Асылхан Аружан 102гр Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының бірінде мен альпинистер тобымен Алатаудың мұзар шыңын бағындыруға шықтым. Шың басына тігілген тау желінің күшімен құлаш жая желбіреген байрақтың әсері әлі күнге жадымда. Тәуелсіздік дәуірі дегеніміз - ұлттың бұрын өтуі мүмкін еместей көрінетін, шыңыраудың шетіндегі таудың қатерлі соқпағымен жүргенмен бірдей құбылыс. Алайда, біз оны да бағындыра алдық.
Н.Ә.Назарбаевтың “Тәуелсіздік дәуірі” кітабынан
“Еділ үйдің іргесі, Жайық үйдің жапсары Түркістан ұлы төріміз” - дейтін атадан қалған асыл сөз бар. Бұл мемлекетті киіз үй мысалында сөйлету. Ұлы даланың келер ұрпаққа аманат қылған ұлағаты. Осы тұрғысынан ойлар болсақ, жас ұрпақ, Қара шаңырақты биік ұстауға міндетті үлкен отаудың келешек уығы мен керегесі. Ал сол жас буынның мықты болуы бойдағыдан бұрын ойдағы күшке байланысты, сондықтан жас өрендеріміздің жадына елдің бүгінгі көрінісімен қатар кешегі өткен жолы да сақталуы тиіс. Тоқсандағы тоқырау немесе тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары ел ахуалы тым ауыр болды. Қазақ елі құдды жерге түсіп сынған шынының сынығы іспетті, болу мен бордай тозудың жол айырығында тұрған еді. Ал қазір Ұлы Дала Елі күллі адамзатқа ортақ ұлы істерді орындап жүр, тіпті төрт күл дүниеге төрелік айтатын дәрежеге жетті. Сол себепті егемендіктің екі мүшелі ұлы дәуірі деп танылды. Демек, өзгенің емес, Қазақстанның тәуелсіздік тарихынан өзімізге және еліміздің одан әрі дамуына қажетті тағылым аларымыз сөзсіз. Ширек ғасырдың ішінде еліміздің қаншама қиындықты басынан кешіргені, бүгінгі биігімізге қандай асулардан асып келгеніміз тәуелсіздік атты ұлы жолдың айқын көрінісі. Елбасымыздың ‘Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді’ деген қанатты сөзінің өзі тарихымыздың тамыры тереңге жайылғанының, ата-бабаларымыздың өшпес мұрасының мәңгілікке есте ұстауымыздың дәлелі екені анық. Ерте дәуірдегі сақ-ғұн бірлесігі, орта ғасырлардағы түрік қағанты мен Алтын Орда, бертін келе Қазақ хандығы ұлан-ғайыр Ұлы Далада өмір сүрген азулы мемлекеттер еді. Міне, осы көне хандықтар егемен елімізді озық елдер қатарына қосты. Кешегі Кеңестік Республика азаттығын ала сала ширек ғасырдың өзінде-ақ ширап алды. Тәуелсіздік жылдары еліміздің әлемдік аренаға бет алуының басы-Қазақстанның халықаралық беделді ұйымдарға жетекшілік етуі, анықырақ айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне төреғалық етуі Орта Азия мемлекеттерінің басқа біріне бұйырмаған тарихи мүмкіндік еді. Әлемдік қоғамдастыққа енуі, Орта Азия бойынша бұл мәртебелі қызметегі бірінші мемлекет болуы, басқа алып мемлекеттердің сенімі Қазақ елінің шапшаң дамуына жол ашқан болатын. Шекарамыздың халықаралық дәрежеде бекітілгені еліміздің біртұтас бейбіт ел болуына, еліміздің территориясына ешкімнің баса көктеп кіре алмайтыны, елімізді қорғайтын 400 ден астам застава болуы, жас ұрпақ, біздерге деген үлкен сый деп білемін. Еліміздегі этносаралық, конфессияаралық келсім қағидасының сақталуының, 130-дан астам этнос өкілдерінің замана ағымымен тағдыры тоғысқан бейбітшілігінің негізінен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1995 жылдың 1 наурызында құтты мекенімізге тұрақтылық тамырын жайдыратын “Қазақстан Халық Ассамблеясын” құрды. Соның нәтежесінде, азаматтар арасындағы адами құндылықтардың өнегелі өлшемі қалыптасып, бірегей артықшылықтарға ие біртұтас мемлекетке айналдық. Қазіргі таңда әлем елдерінің арасында Ұлы Дала Елі “бейбітшіліктің феномені” болып қалыптасты. Біз сол бірлік, сол ынтымақ болмағанда барлығынан айырылушы едік... Ұлт көшбасшысы мұнымен ғана шектелмей төрткүл дүниеде төртінші орынды иеленген атом қаруынан түбегейлі бастартуы, осындай бейбітшіл қадамға аяқ басқаны атам қаруынан азат әлемге апарар бірден-бір жол еді. Бүкіл мемлекеттің сенімін санасына сіңірген Елбасымыздың тікелей араласуымен елімізде “ЭКСПО” көрмесінің өтуі әлемдік аренадағы орнын айқандап берді. Елордамыздың төрінде өткен көрмеге қатысқан 125 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым болашақты баянды етер ең таңдаулы еңбектермен таныстырды. Еліміздегі бұл ұлы шара бойынша 1.5 миллиардтан астам этнос хабардар болса, 7 миллионға жуығы Астанаға ат басын бұрды. Дәл осы көрме арқылы бүкіл әлем Мәңгілік еліміз туралы ақпаратқа қанықты. Бас қаламыздың елді алға бастайтын локомотив болуы, төл теңгеміз ұлттық валютамыздың енуі, Қазақстанның ТМД мемлекеттерінің арасындағы тұңғыш болып нарықтық экономика елі мәртебесіне ие болуы алдымен басым бағытты саясатымызды арқасы екені анық. Еліміздің дамуындағы басты қағида жүйелілік болды. Ал жүйеліліктің басты принциптері сабақтастық, үздіксіздік және жоспарлылық еді. Осы қысқа мерзім ішінде ұзақ мерзімді екі үлкен стратегиялық бағдарлама қабылданып, еліміздің прогрессивті көзқарасын, сонымен қатар өз азаматтарына деген жауапкершілігін көрсетеді. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі білімді бере алуы, білім мен ғылымға аса байыппен қарауының айқын көрінісі еліміздегі “Назарбаев зияткерлік мектептері” мен “Назарбаев университеті” болса, қазақ жастарының қалаған жерге барып қалам ұстау мүмкіндігін тудырған “Болашақ степендиясы” болатын. Сонымен қатар халықтың әл аухаты жақсарып, өмір сүру кезеңіде өткен ғасырлармен салыстырғанда біршама артты. Елімізде ауруханалар мен медициналық мекемелердің көптеп салынуы, Фармацептикалық орталықтардың көбейуі, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі қоғамдық жағдайының жақсаруына әсерін тигізді. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуының бірден бір себепкері, елімізді озық елдердің қатарына қосу жолында аянбай тер төккен тұңғыш президентіміз Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды. Қазіргі таңда бір отбасыны сақтай-асырай алмай отырған ер азаматтарымыз қаншама. Ал Елбасымыз ең қиын-қыстау заманда еліміздің татулығын, бірлігін сақтай отырып ел дамуына орасан зор ықпал етті. Елбасымыздың кемел саясаты мен парасатты пайымының арқасында күллі әлем Мәңгілік елімізді тану үстінде.Қорытындылай келе, Қазақстан тарих үшін тамшыдай уақыт саналатын ширек ғасырда саяси сауатты, экономикасы қуатты, әлеуметі тұрақты, шекарасы шегендеулі мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында ту еткен ұстаным болашаққа сабақ болары хақ. Ұлы Дала Елінің алдағы мұраттары мен жеңістері көп боларына сенімім мол! «Ары үшін жанын садаға ететін» текті халқы, Алаш баласының абыройын асқақтатқан Ұлы көсемі бар Қазақ елі - менің бағым. Мен Ұлы көшбасшыммен мақтанамын, Мәңгілік Қазақ еліммен мақтанамын...!