің проблемаларын түсіндірмейтін, онымен өзінің істері жайында кеңес жасамайтын. Сахабалар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған соң даулы мәселелер мен келіспеушіліктерін шешу үшін оның қабірінің басына бармайтын.

Ал Пайғамбардың өзіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, ол қазір жер бетінде не болып жатқанын білмейді, бұған келесі хадис дәлел болады:

Абу Са’ид әл-Худри Қиямет күні адамдар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) су айдынына келетінін, бірақ періштелер олардың көбісін оған жақындатпайтынын баяндап берген. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің таң қалғанын білдіреді. Сол кезде періштелер оған: «Олар сенен кейін не енгізгенін білмейсің ғой», - дейді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтады: “Сол кезде мен салиқалы құл (яғни Иса ибн Мәриям) айтқанды айтамын: «Мен олардың арасында болған кезімде олар жайында куәгер едім, ал Сен мені көз жұмдырғанда, оларға Өзің бақылау жасадың». Сол кезде маған: «Сен олардан кеткелі бері олар сенің дініңнен бұрылуын тоқтатпады», - деп айтылады” (хадис сенімді (сахих); Бухари 5/191; Муслим 4/2194).

Сондықтан да ‘Умар: «Бұрын біз Саған Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жалбарынатынбыз..., ал қазір біз Саған Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі арқылы жалбарынамыз...», - деп айтты.

Егер осы хабарды олардың түсінігімен және ‘Умар Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі мен қақысы арқылы жалбарынды деп түсінетін болсақ, онда не үшін ол Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғаннан кейін ‘Аббасқа барды? ‘Умардың Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі мен қақысы арқылы жақындауына кедергі болатын еш нәрсе жоқ еді емес пе? Өйткені Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі оның қайтыс болуымен жойылмайды ғой. Ал, ендеше, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған соң ‘Умар ‘Аббасқа баратындай не жойылды? Жойылған нәрсе сол - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) енді тірі ‘Аббастан айырықша Аллаһтан дұға етіп сұрай алмайтын еді.

4. ‘Умардың «Бұрын біз Саған Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жалбарынатынбыз..., ал қазір біз Саған Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі арқылы жалбарынамыз...» деген сөздерінде екі тәуассулдің екеуі де бір үлгіде орындалғанына нұсқау бар. Жоғарыда біз Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде адамдар тәуассулді оның дұғасы арқылы жасайтынын түсіндірген едік, бұл ‘Аббастың тұсында да адамдар тәуассулді тура солай, яғни дұға арқылы, бірақ енді ‘Аббастың дұғасы арқылы жасағанын білдіреді.

Мұны хафиз Ибн Хәжардың мына сөздері растайды: “Әз-Зубайр ибн Баккар «әл-Ансаб» кітабында осы уақиға орын алған кезде ‘Аббас өзінің дұғасында дәл не деп айтқанын жеткізген. Жеткізушілер тізбегіне сілтеме жасап, ол ‘Аббастың жаңбыр сұрап дұға еткенде былай деп айтқанын хабарлаған: «Уа, Аллаһ! Ақиқатында, қайғы-қасіреттер тек күнәлардың себебінен болады, әрі олардан тек тәубе ету арқылы ғана құтылуға болады. Адамдар мені мен Сенің Пайғамбарыңның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арасындағы туысқандық болғандықтан, Саған мен арқылы жалбарынып жатыр. Міне, енді біз тәубе етіп, Саған күнәлі қолдарымызды және маңдайларымызды көтере созып тұрмыз. Бізге жаңбыр жіберші!». Осы кезде аспанды таудай-таудай болған бұлттар қаптап, жаңбыр жауып кетті де, жерді суға қандырып, адамдардың тіршілігін қайта оңалтты”. Бұл риуаят сахих, мұны шейх әл-Әлбани және басқа да мухаддистер растаған.

Бұл риуаят істің ‘Умар: «... ал қазір біз Саған Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі арқылы жақындап жатырмыз, бізге жаңбыр бере гөрші!», - деп айтуымен бітпегеніне, бірақ осыдан соң ‘Аббастың өзі де дұға еткеніне айқын нұсқап тұр.

5. Ал сопылар «Неліктен ‘Умар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі ол қайтыс болғаннан кейін де сақталып қалатынына қарамастан оның құрметімен жасалатын тәуссулді ‘Аббастың құрметіне алмастырды?» деген бұл сұраққа басқаша жауап беруге тырысты. Олар келесідей жорамал-пайымдар ұсынды:

Бірінші: ’Умар мұны адамдарға осының рұқсат етілгендігін түсіндіру үшін істеді. Осымен ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі арқылы дұға жасауды қалдырып, дәрежесі одан төмендеу болған адамның құрметімен дұға етуге болатынын көрсеткісі келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет