Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет43/46
Дата22.04.2020
өлшемі1,57 Mb.
#64185
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
4-оқушы. Сенім жыры

Тәуелсіздік – тұмарым,

Бәйтерегім – шырағым.

Ел мерейін өсіріп

Менде шыңға шығамын!

Еңбек етіп табысты,

Жібермеймін намысты .

Мен – әлемге танытам,

Қазақ деген халықты!

Бірлігіміз жарасқан

Бірлігіміз жарасқан,

Арманымыз тау асқан.

Туған жердің шыңдары,

Көк аспанмен таласқан.

Аймалаған күн нұры,

Лайланбасын тұнығы.

Берік болсын мәңгілік,

Тәуелсіздік тұғыры.

Ел мерейі еңселі,

Жарқын өмір – ертеңі.

Айналғандай шындыққа,

Бір ғажайып ертегі.



5-оқушы. Менің атамекенім

Атамекен – тұрағым,

Сөнбейтұғын шырағым.

Көк байрағым – айбыным,

Қасиетті тұмарым.

Сая болған баршаға,

Байтақ жерім қаншама –

Атыраудан Алтайға,

Жетісудан Арқаға!

Мұғалім:- Құрметті оқушылар! Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігі –

қазақ халқының  ғасырлар  бойы  аңсаған  арманы.  Орындалған  арманның

ұзағынан болуы –

одан өткен  арман.  Сондықтан  ата-бабамыздан  және



58

Елбасымыз  Н.Назарбаевтың,  қазіргі қазақ данышпандары  мен ғұламалары

өрнектеген Тәуелсіздік  туралы  ой  маржандарын  иллюстрацияларды қарай

отырып,  интерактивтік  тақта  арқылы  музыкамен  безендірілген  диктордың

оқуында зейін қойып тыңдаңыздар.

Интерактивтік  тақта  арқылы  «Тәуелсіздік  туралы  мақал-мәтелдермен  және

қанатты сөздермен жұмыс» жүргізіледі.

Тапсырма:а) тыңдау; б) оқу; в) жатқа жазу.



1-слайд

Тәуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы-қайратты, халқы -қаhарман.



Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құдайдай құрметте!

Тәуелсіздікті қорғау – ұлттың ұйтқысын сақтау, еліңнің жеріне жау



жуытпау, халқыңның азбай-тозбай мәңгі өмір сүруіне өз үлесіңді қосу.

Ең қасиетті күрес – тәуелсіздік күресі!



2-слайд

Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні. Тәңір қолыңа ұстатқан



ол қасиеттің тізгінінен  айрылма! Айрылсаң – ит  пен құсқа  жем  болып,

айдалада қаласың, осыны ойыңда ұста!

Тәуелсіздің



тынысы 

тарылмайды, 

тәуелдінің

тұншықпасы

айрылмайды.



59

Тәуелсіздер  тойын



қуанышпен  тойлайды,  тәуелділер

қалай


азаттықты алуды ойлайды.

Тәуелсіздік  тойын  тойла,  тойлай  жүріп  оны өркендетуді  ойла.  Оған

өзіңнің қосар үлесіңді пайымда!

3-cлайд

Тәуекел – ердің қанаты.



Ел ағыны мен су ағыны – бір.

Ел ауырын ер көтереді.



Ел бақыты – әділдік.

Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ.



Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет