ТӘуелсіз қазақстанның тмд мемлекеттерімен қарым-қатынасы алматы,2008 мазм ұ н ы кіріспе


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ



бет3/5
Дата31.01.2018
өлшемі1,31 Mb.
#37128
1   2   3   4   5

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1 Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы

Қазақстан Республикасы төуелсіздікке ие болғаннан кейінгі жаңа кезеңде әлемнің көптеген елдерімен қарым-қатынастарын нығайта түсті. Соның ішінде көршілес Ресей мемлекетімен ынтымақтастықтың дамуына екі елде қоныстанған ұлттық диаспора арасындағы ежелден қалыптасқан байланыс та өзіндік ықпал етуде



Қазіргі таңда Ресей Федерациясының аумағында миллионнан аса қазақ тұрады. Олардың басым көпшілігі Ресейдің Қазақстанмен шектес аймақтарында, атап айтсақ Алтай Республикасында, Астрахан, Орынбор, Самара, Қорған, Челябі, Омбы, Саратов, Волгоград, Екатеринбург, Новосібір, Түмен және басқа облыстарында. Бүгінде Ресей қазақтары Қазақстан аумағында тұратын орыс ұлтының өкілдерімен қатар екі ел арасындағы мызғымас достық пен еріптестіктің кепілі болып отыр.

Қазақ диаспорасының пайда болуы және қалыптасуы негізінен екі жолмен түзілгендігі белгілі: оның біріншісі мемлекеттік шекараларды белгілеген кезде өзінің байырғы жүртында түрса да негізгі этникалық ортасынан бөлініп қалған қазақтар болса екіншісі, тарихи жағдайларға байланысты әр кезеңдерде көшіп барып орнығып қалғандар.

Ал, Ресейдегі қазақ диаспорасына келетін болсақ, әсіресе шекаралас аймақтарда түратын қазақтардың барлығы дерлік - осы өлкені ежелден мекен еткен қазақтардың үрпағы, XX ғасырдың басында Кеңес мемлекеті құрамындағы республикалардың шекаралары белгіленді. Соның салдарынан жүздеген қазақ ауылдары РКФСР (РСФСР) аумағында қалды. Ал Кеңес мемлекеті тарқағаннан кейін РКФСР аумағында тұрған қазақтар Ресей Федерациясының азаматтарына айналды.

Қазақстан тәуелсіздігі жарияланған 90 жылдардың басындағы әлеуметтік экономикалық жағдайлардың күрт төмендеуі (жүмыссыздық, ақылы оқу т.б.) адамдарды еріксіз қоныс аударуға мәжбүр етті. 1994-1997 жылдар аралығында Ресейге сегіз мыңнан он мыңға дейінгі қазақтар қоныс аударған, ал 1998-2001 жылдар аралығында бүл көрсеткіш ақырындап төмендеп қоныс аударушылар 4613 адамға азайды .

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі, Санкт-Петербург, Астрахань және Омбы қалаларындағы Консулдық мекемелері Ресей аймақтарындағы қазақ ұйымдарымен жүмыс істей отырып, әрі шекаралас облыс, елді-мекен әкІмшіліктерімен де тығыз ынтымақтастық орнатуда.



Аз үлтты халықтарға, оның ішінде қазақ диаспорасына қатысты Ресей Федерациясында атқарылып жатқан шаралар тікелей елдің конституциясы мен осы мәселе жөнінде қабылданған халықаралық қүжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, 1996 жылы 17 маусымда қабылданған "Үлттык мәдени автономиялар жөніндегі" Федералды заң аз ұлттарға қоғамдық ұйымдар құруға жол ашты. Бұл ұйымдар ұлттық ерекшеліктерін сақтау, өз тілін дамыту, білім беру, ұлттық мәдениетті сақтау сияқты мүраттарды көздейді.

Қазіргі таңда Ресей аумағында қазақтардың 20-ға тарта ұлттық ұйымдары тіркелген. Олар ұлттық салт-сананы жоғалтпау жолындағы әрекетпен өздері түрып жатқан елді-мекендердің ресми басшылығымен тиімді қатынас орнатуда. Қазақ қауымының түтас үлт бөлігі ретінде ұйымдасу дәрежесін арттыру мақсатында жергілікті ұлттық үйым жетекшілері түрақты түрде Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде бас қосып отырады. Әр аумақтан келген үйым өкілдері өзара тәжірибе алмасып, сонымен қатар Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси, өлеуметтік-экономикалық жағдайларды сараптап, талдау жасайды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылдың басында Ресейге жасаған ресми сапары барысында Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде Ресейде түратын қазақ диаспорасы өкілдерімен болған кездесуі ерекше өттІ. Кездесу барысында Президент қазақ диаспорасы өкілдерінің мұң-мұқтаждарын тыңдап, Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени, ғылыми-техникалық және іскерлік байланыстарды дамыту барысында диаспораның алатын рөлі жөнІнде де пікір алмасты.

Сондай-ақ Президент өз сөзінде Мөскеудегі отандастарымыздың 70 пайызы ақыл-ой еңбегімен айналысып жүргенін: олар ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының үстаздары, студенттер екендігін атап өтті.



Толығырақ тоқталатын болсақ Ресей Федерациясындағы білім, ғылым салаларында еңбек ететін ғалымдар: тарих ғылымдарының докторы , профессор Н.Е. Бекмаханова, Мәскеулік "Қазақ диаспорасы" қорының президенті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Б.Ө. Жамалов, РФ Мемлекеттік Думасындағы Үлт істері жөніндегі комитет аппаратының жетекшісі Р.М. Қанапиянова, Ресей мемлекеттік халықтар достығы университетІнің гуманитарлық жөне өлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Н.С. Қирабаев, РҒА Тіл зерттеу институтының түркітанушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор К.М. Мүсабаев, РҒА Салыстырмалы саясаттану институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Оңдасынов, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің Азия және Африка елдері институты директорының орынбасары Ж.С. Сыздықова және т.б.

70-пайыздық көрсеткіш қазақ диаспорасының жоғары интеллектуалдық сапасын көрсетеді. Сондықтан да басты назарымызды білім беру саласына аударғанымыз жөн болар, оның ішінде бүгінгі күні туындап отырған мәселелердің бірі - оқулықтар мен оқу күралдарымен жабдықтау мәселесі. Бүл жаңадан басылып шыққан оқулықтар мен оқу қүралдарымен қандастарымызды да қамтамасыз етуіміз керек, Себебі, мүндай байланыстар әсіресе мәдени қатынастар қандастарымыздың өз тілін, дінін, өдет-ғүрпы мен салт-дәстүрлерін сақтауға, дамытуға қосар үлесі үлан ғайыр. Сондай-ақ Ресейдегі қазақ диаспорасы да екі ел арасындағы қарым қатынастардың барлық салаларын нығайтуда өз үлестерін қосып отыр. Бүған дәлел соңғы жылдары Санкт-Петербург, Астрахан қалаларында Бас консулдықтар ашылды, енді Омбы және Самара қалаларында да ашылу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Омбы қазақ мектептерінің мұғалімдері білімін біздің елде тегін жетілдірсе, Қазақстанның орыс мектептерінің орыс тілі пәні мүұалімдері өз білімін Омбыда жетілдіреді. Омбы Ауыл шаруашылығы институтында, Танк училищесінде және Омбы университетінде қазақ жастары жолдамамен білім алуда.

Омбы облысында үш қазақ қоғамдық үйымы жүмыс істейді. Аймақтық қазақ үлттық-мөдени автономиясы, қазақ мөдениетІнің "Мөлдір" Сібірлік Орталығы аймақтық қоғамдық ұйымы және Омбы қазақтарының мәдени-ағарту автономиясы. 1993 жылы облыста қазақ тілін ана тілі ретінде оқытатын 13 мектеп болған болса, 2004 жылы ондай мектептердің саны 17-ге дейін өсті. Бүгінгі таңда ол мектептерде 1029 бала оқиды /19,32/.

Ресей аймақтарындағы ең ірі қазақ диаспорасы Орынбор облысында түрады. Мұндағы қазақтың саны 200 мыңға жуық. Өңірде "Ақ Жайық" атты Орынбор облыстық қоғамдық үйым жүмыс істейді. Қазақ тілінде 1991 жылдан бастап "Айқап" газеті шығып тұрады, қазақ диаспорасы өкІлдеріне кең танымал жөне үлкен сүранысқа ие. Облыста 18 мектепте қазақша сабақ жүреді. Қазақ тілі мен әдебиетІ 55 топта қосымша сабақ ретінде өтіледі /16,32/.

Ал, Башқүртстан Республикасында 14 мыңға жуық қазақ түрады. Уфада "Ақ-бата" Қазақ үлттық мәдениет орталығы жүмыс істейді.

Саратов облысында 80 мыңға жуық қазақ тұрады. Олар саны жағынан өңірдегі үшінші ірі этнос. Облыста 1997 жылдан бастап "Еділ бойы қазақтары қауымдастығы" атты Саратов облысының аймақтық қоғамдық үйымы жүмыс жасайды. Саратов облысында 224 үлттық (орыс емес) мектептер, сонымен қатар 32 жексенбілік мектеп ашылған, оның ішінде 7 мектеп қазақ мектептері деп есептелуде. Кейбір селолық жөне қалалық мектептерде қазақ тілі білім бағдарламасының аймақтық компоненті ретінде қосымша сабақ ретінде оқытылуда.

Астрахан облысындағы 150 мыңдық қазақ қауымы саны жағынан екінші орында тұрған этнос. Қазақтар облыстың барлық дерлік аудандарында түрады. Дегенмен, Володарск, Красноярск аудандарында қазақтар саны жағынан басқаларға қарағанда басымырақ. 1990 жылы қазак мәдениетінің Астрахандағы аймақтық "Жолдастык" атты қоғамдық үйымы құрылған, облыстың барлық аудандарында үйымның белімшелері қүрылған. 1991 жылдан бері облыста қазақ тіліндегі "Ақ арна" газеті шығады, апта сайын жергілікті теле-радио арналарынан қазақ тіліндегі "Атамекен", "Ана тілі" хабарлары шығады. Қоғамдық үйым жанынан "Самал" қазақ классикалық ән ансамблі, "Шалқыма" қазақ өні ансамблі қүрылған. Олар атақты сазгер Қүрманғазының шығармасын насихаттайды.

Астрахан облысында 114 үлттық мектептердің 72 сі қазақ мектептері деп есептеледі, оларда қазақ тілі пөн ретінде, болмаса міндетті емес, мүмкін болған жағдайда ғана оқытылады.

Алтай өлкесінде 2002 жылғы санақ деректері бойынша өлкедегі қазақтардың саны 9825 адам болған, оның екі жарым мыңы қалаларда түрады. Әсіресе, Михайловка, Құлынды, Благовещенка аудандарында көп қазақтар түрып жатыр. Мәселен, Қүлындыда 150-180 қазақ жанұясы болса, Благовещенкада 100-120 қазақ жанұялары бар. Қазақ мектептері осы елкеде бастапқыда бастауыш мектеп ретінде 8 жылдық болса, 11 жылдық қазақ мектебі болып қайта құрылды. Өлкеде "Ата-Мүра" Алтай аймақтық қоғамдық қазақ бірлестігі жүмыс жасайды. Бүл өлкені оқулықтармен Павлодар облысының оқу департаменті қамтамасыз етіп отыр.

Алтай Республикасындағы қазақ халқының саны 12 мыңнан асады. Мүндағы қазақ қауымы негізінен Қос-Ағаш ауданында шоғырланған. Ресейдің Ташанта шекарасынан 25 шақырым жерде "Жаңа ауыл" атты қазақ елдімекені орналасқан. Қосағаш ауданында тек қазақ отбасыларынан түратын 5 ауыл бар. Олар: Жаңа ауыл, Төбелер, Қосағаш қаласының өзі, Жазатыр және Ташанта. Жалпы аудан көлемінде 17 мың түрғын болса, соның 11 мыңы қазақтар. Сондықтан да болар, аудан губернаторы қазақ - Әуелхан Жазитұлы Жатқанбаев. Жақында ғана өткен губернаторлар сайлауында ол тағы да 4 жылға сайланған. Жаңа ауылды осы кісі өз қолымен түрғызыпты. Мұнда 1800-дей отбасы бар. Мұнда халықтық салт-дәстүр, тілі мен дінін көзінің кдрашығындай сақталған. Бүған, үлттық мөртебесі бар Алтай Республикасында өмір сүріп отырғандары мүмкіндік берсе, екінші жағынан Баян-өлгий қазақтарымен араласып отырғандығы өз септігін тигізген секілді. Мүнда 7-8 мешіт жүмыс істейді. "Мирас" атты қазақ мәдени орталығы жүмыс жасайды және 15 кісіден қүралған "Әжелер ансамблі", "Керуен" дуэті бар екен.

Қосағаштықтар да Тәуелсіз Қазақстанға, атамекенге қоныс аударуға шақырылған. Алайда, 1991-1999 жылдары екі жарым мыңдай қазақ Қазақстанға көшіп, Алматы, Астана, Көкшетау қалаларына шоғырланды. Осы екі жарым мыңның мың жарымы қайтып келді, өйткені жері, жағдайы келіспеді. Сол себепті жүрт жылы орындарын суытқысы келмейді.

Мұнда қазақ тілі мен әдебиеті мектептерде аптасына бес сағат үйретіледі. Оның 3-еуі тілге, 2-еуі әдебиетке арналған. Қазіргі кезде мектептерде 36 оқытушы дәріс берсе, оның 23-і ғана қазақ тілі мен өдебиеті маманы, ал, 13 басқа пәндердің мамандары. Сондықтан ана тілінде оқытатын маман даярлауда көмек қолын созса, мамандық жетілдіретін курстарда оқытса деген тілек бар.



Татарстан Республикасында бүгінгі таңда 2000 қазақ тұрады, оның жартысы елдің астанасы Қазан қаласында қоныстанған. 1991 Қазанның жоғары оқу орындарында оқитын қазақ студенттері жерлестер үйымын қүрып, бүл ұйым өз жүмысын атқаруда. Кейіннен Республика аумағында "Қазақстан" ұлттық қоғамы қүрылған болатын. Алғашқы күннен бастап, қазақ бірлестігі Республиканың қоғамдық өміріне белсене араласып, ат салысып отыр. 1993 жылы "Қазақстан" қоғамының бастамасымен Қазақстан және Татарстан ғылым академиялары ынтымақтастық туралы шарт жасасты.

Новосібір облысындағы 2002 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақ халқының саны 11691 адам, оның 7546 ауылды жерде, 4145 адам қалада түрады. "Отан" атты аймақтық қазақ мәдениетінің ұйымы жұмыс істейді. Бүл үйымның басты мақсаты - облыс аумағындағы үлттық дәстүрлер мен төл мөдениет қүндылықтарын жоғары бағалайтын қазақтарды біріктіріп, олардың азаматтық және әлеуметтік-мәдени қққықтарын қорғау болып табылады. Осы мақсатқа жетуде ұйым белсенді түрде жүмыс жасауда.

Түмен облысындағы қазақ диаспорасы қарқынды дамып келеді. Бүгінде қазақтарды бұл облыстағы қоғамдық өмірдің барлық салаларынан кездестіруге болады. Қазақтар мұнда медицина, білім беру және т.б. салаларда жақсы бекіген. Сүргіт қаласында 2000 жылы "Атамекен" Қазақ ұлттық мәдени ұйымы құрылып, үлттық бірлестік ретінде түрлі іс-шаралар үйымдастырып, өткізуде.

Осы мәселелерді шешуге көмектесу, отандастарымыздың атамекенімен байланысты нығайтуға, ата рухын, мәдениетін, тілін меңгеруге деген талпыныстарына қол үшын беріп, жоғарыда аталған іс шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсету біздің парызымыз болып табылады.



Қазіргі таңда қазақ тіліндегі баспасөз Ресейдің Омбы, Астрахан және Орынбор облыстарында шығады. Қазақстандық газет-журналдар Ресейдегі оқырманына едөуір кешігіп жетеді. Қазақстандық телеарналар Қорған, Челябі, Астрахан жөне Орынбор облыстарында тарайды. Алайда, басқа ресейлІк елді-мекендер техникалық және қаржылай қиындық салдарынан қазақ тіліндегі телехабарларды көре алмайды.

Ресейдің кейбір облыстарында қазақ, басқа да этностық диаспора өкілдерінің санын тым асыра көбейту арқылы, мысалы Волгоград облысындағы 42 мың қазақтың санын 60-80 мыңға жеткізіп, "аймақта демографиялық экспансия, бөтендер позицияны өз қолдарын алып жатыр" деген халықты қорқытып-үркіту де орын алып отыр. Эктремизмнің тарауын православие дініндегілер мүсылмандардан көруге әуес. Тіпті "көршілес мемлекеттер орыстарды ығыстыру үшін өдейі мүсылмандар да Ресейге қоныс аударуда" деп кінө тағу жиі кездеседІ.

Қазақ диаспорасының әлеуметтік - этномәдени жағдайы республикалар мен облыс басшыларының саяси бағыт-бағдарлары мен оппозицияның салмағына байланысты. Демократиялық көзқарастағы губернаторлармен қатар, солшыл оппозиция әлсіз Саратов, Самара, Астрахан облыстарында үлттық мөселелердің мақсаттары анықталған. Ал үлтшылдық бағыт басым Волгоград облысында сөз көп те, іс аз.



Үлт саясатын жүргізу казак орыстардьщ, православие дінінің басқа үлт өкілдеріне қырын қарайтын кертартпалық саяси ықпалына да байланысты.

Қазақ диаспорасы тағдыры үшін аймақтағы қалыптасқан тарихи дәстүрлердің маңызы зор. Мысалы, Астрахан облысында үлттар арасында діни сыйластық, мейірімділік ғасырлар бойы қалыптасқан. Әр облыс өз көші-қон саясатын, үлтаралық қатынастар ахуалын анықтайды. Көші-қон мөселесімен үлтаралық қатынастар тығыз байланыста.

Сондай-ақ Астрахан облысы мен Самара облысының заң шығару органдары үлттық-мәдени қауымдастықтарға қаржылық, ғимараттарды пайдалануға, бюджеттен төленетін салықтардан жеңілдіктер жасап, диаспоралардың мәдени әлеуметін дамытуға арналған бағдарлама қабылдаған. Ол бойынша диаспоралардың мәдени дамуын 98,9 пайыз облыстық бюджеттен, 0,7 пайыз жергілікті бюджеттен, 0,4 пайыз басқа көздерден қаржыландырады.

Қазақ диаспорасы мекендеген бірқатар аймақтарда көптеген заң күші бар үлттық саясат түжырымдамалары, кешенді бағдарламалар, арнаулы іс-қимыл жоспарлары мақүлданған. Әлеуметтік, экономикалық, қүқықтық мемлекеттік рухани салаларда арнаулы іс-қимыл жоспарлары да бар.

Ресейдегі қазақ диаспорасы үшін өткір де ауыр мәселелердің бірі - қазақ тіліндегі ақпарат қүралдарын дамыту. Самара облысында радио 11 тілде ақпарат берсе, оның 1-еуі - қазақ тілі; 9 ұлттық газет шығып түрады, оның ішінде жалпы түрік деп аталатын "Азан" газеті бар.

РФ аймақтық тілдер немесе аз үлттар туралы еуропалық хартияға қосылуына байланысты үлттық тілдерді ресми ортада пайдалану мәселесі күрделі, сондықтан да тіл мөселесі дау-дамай туғызып отыр. Бірақ РФ заңдарында бүл мәселе ашық, дәл айқындалмағандықтан диаспоралар тілдерін ресми қолдану ауызша мойындаудан аспай түр. Ал Волгоград облысында тіпті кері қадам жасалған. "Волгоград облысы территориясындағы ұлттық қатынастар туралы" заңында тек орыс тілі негізіндегі ортақ мәдени кеңістігі мойындалған.

Ресей өлеуметтанушыларының зерттеулеріне қарағанда, диаспоралар мен ұсақ ұлттарға деген көзқарас өлі де оңды емес. "Сіздің азаматтық қүқығыңыз сақтала ма?" - деген сүраққа орыс емес шағын үлт өкілдерінің 25,2 пайызы "сақталады", 55,7 пайызы "дүрысы, сақталмайды" десе, 17,3 пайызы "біздің құқығымызды қорғаудың қажеті жоқ" деп жауап берген.

Сонымен айтар болсақ, жаһандану түсында Ресейде миллионға жуық ресейлік қазақтардың тағдыры ассимиляция үрдісіне байланысты болып отыр. Орыстану олардың күнәсі емес, қасіреті. Адам ретінде Ресейде олардың барлық құқы бар, бірақ ана тілін пайдалану құқы жоқтын қасы. Үлтсызданған тарихи отаны да үлгі бола алмай отырғанын сезеді. "Елге оралыңцар" десеңіз: "Бізге қарағанда шүкірсіңдер ғой, бірақ сендердің де қазақ болып сақталып қалатындарыңыз да күмәнді", дейтіндер де бар. Жаһандану үрдісіне қарсы тұру мүмкін емес, бүл даму заңдылығы. Бірақ оған бейімделіп, жақсысынан үйреніп, жаманынан жирену, басқа үлттардың төжірибесіне үңілу, сырттағы қазақты, оның ішінде мамандарды өзімізге тартып, жаңа үлттық саясатқа бетбұрыс жасап еліміздің өркендеуі үшін белсенді түрде жүмыстар жасау керек. Сонда ғана еліміз елдігін сақтап өзге елдерге өнеге бола алады.

Қазақ елі әлемге дінаралық, үлт аралық келісім және діни төзімділігі мен теңдігімен белгілі болып отыр. Дін - әрбір халықтың рухани, мәдени дамуының қайнар көздерінің бірі. Елімізде 40 аса конфессияға қатысты 3000 аса діни ұйымдар мен бірлестіктер жүмыс істейдІ. Қазақстанда негізгі діндер ретінде ислам және христиандықтың православиялық болып табылады. Сонымен бірге ислам жөне православие ел халқының басым көпшілігінің рухани-тарихи дөстүріне ықпал-өсерін тигізетін діни бағыттар. Қоғам өмірінде болған өзгерістер мен қайта құрулар діни қатынастарға да өзгерІстер алып келді.

Елімізде әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші съезі жаһандану заманындағы өркениеттер арасындағы үн қатысу мен өзара-сенімді қалыптастыру мен дамытуға қосылған елеулі үлес болды. Елдің рухани бІрлігі мен рухани қауіпсіздігі мемлекетіміздің түрақты дамуының тұғырының бірі.

Қазіргі кезде елімізде 471 ұлттық-мәдени бірлестіктер, 19 республикалык, және аймақтық үлттық газет, радио-телебағдарламалар, 6 үлттық театрлардың қызмет етуіне мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Соңғы жылдары еліміздің аймақтарында 11 достастық сарайы салынды, Алматыда тағы бір Достық сарайы жөне Астанада бейбітшілік пен келісім храмы салынуда /6,64/.



Қазақстанда бірінші болып ашылған Орыс қауымының қазір он бір облыстық филиалы бар. Ал, 1992 жылы ашылған Республикалық Славян қозғалысы «Ладтың» он екІ аймақтық филиалы, коллектив мүшелерінің он екі үйымы бар. Республикалық Славян қозғалысы «Ладта» отыз мың мүшесі бар, оның бес жүзі белсенділер.

Алматы қаласының өзінде Орыс қауымымен бірге Орыс мәдениет орталығы, аймақтық славян православты мөдени қор «Панагия», Республикалық Славян қозғалысы «Лад», Қоғамдық бірлестік «Орыс одағы» және т.б. орыс, славян, казак үйымдары ассоциациясьгаың орындаушы комитеттері орналасқан.

Ассоциацияның қосымша төрағалары болып, Орыс қауымы, Лад қозғалысы, Далалық өлкедегі казактар одағы, Жетісу Казактар қауымы жатса, оның қүрамына Орал қаласындағы Орал казактар қауымы, Өскемендегі Жоғары Ертіс орыс казак қауымы, Павлодардағы Казактар одағы, Алматы, Тараз, Талдықорғандағы Жетісу казактар одағы , Шымкенттегі «Надежда» казак айелдер одағы, Өскемендегі Шығыс Қазақстан Славян мәдениет қоғамы, Қарағандыдағы «Лад» қоғамдық бірлестігі, Талдықорғандағы «Сколоты» жастар одағы, Ақтау қаласындағы «Русское Землячество» бірлестігі жатады.

«Далалық өлкедегі казактар одағы» атты аймақтық қоғамдық бірлестігі 1997 жылы құрылған. Бірлестіктің құрамында он үш бөлімшесі бар. Бір жексенбілік казактар мектебі, екі балалар әндері мен билері ансамблі, бір үлкендер хоры бар. «Лад» қозғалысының көмегімен «Лад» газетінің бІр бетінде апта сайын «Далалық өлкедегі казактар» одағындағы атқарылып жатқан шаралар туралы мәліметтер жарияланып тұрады.



Ресейдің Алтай өлкесінде Қазақстанмен шекаралас аймақтардағы отандастармен байланыстарды нығайту үшін арнайы кеңес құрылған. Кеңестің қүрамына Ресей тарапынан да, Қазақстан тарапынан да өкілдер бар. 2001 жылы Алтай өлкесі өкімшілігінің бастамасымен Өскемен қаласындағы орыс-қазақ гимназиясына оқу құралдары сыйға тартылды. Қазақстанмен шекаралас аймақтарда Алтай өлкесі аудандарының көркем өнер коллективтерінің концерттері болып түрады. 1995-2001 жылдар аралығында Омск жоғары оқу орындары базасында қазақстандық 800 оқытушы орыс тілі, орыс әдебиеті, тарих, математика, физика, бастауыш сынып дәрістері, логопедия пәндері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті. Ал, 2001 жылы 320 оқытушы қайта даярлаудан өтті. Сонымен қатар Омск жоғары оқу орындары Кеңесінің шешімімен Қазақстанда жөне ОА аймағында түратын ресейдің отандастары Ресей азаматтарымен тең дөрежеде оқуға тапсырып, оқи алады.

Қазақстан Республикасының өкіметі мен Қазақстандағы орыс қоғамдық үйымдары арасындағы ресми ынтымақтастық, оның ішінде мәдени ынтымақтастық, басқа үлттық ұйымдармен қатар негізінен Қазақстан Халықтар Ассамблеясының арқылы жүзеге асуда.

Қазақстан Республикасында орыс мөдениетінің дамуын қадағалайтын Славян мөдениеті орталықтары Қазақстанның өр облысында бар. Облыстық орталықтардың қалалар мен аудандарда филиалдары жүмыс істеп жатыр. Бүл орталықтардың қызметінің басты бағыттары: орыс тілі мен өдебиетін оқытып, жетілдіру, славян халықтарының салт-дөстүрлері мен мәдениетін, үлтаралық келісім мен халықтар достығын қолдау болып табылады.

Қазақстанда 2356 мектеп жалпы білімді орыс тілінде береді және 2000 мектеп білімді екі тілде немесе одан да көп тілдерде береді. Жоғары оқу орындарында орыс тілінде бІлім алатын студенттер жалпы проценті 1999-2000 оқу жыльшда 67 пайыз /8,64/.

Қазақстанда барлық мектептерде орыс тілі пөні жүргізіледі. Сондай-ақ орыс тілінде білім алуға барлық жағдай жасалған.

2003-2004 оқу жылының басында ҚР Білім және ғылым министрлігінде 7925 мектеп бар, оның 2122-сі орыс тілінде білім беретін мектеп болса (мектептің жалпы санының 27 пайызы), 2069 аралас мектеп (26 пайыз). Орыс тілінде білім алатын баланың жалпы саны 12073 03. Бүл көрсеткіштер Қазақстандағы орыс тілінің ешбір кедергісіз дамуда екендігін көрсетеді.

Қазақстанның білім беру саласын өркендету үшін қабылданып жатқан түжырымдарға тоқталсақ, "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасында" айтылған білімдегі жаңалық, біздің көзқарасымыз бойынша окушылардың өзінің өмір жолын ертерек таңдауына, нарықтык қатынасқа белсенді араласуына қол жеткізуге ықпал етеді. Яғни, білім беру саласын

Медениет саласындағы біртүтас кеңістікті сақтаудың аса маңыздыларының бірі ақпарат-мөдени орталықтары болуы тиіс, олар екіжақты келісімдерге сәйкес ашылады.



Ауқымдану мен ғылыми-техникалық жетістіктер үрдісі, өсіресе жаңа ақпараттык және телекоммуникациялық технологиялардын дамуы біздің аумақты, өрі аз қоныстанған еліміз үшін бірегей мүмкіндіктер үсынады. Алайда біз осы үрдістермен қатар адымдайтынымызға ешкім кепілдік бере алмайды. Демек, осы технологияларды үғыну, олардың біздің қоғамымызға толық кіруіне қол жеткізу, ғылыми техникалық кадрларды қолдау маңызды.

Ақпараттық технологиялар, оның басқа түрлерімен салыстырғанда, өз мөнісі жағынан неғүрлым "көпшіл" өрі икемді бола отырып, бизнесті, экспорттық қызметті дамытуға және экономиканы орталықсыздандыруға барынша жәрдемдеседІ.

Ақпараттық технологиялардың денсаулық сақтау мен білім беру салалары үшін, сондай-ақ айналадағы ортаны жақсарту үшін маңызына баға жеткіліксіз .

Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардағы Еуразиялық идеяның алатын орнына келетін болсақ 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына ондаған жаңа, тәуелсіз мемлекеттер дүниеге келді. Олар өздерінІң бостандығы мен егемендігін барынша нығайтуға тырысты. Бірақ, 70 жыл бойы қалыптасқан шаруашылық, саяси, ғылыми-техникалық, мәдени тағы басқа байланыстардың үзілуі бүл жолда көптеген қиындықтар, мәселелер әкелді, экономика және басқа салаларын дағдарысқа үшыратты. ЕндІ ғана тәуелсіз болған барлық дерлік елдердің басындағы кездескен ауыр жағдай тығырықтан шығу үшін олардың ынтымақтасып, түйінді мәселелерді бірлесе шешуді талап етті. Осыған орай ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың үсынған Еуразиялық идеясының ерекше маңызы болды.

Кеңес Одағы тараған соң дербес болған мемлекеттердің 9-ы сол 1991 жылы желтоқсанда ТМД құрды, кейін оған тағы басқалары да қосылды. Аталған Достастық жаңа мемлекеттердің бұрынғы Одақтан қақтығыссыз, қамсыз, бейбіт түрде ажырауға жөне өз дербестіктерін бекітуге қомақты үлес қосты. Алайда, өзара экономикалық, ғылыми, техникалық, т.б. ынтымақтастыкты жасап бекітуге бағытталған жүздеген келісім-шарттар қабылданса да, көпшілігі іске аспады, қағаз жүзінде қалды. Сондықтан ТМД-дан түңілу, үміт үзушілер көбейе бастады.

1994 жылы наурыздың 29 жүлдызында Мәскеуге ресми сапар шеңберінде Н.Ә. Назарбаев ММУ-нің профессор-оқытушы жөне студенттер қүрамымен кездесіп, өзінің сөзінде мемлекеттердің Еуразиялық одағын жасау туралы ойын айтты. Бүл ретте "одақ" деген сөз абыржытпасын, жаңа одақ бүрынғы Одаққа оралу емес, Еуразиялық одақ тіпті басқа қағидадаларға, негіздерде құрылуы керек екендігін айтты. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Еуразиялық одақ қүру идеясының он жыл толуына орай өткен конференцияда Елбасы деді: "Естеріңізге сала кетейін, сөз қағида төрт мөселе туралы болған еді. Біріншіден, кірігу, экономикалық кІрігу, екіншіден көп қабатты, түрлі жеделдіктегі кірігу идеясы, үшіншіден өңірлік қауіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттілігі. Төртіншіден, кірігудің еріктілігі"/18,15/. Бұқара көпшілік үшін, халыққа түсінікті болуы үшін еуразиялық идеяның негізгі қағидалары "Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам" деген үсыныстар да енгізілді.

Еуразиялық идея, еуразияшылдық, еуразиялық кірігу - жаһанданудың қауіп-қатерінен күтылудың бірден-бір жолы, оның сүранысына жауап болып табылады.

Қазіргі өркениетті елдердің негізін қүраған халықтар кезінде бір-бірімен жөнді араласа алмай жатқақда, шаруашылықты жүргізу тәсілдері мен әскери өнерді меңгеруде алдына жан салмаған Еуразия қүрылығының қақ ортасындағы түркілер өзге халықтарға мөдениет жеткізуші, Шығыс пен Батыс мәдениетін бір-біріне жалғаушы рөлін атқарған.

Қазақстан мен Ресей бұрынғы кеңестік еуразиялық құрлық кеңістігін құрайды. Бүгінгі күн халықаралық қүқықтың дербес субъектісі ретінде өзінің геосаяси және геостратегиялық артықшылықтарын қалыптастыруда. Осы Қазақстан-Ресей одақтастық карым-қатынастарында маңызды рөлді олардың мәдени-рухани қүндылықтары алады. Бұл құндылықтардың астарында көрші екі елдің бірлігі және өзара түсінісушілігі жөніндегі халық даналығы жатыр.

Қоғам мен адам өмірінде өте маңызды, белсенді рөл атқаратын - рухани мөдениет, Рухани мөдениет көпжақты, кең салалы үғым. Қоғамның рухани жетістІгі оның әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуелді бола отырып, сол жетістіктердің жеделдеуІне, не болмаса баяулауына ықпал етеді. Қоғамда ешнәрсе ақыл-ойсыз, сана-сезімсіз, адам жанының жүмысынсыз іске асып, өмір сүре алмайды. Ғылым, өнер, идеология, саяси және қүқықтық көзқарастар -қоғамның нақтылы өмірін, қоғамдағы өмір сүріп отырған топтардың қажеттерін білдіріп, қоғамдык сананың әртүрлі үлгілерін қалыптастырады. Ал, мүның барлығы адамның медениет арқылы қүндылықтарды ажырата білетіндігіне негізделеді.



Ерекше географиялық дүние іспетті Еуразия түрғындары не батыс еуропалықтарға, не қиыр немесе оңтүстік-шығыс азиаттарына үқсамайды. Еуразиялық халықтарда славяндардың жөне түрандықтардың ерекшеліктері аралас болады. Осыдан барып "Шығыс-Батыс" жүйесінде Қазакстан мен Ресейдің орны жөніндегі мөселе шешілуі керек. Қазақстан мен Ресей - Батыс та жөне Шығыс та емес, олар Еуразияға жатады және біртүтас славяндық-түрандық бірлікті білдіреді. Батыс (орыс) медениетінде Шығыс әуендері, керісінше Шығыс медениетінде Батыс өуендері мен элементтері кездеседі. Бүл орыс және басқа еуразиялық мөдениеттің үқсастығымен, олардың тарихи астасуымен, тіпті орыстардың түріктермен, кейін қазақтармен тарихи достастық байланыстарымен дәлелденеді.

Еуразияшылдық біртұтас үйлесімдік қүрамындағы өрбір халықтың қүқығы мен ерекшелігін мойындайды. Еуразияшылдар ұраны "ІзгілІк жасау немесе жақсылыққа, жарастыққа, парасаттылыққа ұмтылу". Рухани-адамгершілік

жағынан жетілген, Шығыстың руханияты мен Батыстың озық технологиясын, білімін, ақыл-ойын бойына сіңіріп, екеуін ұштастыра білу.

Еуразиялық идея Шығыс пен Батыс идеяларымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бола түра, оларға кереғарлық жасамайды, олармен бір қатарда айрықша түрмайды. Керісінше екі идеяны да жандандырып, мәдени рухани жағынан біріктіреді, синтездейді. Ол дүниені жаңғырту мен адамды рухани жетілдіруді бір-бірінен алшақтатпайды, керісінше, жақындатады, толықтырады. Адамның материалдық-практикалық іс-әрекеті рухани-адамгершілік түрғыдан дамуы дүниеден сырт қалуды емес, қайта ол нақтылы іс-әрекетті талап етеді. Сондықтан елімізде 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы іске асып жатыр. Бай мәдени мүраны игеру бүкіл қоғамның рухани жаңаруының негізі болып табылады.

Көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі Еуразия кеңістігінде ең шешуші суперэтностары - славян жөне түран халықтарының кейінгі үрпаққа қалдырған бай философиялық және рухани мүралары бар. Осының нетижесІнде Еуразия кеңістігінде мемлекетаралық, үлтаралық, дінаралық жөне конфессияаралық сүхбат арқылы түрақтылық пен қауіпсіздік, былайша айтқанда еуразиялық рухани келісім қалыптасуда. Оған өткен жылы Астанада өткен Әлемдік және дөстүрлі діндер лидерлерінің съезі кепіл.



Еуразиялық кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастар мен интеграциялық үрдістерді алсақ, олар еуразияшылдықтың табиғи терең мәнін көрсетеді. Егер Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық Одак жөніндегі идеясы туралы айтар болсақ, ол саяси немесе жалаң сыртқары ойларға емес, Еуразия халықтарының мәдениеті мен болмысының іштей жақындығына, славяндар мен түрандықтардың іс жүзіндегі ішкі бірлігіне негізделген.

Еуразияшылдык аймақтағы геосаяси және өлеуметтік-мөдени кеңістік шеңберінде терең кірігу үрдістері басталған тарихтың жаңа философиясы рөліне үмтылып отыр.

Бүгінгі күні жаһандану заманында түрақтылық пен қауіпсіздіктІ қамтамасыз ету түрғысынан Шығыс пен Батыстың жақындасуы Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің дүниеге деген қатынасы мен кірІгуі іспетті тарихи қажеттілікке айналуда. Жаһандану заманында адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, ислам мен христиандық, ұлттық пен жалпыадамзаттық қүндылықтар арасындағы теңсіздік аса зор әлемдік күйреуге, барлық адамзаттың жойылуына апарып соқтыруы ықтимал. Еуразияшылдықты дүниеге айрықша қатынас түріндегі мөдени-философиялық доктрина ретінде жүзеге асыру осы теңсіздікті жоюдың басты жолы, адам тіршілігінің әртүрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір төсілі болар еді. XXI ғасырда еуразиялық идеяның кең де терең мөнге ие болуы да сондықтан. Ендеше еуразиялық идея Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттер арасындағы күрделі қайшылықтарды шешудің бірден-бір үйлесімді түрі, сонымен қатар көпдеңгейлі интеграциялық үрдістердің қайнар көзі. Демек, бүл қүрлықтағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы болып табылады.

Қазақстан дербес дамуды үйреніп, сол жолмен нық жүріп келеді. Енді жаһандану жағдайында өзі соған кіріге отырып, оның серпінділігін сездіруші жақ ретінде де әрекет етуді игеруі керек сияқты.

Қазіргі кезде Л.Н. Гумилевтың артында қалған құнды қазыналары, жаңашыл ойлары мен интеграциялық түжырымдарының алатын орны ерекше. Ғалымның көптеген ой-толғамдары қазіргі ғылыми ізденістердің және болашақтағы мөдени дамудың негізі болып табылады. Л.Н. Гумилевтың ең күнды теориясы еуразиялық теориясы аймақтағы мемлекеттердің саяси және идеологиялық доктриналарының негізіне айналып, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен жүзеге асырылып Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық құрылды.

Еуразиялық идеяның ғылым, білім кеңістігінде жүзеге асырылуы Еуразиялық Үлттық университет қүрылып, заңды түрде оған "рухани жағынан да мәні жағынан да еуразиялық" Лев Николаевич Гумилевтың есімі берілуі. Университет халықаралық ғылым, білІм салаларындағы байланыстарды дамытуда. Орынбор, Омск, Томск университеттерімен ынтымақтастык туралы келісм-шарттар бар.

Еуразиялық ұлттық Университет қазіргі таңда Л.Н. Гумилевтың артында қалған қазыналарын зерттеудегі, еуразиялық идеяны таратудағы қазақстандық орталық болып табылады. «Біздің университетте профессор М. Жолдасбеков басқаратын «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер орталығы және профессор, этнограф Ж.Ермекбаев басқаратын «Еуразиятану» институты жұмыс істейді. Орталық түркітанумен, әлемдік тарихпен байланыстағы Еуразия мәселелерін қарастырса, институт еуразияшылықты өркениет негізі ретінде зерттеп-зерделейді. Тәуелсіз елІміздің ғылыми бағыттағы сұранымы болашақта еуразиятанушылардың жаңа буынын қалыптастыратынына сенім білдіріп, осы ретте Еуразия университеті аянып қалмақ емес», - дейді кезекті сүхбатында университет ректоры С.А. Абдыманапов /21,24/.

Еуразиялық идея жас мемлекеттер арасындағы қиыншылықтар мен қайшылықтарды бірте-бірте шешуде, сөйтіп оларды өзара жақындастыруда айтарлықтай қызмет атқару арқылы біздің санамызға мықтап орнықты. Аймақтық еуразиялық интеграциясы, Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің өзара интеграциялық қауымдастығы олардың өрқайсысының үлттық егемендігі мен тәуелсіздігін одан әрі қамтамасыз ету үшін де өте қажет. Сондықтан еуразияшылдықтың, еуразиялық экономикалық интеграцияның болашағы өте зор. XXI ғасыр оны Еуразия кеңістігіндегі халықтардың көпшілігі мойындап, болашақта еуразиялық идея үлкен материалдық күшке айналып, Еуразияда, бүкіл дүние жүзінде өзара түсіністік пен рухани келісім салтанат күрған ғасыр болмақ.

Еуразиялық кірігу - өзІнің дамуын жалғастырған нақты кірігу. Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың басты бағыты еуразия мемлекеттері мен халықтары арасындағы түрақтылық пен қауіпсіздік, әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, ғылым және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытатын жүйе қалыптастыру болып табылады /21,11/.

2001 жылдың 1 шілдесінде Минскіде ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттер басшыларының отырысы өтіп, онда кауымдастықтың іс-қимылына қатысты негізгі қүжаттарға қол қойылды. Осыдан кейін бұрынғы кеңестік кеңістікте ықпалдастық одағының жаңа тарихы басталды.

2004 жылдың қазан айында дәстүрлі Екінші еуразиялық ғылыми форум өткізілді және оның аясында Қазақстанның РесейдегІ жылына арналған "Еуразияның далалық өлкесі: тарихи-медени өзара іс-қимыл және қазіргі заман" атты III ғылыми конференция ұйымдастырылды. Конференция -Еуразиялық Ұлттық университеті, Омбы жөне Томск мемлекеттік университеттері бастамасымен өтті. Бұл форумға Ресей ғылым академиясының өкілдері және Солтүстік университеттердің алдыңғы қатарлы ғалымдар тобы келді. Бұл форум Еуразия аймағында ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жалпы ғылыми қоғамдастықтың назарын еуразиялық ықпалдастық мәселесіне аударуға арналды.

XXI ғасырдың табалдырығын аттаған жаңа ғасыр бастауында әлемдік мәдениеттердің тоғысы, олардың сан салалалы диалогы мен түтастығы ең басты тенденцияға айналып отырған бүгінгі таңда қазақстандық "Еуразиялық" идеясының Шығыс пен Батыс өркениеттері арасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністікке дөнекер болатын әлеуметтік тендік пен өркениетаралық ынтымақтастық идеясы екендігі ешқандай дау тудырмау керек. Өйткені өзіндік төлтума қасиетімен ерекшеленетін бүл идея - жаңа рухани-өнегелілік кеңістігінің қалыптасуы жөне оның негізінде өрбір халықтың үлттық санасының жаңғырығының, одан қалды бейбітшілік пен молшылық көзі бола алатын қуатты мемлекет қүрылуының кепілі болып табылады. Олай болса, бүл идеяның ойдағыдай жүзеге асырылуы әлемдік мәнділігімен қатар, Еуразиялық өркениеттің бір бөлшегі болып табылатын тәуелсіз Қазақстан үшін және оны мекендейтін басқа да халықтардың үлттық, рухани, эстетикалық-өнегелік және т.б. мұраларын одан өрі өркендетуіне даңғыл жол ашып беретіні ақиқат.

Қазақстан ғылымы жөне оның барлық салаларының өкілі мәдени және саяси-әлеуметтік қүбылыстарды танып білуде өртүрлі ғылыми өдістер қолданғанымен де, олардың қай-қайсысы да мөдени сүхбаттастықтың өрісін кеңейтіп, өлемдік өркениетті дамытуда кеңінен көрініс табатын мөдени факторларды саралай отырып, белгілі бір идеяларға, сараланған ортақ пікірлерге келді.

Олар былай деп жазады: "Біздің ғасырымыздың 20-жылдарынан бастап мөдениеттің еуразиялық типі туралы мәселе шет елдегі орыс ғалымдарының арасында қызу айтыс-таластар туғызды. Олар Ресейдің географиялық орналасу жағдайының өзіндік ерекшеліктері орыс мәдениетінің рухани жағынан дамуына сөзсіз әсер ететіндігін мойындады. Князь Трубецкой тіпті орыс мәдениетінде жалпы еуразиялық үлтшылдықпен қатар түрандық мәдениеттің нышандары бар екенін мойындады /21,24/.

Қоғамның шынайы қажеттіліктері мен халықтың рухани ізденістерінен туындайтын мәдени қатынастар ғана мемлекеттердің мөдениетінің байи түсуіне, өркендеуіне жол ашады. Үнемі өзгеру мен даму үстіндегі мәдени қатынастарға айқын жол табу үшін өткен күннің сабағын ой елегінен өткізудің өзіндік негізі бар.

Қүрлық бойымен дүние жүзіндегі ең үзақ ортақ шекаралардың бірі және іргелес жатқан ұлан-ғайыр территория өткен уақыт ішінде біздің халықтарымызға тату көршіліктің мейлінше мол тәжірибесін тауып, жинақтауына мүмкіндік берді.

Әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдени мүраның көлемі, оны келесі үрпақтарға өту тәсілдері мен белсенділігі, мәдениеттің ескерткіштерін сақтау әдістері өзгеріп отырды. Бүның бөрі тек әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғана емес, сонымен қатар билеуші класстардың мүдделеріне, олардың идеологиялық төртіптерімен көзқарастарына теуелді болды.




    1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
      2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
      2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
      2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
      2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
      2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
      2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
      2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет