3-Бөлім. «Тәуассул» терминін сопылық тұрғыдан түсінудің кесірлі салдары
1. Аллаһ Тағала Өзінің құлдарына олар сырттан кімнен болсын көмек күтпеу керек екенін үзілді-кесілді әрі мәңгіге ұғып алуды үйретеді. Өзгелердің еңбегіне де, игі амалдарына да көз салудың қажеті жоқ. Аллаһ Тағала әрбір адам өзі игі амалдар жасауын және харамнан тыйылуын қалайды. Осы идеологияны Өз құлдарының жүректерінде бекітіп, Аллаһ Тағала былай дейді: «Әркім істеген ісінің кепілдігінде ұсталады» («әл-Мүддәссир» сүресі, 74: 38).
Ол сондай-ақ былай деп айтты: «Міне, солар бір үммет еді, өтіп кетті. Олардың еңбектері өздеріне, сендердің еңбектерің өздеріңе, сендер олардың істегендерінен сұралмайсыңдар» («әл-Бақара» сүресі, 2: 134).
Ал сопыларға келер болсақ, олардың қиясы оларды көптеген игі амалдарды қалдырып, жылына бір-екі рет тірі не қайтыс болған әулиеге барып, одан өзі үшін Аллаһтың алдында шапағат етуін сұрау арқылы бүкіл проблемаларды шешуге болады деген үмітпен көптеген жаман істерді жасауға алып келді. Кезінде осы қияс христиандарды да тура осыған алып келген болатын.
Оқырман түсінгендей, бүкіл әлемнің күнәларға батып, игі істер не екенін ұмытуына алып келген де – дәл осы олардың идеологиясы болды. Әрине, Аллаһ рахымына бөленгендерден басқа. Дәл осы идеология христиандардың екі топқа – діндарлар мен дүние адамдары болып бөлінуіне де себеп болды. Басқаша айтқанда, дүние адамдары білгенін істеп жүре береді, ал діндарлар дүние адамдарының ақшасына олар үшін Құдайдың алдында шапағат етеді. Енді тура сол нәрсе мұсылмандарда да орын алуда. Мешітте намаз оқитын, рамазан айында ораза ұстайтын, қажылыққа баратын, басқа да діни әмірлерді орындайтын имам отырады. Осынысымен ол жылына не айына, не аптасына бір рет, не жаман түс көргенде, не басына бір ауыртпалық түскенде мешітке садақа алып келіп Құран оқытсаң, молда күнәларыңның кешірілуін сұрап береді деп есептейтін қаланың (ауылдың) күнәһарлары үшін бейнеттенеді5. Басқа сөзбен айтқанда, бұл идеология Аллаһ Тағала адамдар үшін басшылық ретінде түсірген діннің басым бөлігінің күшінің жойылуына және амалға асырылмауына жетелейді. Ал біздің «діни қайраткерлерімізге» келсек, бұл оларға өте тиімді-ақ. Бірінші санаттағыларға дүние адамдарына келер болсақ, онда олар осы идеологияға салып, көрмес көзге ұрлық та, басқа да қылмыстарды, ал жария түрде елді арақ-шарапқа молынан батыру, ақша мен байлық, қызық пен ләззат қуып сенделіс өмір сүру сияқты дінде айыпталатын, ал ел ішінде орынды болып қалған әдеттерді істей береді. Олар мұны ешбір кедергісіз қысылмай жасай береді, өйткені оларға мұны түсіндіретін молда жоқ, ал «айыпты істі айыптау» деген нәрсе іс жүзінде қалды. Сөйтіп олар өздерінің істеп жүргендерін нағыз дін осы деп сеніп кетті, әрі осы, яғни Исламның парыздарын орындамай-ақ, мешітке барып, не үйге молда шақырып, Құран оқыта салып күналардан құтыла салуға және мол сауапқа бөлене түсуге болады деген жалған сенімде бірнеше ұрпақтар өсті, сол ұрпақтардан осы кесірлі салтты күнкөріс көзіне айналдырып алған молдалар шықты. Ал егер мұсылмандардың арасында айыпталатын нәрсені айыптайтын және жақсылыққа шақыратын біреу-міреу пайда болса, «діни қайраткерлер» ондай адамға «өзгелерге «тыныш өмір сүруге» кедергі жасайтын фундаменталист, экстремист, уахабист» деген затбелгісін тағып, елге жексұрын көрсетуге бар күш-жігерін салады. Ал екінші санаттағыларға, яғни дінді кәсіп пен табыс көзіне айналдырып алған «дін қызметкерлеріне» келер болсақ, олар осындай идеология арқылы өздеріне өмірлік ас дорбасын, яғни мол табыс көзін қамтамасыз етіп алды, әрі халық діни тұрғыдан жаппай сауатсыз бола берген сайын, олардың да табыс көзі молая береді.
Алайда уақыт өткен сайын адамдардың діннен алыстайтыны соншалықты – оларды Аллаһ алдындағы халдері қандай болатыны тіпті ойландырмайды да. Ал мұндай адамдар молдаларға жүгінуден де, ақша беріп Құран оқытудан да алыстап кетеді. Сондықтан да «діни қайраткерлеріміз» мәуліт сияқты Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ойламаған, сахабалар мен төрт имамның ешқайсысы тойламаған жыл сайын өтетін діндегі негізі жоқ жиындар өткізіп тұруға «мәжбүр болады». Сосын тағы бір айта кететін жайт: бұл «қайраткерлерді» халыққа үйреншікті болып кеткен «жетісі», «қырқы», «асы» деген жиындарды айтпағанның өзінде, қайтыс болған адамның туған күні, өлген күні, жамбасы жерге тиген күні, операциядан қайтыс болған адам болса, оның «пышаққа түсіп, қарны жарылған күні» сияқты жиындарға, немесе біреулер: «Қайтыс болған апамыздың киімдерін таратып, Құран оқытайық», - деп, Құран оқып беруге шақырса, олар мұндай жиындарға жай барып қана қоймай, осыны шариғат атынан заңды етіп беретінін естіген кезде, осы айтылғанның барлығына көзің жетеді.
Оқырмандарымыз бұл кітаптың не үшін ресми баспаға шықпайтынын енді түсінген шығар.
Аллаһ былай деді: «Сондай Аллаһ түсірген Кітаптан жасырып, оны аз ақшаға (дүниеге) айырбастағандар, солар қарындарына отты ғана жейді (қарындарын отпен толтырады). Қиямет күні Аллаһ оларға тіл қатпайды да, оларды ақтамайды және оларға күйзелтуші азап бар. Олар – адасуды туралықтың орнына, азапты жарылқаудың орнына ауыстырып алғандар. Сонда олар Тозаққа қалай шыдайды?» («әл-Бақара» сүресі, 2: 174-175).
2. «Тәуассул» терминін бұрыс түсіну сондай-ақ біріншіден де қорқыныштырақ болған нәрселерге әкеп соқтырады. Ол айқын, үлкен көпқұдайшылыққа соқтырады. Бұл төмендегідей орын алады.
4-Бөлім. «Шариғатпен заңдастырылмаған (бидғи) тәуассул – даулы көпқұдайшылық – айқын көпқұдайшылық» тізбегіне түсіндірме жасау
Бұл сопы:
1. Өзін күнәһар деп әрі осындай күнәһарлар Аллаһқа тікелей кешірім сұрап жалбарынуға лайықты емес деп шешіп, Аллаһтың алдында бедел мен құрметке ие болған біреулерді іздей бастайды. Іздену барысында ол Аллаһтың Муса пайғамбар туралы айтқан мына сөздерін тауып алады: «Ол Аллаһтың қасында беделді еді» («Ахзап» сүресі, 33: 69).
Сондай-ақ Иса пайғамбар туралы Аллаһ былай дейді: «Ол дүние және ақыретте беделді, сондай-ақ Аллаһқа жақындардан болады» («Әли Имран» сүресі, 3: 45).
Аллаһ тағы да былай деп айтқан: «Расында, Аллаһтың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды. Олар иман келтіріп, тақуа болғандар» («Юнус» сүресі, 10: 62-63).
Сондай-ақ ол, әрине, мұсылмандардың барлығы Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрмет-беделі ең ұлы екеніне, әрі Аллаһтың алдында Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметтірек болған өзге бірде-бір жаратылыс жоқ екеніне әрі оны шапағатынан артық шапағат жоқ екеніне бірауызды келіскенін біледі. Қз.: «Қа’ида жәлилә» 9-тармақ.
Мухаммад Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сондай-ақ басқа пайғамбарлар, әрі періштелер мен адамдардан болған салиқалы ізгілер Аллаһқа сүйікті және Оның алдында көбірек құрметке ие екенін түсініп, ол көпқұдайшылыққа қарай алғашқы қадамын жасайды. Ол тәуассулдің шариғатта заңдастырылмаған түрін (тәуассул бид’ий) жасай бастайды, яғни Аллаһтан пайғамбарлардың құрметі мен олардың құқықтарын ортаға қойып: «Уа, Аллаһ! Мен Сенен пәленнің атымен сұраймын», - немесе, - «Мен Сенен Қағбаның құрметімен сұраймын», - деп, немесе басқа да сол сияқты сөздерді айтып сұрайды.
Алғаш қарағанда бұда қорқынышты еш нәрсе жоқ сияқты болып көрінеді. Бірақ шын мәнісінде, осы саты мен осы қадам біздің оларға алдыртқызып қоюға хақымыз жоқ болған қамалдардың бірі болып табылады. Не үшін?
1. Шариғатта заңдастырылмаған мұндай тәуассул адамның өз амалдары мен ынтасы оншалықты маңызды емес деген ойлардың алғашқы көрінісі болады. Бұл оның: «Менің өзім күнәһар болсам да, және Аллаһ маған разы емес болса да, өзгелердің еңбегі мен құрметін пайдалану маған пайда келтіреді, әрі оларды пайдалану мен үшін жақсырақ әрі жеңілірек болады», - деген алғашқы ойлары.
2. Бұда жаратылыстардан болған біреудің Аллаһта ерекше бір қақысы бар және Аллаһ оларға бір нәрселермен міндетті дегенді тұспалдау бар. Бұл сопы: «Уа, Аллаһ! Мен Сенен Сенің Пайғамбарыңның Сендегі қақысымен сұраймын!», - деп, Аллаһ Тағаланың Өзіне ультиматум қойып тұрғандай. Ал бұл «Егер Сен маған сұрағанымды бермесең, демек, Сен Өзіңнің Пайғамбарыңа әділетсізсің әрі оның қақысымен санаспайсың!» дегенді білдіреді.
Дәл сондықтан да Ислам ғалымдары мұндай тәуассулдің рұқсат етілгендігін кері қайтарды.
Имам Абу Ханифа былай деген: «Аллаһтан Оның Өзінен өзге біреу арқылы сұрауға рұқсат етілмейді. Рұқсат етілген және бұйырылған дұға Аллаһ Тағаланың мына сөздерінен бастау алады: «Аллаһқа ең көркем Есімдер тән, сондықтан Оған солар арқылы жалбарыныңдар» («әл-Әғраф» сүресі 7: 180)». Қз.: «Әд-Дурр әл-Мухтар» 2/630, сондай-ақ «әл-Фәтауа Татархания».
Ханафи мәзһабының атақты имамы әл-Кудури былай деген: “Бишр ибн әл-Уалид оған Абу Йусуфтың имам Абу Ханифа былай дегенін жеткізген: «Аллаһтан Оның Өзінен өзге біреу арқылы сұрауға ешкімге рұқсат етілмейді. Әрі мен: «Мен Сенен Аршыңның құрметімен, - немесе, - пәленнің қақысымен сұраймын», - деп айтуға рұқсат етпеймін». Әрі бұл Абу Йусуфтың 6 да пікірі”. Қз.: «әл-Фәтауа әл-Хиндия» 5/280.
Әл-Кудури сондай-ақ былай деген: «Аллаһтан Оның жаратылыстарын ортаға қойып сұрау тыйым салынған, өйткені жаралыстардың Жаратушыда ешқандай қақысы жоқ. Сондықтан да бұл бірауызды рұқсат етілмейді». Қз.: «Шарх ул-Курхи», «Құпталмайтын амалдар туралы» тарау.
Ендеше, не болып жатыр? Қалайша сопылық ағымның өкілдері имам Абу Ханифаға да, оның мәзһабының барлық ғалымдарына да, сондай-ақ Құранның барлық муфассирлеріне де қарсы келді?! Оларды мәзһабқа соқыр түрде ілесуінен жер бетінде жылжыта алатын ешкім жоқ сияқты болып көрінгенде діннің негіздеріне қатысты болған осы мәселеде ханафи мәзһабынан бас тартуға және оған опасыздық жасауға не мәжбүрледі екен? Оларды осыған итермелеген нәрсе де ұлы болуға тиіс сияқты!
Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген екен: «Бұл - надан адамдардың: «Егер адам Аллаһқа құлшылық жасаса, сонысымен оның Аллаһта қандай да бір қақылары болады», - деп пайымдайтыны себепті, (яғни) тура жаратылыстардың арасындағыдай. Мысалы, өз әмірлеріне қызмет ететіндер оларға пайда келтіреді және олардан зиянды қайтарады, және осынысымен өздерін сый немесе өтемақы алуға қақылы деп ойлайды. Сондықтан да егер әмір оларға қатысты дөрекілік немесе немқұрайдылық танытса, олар: «Мен сіз үшін осындай және осындай нәрселер жасаған жоқпын ба?», - деп сұрайды. Осынысымен олар әмірге істеген ісін не сөзбен айтып, не жүрегінде сақтап міндетісінеді (жазғырады). Тура сол сияқты, Аллаһқа құлшылық ететіндер де өздерінің надандығы мен әділетсіздігінен Аллаһ оларға бір нәрселермен міндетті деп санай бастайды. Сондықтан да Аллаһ Тағала адамның істеген ісінің пайдасы оның өзіне оралатынын, ал Аллаһ Тағала жаратылыстарға мұқтаж еместігін түсіндіріп берді. Аллаһ былай деді: «Егер жақсылық істесеңдер - өздерің үшін. Ал жамандық істесеңдер - өздеріңе зиян» («әл-Исра» сүресі, 17:7).
Ол сондай-ақ былай деді: «Кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе де өзіне тән. Раббың құлдарына зұлымдық істеуші емес» («әл-Фуссыләт» сүресі, 41:46).
Ол тағы да былай деп айтты: «Кім шүкірлік қылса, әрине, шүкірлігі өзі үшін игілік. Ал кім нәшүкірлік етсе, Раббым Бай (оның шүкірлігіне мұқтаж емес) және өте Жомарт» («ән-Нәмл» сүресі, 27: 40).
Сондай-ақ (Ол): “Олар саған мұсылман болғандарын міндетсініп бұлданады. Оларға: «Мұсылман болғандарыңды маған міндетсінбеңдер. Негізінде, сендерді иманға келтірген Аллаһ, егер сендер шындықты айтып тұрған болсаңдар», - де» («әл-Хужурат» сүресі, 49: 17), - деді.
Сондықтан да Жаратушы мен жаратылыстардың арасында айырмашылықтар көп, ал мұны білімнен аз болса да үлеске ие адам ғана түсінеді.
Осы (білімнен) – Ұлы Раббының Өздігінен ешкімге, еш нәрсеге және ешқалай мұқтаж еместігі, ал әмірлерге келер болсақ, олар, қалай болғанда да, өзгелерге мұқтаж.
Осыдан сондай-ақ Ұлы Раббының Өз құлдарына оларға пайдалы болған нәрселерді бұйырғаны және оларға зиянды нәрселерді тыйым салғаны. Бұл туралы Қатада былай дегендей: «Ақиқатында, Аллаһ Өзінің бұйырған нәрселерін осыған мұқтаж болуы себепті бұйырмады, әрі тыйым салған нәрселерін де оларға қатысты сараңдық жасағаны үшін тыйым салмады, бірақ олардың өздеріне пайда келтіретін нәрселерді бұйырды және олардың өздеріне зиян келтіретін нәрселерді оларға тыйым салды. Әрі бұл өздері мұқтаж нәрселерді бұйыратын және өздері осыған сараңдық танытатын нәрселерді тыйым салатын жаратылыстардан айырықша».
Сондықтан да егер біреу жаратылғанның Аллаһта қақысы бар десе, онда ол егер Аллаһтың Өзі хабарлаған қақыны меңзеп тұрған болса - дұрыс айтқан болады, өйткені Аллаһ шыншыл әрі Өзінің уәдесін бұзбайды. Ол Өзінің даналығымен, жомарттығымен және рахымымен Өзін-Өзі (белгілі) міндетемелермен міндеттеді. Сондықтан да егер қандай да бір қақыға ие болған біреу Аллаһтан жауап алатындай себептер арқылы, мысалы, өзінің игі істері арқылы сұраса, онда Аллаһ оған жауап береді. Ал егер Аллаһтан осы істер арқылы оларға ие болмаған (яғни оларды істемеген) біреу сұраса, онда ол Аллаһтан басқа адамдардың қақыларымен сұраған болады. Бұл Аллаһтан басқа адамдардың құрметі арқылы сұрайтын адамның мысалында көрінеді. Міне, осындай сұраныс-тілек сұраушыға пайда әкелмейді, өйткені ол Аллаһтан өзінің емес, өзгелердің қақылары арқылы сұрайды». Қз.: «Қа’ида жәлилә», 322-339-тармақтар (аздап қысқартылған).
Тәуассулдің бұл түрін Ислам ғалымдарының басым бөлігі шариғатта заңдастырылмаған бидғат деп атаған. Бірақ ол көпқұдайшылықтың деңгейіне дейін жетпейді.
Бұл адам жеткен деңгейінде тоқтап, келесі сатыға көшпегенде, мұның барлығы соншалықты қорқынышты болмас еді, алайда:
2. Біздің сопы уақыт өте келе күнәларына күнә қосылып, олардың көбейіп жатқанын ұғынады. Осыдан шыға келе, ол өзінің «Мен неліктен егер Аллаһ Тағаладан Оның Пайғамбарының қақысымен сұрасам, Ол маған жауап беретініне соншалықты сенімді боламын?» деген күмәндарында одан сайын бекемдей береді. Өз күмәндарының шырмауында қалған ол ендігі жерде келесі хадистерді жолықтырады:
Ибн ‘Умар былай деп баяндаған: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Бадр шайқасынан кейін көпқұдайшылдардың көсемдерінің мәйіттерінің үстіне тұрып: «Раббыларың сендерге ақиқат деп уәде еткен нәрсені таптыңдар ма?», - деді. Кейін ол: «Дәл қазір олар менің айтқандарымды естіп жатыр», - деді” (хадис сенімді (сахих); Бухари 7/242; Нәсаи 1/693; Ахмад 2/31).
Сондай-ақ Бара ибн ‘Азиб Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Ақиқатында, қайтыс болған адамды оның қабіріне қойған кезде, әрі одан оның достары кетіп бара жатқанда, ол олардың аяқ киімдерінің дүрсілін естиді » (хадис сенімді (сахих); Ахмад 4/297; Абу Дауд 4753).
Осы хадистерден «Егер қайтыс болған адамдардың қабірлерінің басына келіп сөйлесең, олар естиді» деген қате қорытынды шығарып, ол: «Ендеше, неліктен маған осы әулиенің өзіне ол мен үшін Аллаһ Тағаланың алдында жеке шапағат етуін сұрамасқа?!», - деген тұжырым шығарып, «әулиенің» қабіріне барып: «Уа, пәлен! Мен үшін Аллаһ Тағаладан тілеші, Ол мені кешіруін сұрашы», - деп әруаққа жалбарынады.
Бұл іс-әрекет шариғатта заңдастырылмаған тәуассулмен салыстырғанда едәуір ауыр болып табылады.
Бұл қадам адамды Исламнан шығаратынына қатысты ғалымдардың арасында келіспеушілік болса да, ол Исламнан шығаратын көпқұдайшылық болып табылады. Бұған бірнеше себептер бар:
1. Адам «әулиенің» қабіріне ол оны түсінетініне, оның жағдайына кіретініне, оған жанашырлықпен және кешірімділікпен қарайтынына толық сенген түрде барады. Осы жерде ол осы «әулиені» Аллаһ Тағаладан да мейірімді әрі жанашыр етеді. Өйткені егер ол Аллаһты ең Мейірімді, ең Жарылқаушы деп санағанда, оған осы қабірге келу қажет болмас еді. Мұндай логика ешбір күмәнсіз күпірлік болып табылады.
Біздің оқырман бауырымыз, осыны түсінгеннен кейін, сіз Аллаһ Тағала дәл осы логиканы теріске шығару үшін Құранда:
«Сонда да олар Аллаһқа тәубе етіп, Одан жарылқау тілемей ме? Аллаһ аса Жарылқаушы, ерекше Мейірімді» («әл-Мәида» сүресі, 5:74);
«Ол құлдарының тәубесін қабыл етеді де, күнәларын кешіреді. Әрі не істегендеріңді біледі. Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің тілегін қабыл етіп, кеңшілігімен арттыра түседі. Ал қарсы болғандар үшін қатты азап бар» («әш-Шура» сүресі, 42: 25-26), - деп үнемі қайталап айтатынын өзіңіз үшін жаңадан ашып, естігендей таңданасыз.
Аллаһ Тағала бұл сөздерді осы адам дәл Аллаһ оны және оның тәубесін қабыл ететінін түсіну үшін қайталайды. Аллаһтың Өзі оған кешірімділік танытып, оны қайтармайды, әрі оның «әулиелерге» баруына қажеттілік жоқ.
2. Бұл сопы осы өлген адамға құлшылықтың ең ұлы түрінің бірі болған жалбарынып дұға етуді арнайды, ал бұл іс ешбір шартсыз күпірлік болып табылады.
Аллаһ былай деді: «Біреу Аллаһпен бірге басқа бір тәңірге жалбарынып дұға етсе, оның осыған ешбір дәлелі жоқ. Оның есебі Раббысының қасында. Ақиқатында, кәпірлер құтылмайды» («Мүминун» сүресі, 23: 117).
Алайда бұл адамды кәпір деп күпірлікте айыптауға қатысты айтар болсақ, онда дәлел келтірусіз бұған рұқсат жоқ. Өйткені бұл адам егер қайтыс болған біреудің қабірінің қасына барып, оған сөйлесең ол естиді деп, әрі осы «әулие» Аллаһқа жақын болса, ол Аллаһтың алдында ол үшін шапағат ете алады деп есептейді. Оның осы сенімі жоғарыда келтірілген хадистерді бұрыс түсінуге (тәуилге) сүйенеді. Сондықтан да оның «әулиеден» дұға етіп сұрауы оның өлген біреуден тек Аллаһ қана жасай алатын нәрсені сұрау санатына жатпайды. Бұл ата-ананың өз баласынан бөлмеде жатқан бір нәрсені әкелуді сұрайтынындай. Бұл «дұға-тілекті балаға арнау» деп аталмайды, бірақ одан ол істей алатын нәрсені сұрау деп айтылады. Бұл сопы осы қайтыс болған адамға (әруаққа) қатысты тура осындай сенімге ие, алайда іс жүзінде бұл өлген адам оны естімейді әрі Аллаһтың алдында ол үшін шапағатшы да бола алмайды. Ал өзінің осы амалымен ол осы «әулиені» Аллаһ Тағаладан да мейірімді әрі кешірімді етуіне келер болсақ, онда өз негізінде бұл шынымен де солай. Алайда егер бұл сопыға оның іс-әрекеттері оның осы өлген адамды Аллаһ Тағаладан да мейірімді деп санайтынын тұспалдайды деп түсіндірілсе, ол өзінде осындай сенімдердің бар екенін теріске шығаратын әрі өзінің осы амалынан бас тартатын тәрізді.
Сондықтан да өз негізінде өлген адамға шапағатшы болуын сұрап жалбарыну үлкен көпқұдайшылық болып табылады, алайда жоғарыда айтылған себептерге байланысты ол даулы мәселелер санатына кіріп кетеді. Сондықтан да бұл амалдың айқын көпқұдайшылық болып табылатындығы туралы бір мағыналы шешім шығару айқын нәрсе болып көрінбейді яғни күмәнді. Ал Аллаһ барлық нәрсе туралы жақсырақ біледі.
Ал ғалымдардың бұл мәселеге қатысты айтқан сөздеріне келер болсақ, біз осы жерде қолымыз жеткен нәрселердің қысқаша талдауын ұсынуды жөн көрдік.
1. Шейхул-Ислам Ибн Таймия, адамның қайтыс болған ізгі-салиқалы кісіден Аллаһтың алдында оған шапағат етуін сұрауы туралы былай деген:
«Бұл – оның рұқсат етілмейтіндігіне және бидғаттардың бірі болып табылатындығына қатысты бірде-бір ғалым күмәнданбайтын нәрсе». Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтауа» 1/350.
Көріп тұрғанымыздай, осы жерде шейхул-Ислам бұл істі көпқұдайшылық деп атамады. Бірақ өзінің басқа бір еңбегінде ол былай дейді: «Егер біз Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды Аллаһқа арнап (бірақ) қабірдің қасында оқуға тыйым салды дейтін болсақ, онда нағыз көпқұдайшылық болып табылатын адамның өлгендерге дұға етіп жалбарынуы немесе олардан Аллаһтың алдында шапағат етуін сұрауы туралы не айтуға болады?!» Қз.: «Иқтида сырат әл-мустақим» 553-бет.
Көріп тұрғанымыздай, бұл жерде енді шейхул-Ислам бұл амалды «нағыз көпқұдайшылық» («’айну-ш-ширк) деп атады.
Шейх Ибн Базға: «Көптеген бауырлар өлгендерге Аллаһтың алдында шапағатшы болуын сұрап жалбарыну көпқұдайшылық болып табылмайды, бірақ бидғат болып табылады деп айтады», - деп айтылғанда, ол: «Керісінше, бұл үлкен көпқұдайшылық (ширк әкбар)», - деді. Қз.: «Шарх «Кашф Шубухат»», 1-кассета.
Қалай болғанда да бұл мәселе бұдан да тереңдеу зерттеуді қажет етеді, алайда дәл қазір бұл қиынға соғып тұрған сияқты.
Сіз өзіңіз көріп тұрғаныңыздай, біз осы кітаптың бас жағында көрсетіп кеткен көпқұдайшылықты енгізу сатыларының жалпы тізімінде тоғызыншы саты болып келетін осы екінші сатыны теріске шығару үшін келесі үш құбылысты түсіндіруге күш жұмсау қажет:
1. Аллаһ Тағала ең Кешірімді және ең Мейірімді болып табылады, сондықтан да әулиелерге шапағат сұрап жалбарынуға деген қажеттілік жоқ;
2. Өлген адамдар өз қабірлерінде естімейді;
3. Дұға құлшылық болып табылады, әрі онымен Аллаһтан өзге ешкімге жалбарынуға болмайды.
Мұның түсіндірмесін біз жеке бір тарауда беретін боламыз. Ал осы жерде біз қадірменді оқырманның шариғатпен заңдастырылмаған тәуассулдің қауіптілігін және оның соңы не нәрселерге әкеп соғатынын, сондай-ақ ол осы сатылардың мән-мағынасы мен олардың іске асуына жол бермеу үшін не қажет екенін түсінгенін ғана қалап тұрмыз. Сондай-ақ иконаларға, жансыз заттарға, қабірлерге, әруақтарға табыну неден, не үшін және қандай логикадан пайда болатынын да түсіну үшін. Ақыл-зейіні түгел, есі дұрыс адамдарды артта қалған пұтқа табынушылыққа қайта оралуға не итермелейтінін де.
3. Осыдан кейін бұл сопы ары қарай тереңдей түседі. Күнәһар адамның ізгі адамның әруағына үнемі құр қол барып, сұрана беруі дұрыс емес екенін түсініп, ол енді оның «көңілін алуға» кіріседі. Ол оған арнап құрбан шала бастайды, оған нәзір беретін болады, осы «әулие» оның дұғасына жауап бермей қояды әрі оған разы болмайды деп шын ықыласымен қорқа бастайды. Сонымен бірге ол пайда мен зиян тек Аллаһ Тағаланың қолында екенін әрі осы «әулие» еш нәрсеге ие еместігін түсінеді, бірақ осы «әулие» Аллаһтың алдында ол үшін шапағат етуін қалау әлгі сопыны құлшылық-ғибадатын соған арнауға және сол өлген кісінің разылығын алуға ұмтылуға мәжбүрлейді. Бұл үлкен көпқұдайшылық, ал бұл адам көпқұдайшыл екені даусыз. Өйткені ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезіндегі көпқұдайшылдар істейтін және Пайғамбар оларды сол үшін көпқұдайшылдар деп атап, олармен соғысқан нәрселерді істеп жатыр. Олардың сөздерін бізге жеткізіп, Аллаһ Тағала былай деген:
“Олар Аллаһтан өзге, өздеріне зиян, не пайда бермейтін нәрселерге табынып: «Олар Аллаһтың алдында біздің шапағатшыламыз», - дейді” («Юнус» сүресі, 10:18).
Ол тағы да былай деді: “Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаһқа тән. Сондай Аллаһтан өзгені қамқоршы әрі көмекші етіп алғандар: «Біз бұларға олар бізді Аллаһқа жақындастырсын деп қана табынамыз», - дейді” («әз-Зүмәр» сүресі, 39:3).
Алайда сопылардың да олар өздерін жақтап алға тартатын, олар мен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезіндегі көпқұдайшылдардың арасында айырмашылық бар деп көрсеткісі келетін және дәлелдегісі келетін күмәндары бар. Бұл күмәндардың барлығы немесе олардың басым бөлігі, Аллаһтың рұқсатымен, осы сатыға арналған жеке тарауда қаралады.
Қабірлерге табынушы сопылардың жетекшілерінің және имамдарының бірі болып табылатын әл-Куза’и өзінің «әл-Барахин» (391-бет) атты кітабында өз оқырмандарына бұл тізбектің мәнін түсіндіріп, былай дейді: «Әулиелердің дәнекерлігі үш бағытта болатынын біл:
1. Аллаһқа солар арқылы жалбарынып, былай деу: «Уа, Аллаһ! Мен Сенен Пайғамбарларыңмен, немесе әулиелеріңмен немесе олардың құрметімен, немесе олардың ұлылығымен яки қақысымен сұраймын».
2. Өлген кісінің (әруағына) ол сұраушы адам үшін Раббы алдында оның проблемаларының шешілу мәселесінде шапағатшы болуын сұрап тікелей жалбарыну. Мұны келесідей етіп айтуға болады: «Уа, пәлен! Мен үшін Аллаһқа Ол маған көру қабілетімді қайта берсін деп дұға етші!»
3. Өлген кісіден ол сұраушының проблемаларын өзі шешіп беруін тілеу. Мұны келесідей етіп айтуға болады: «Уа, пәлен! Маған көру қабілетімді қайтаршы!» Қз.: «әл-Барахин» 391-бет.
Міне, енді қабірге табынушылардың идеологиясының мәні неде екенін түсінген соң, келесі бөлімге көшуге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |