Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


  Мәтінмен  жұмыс.  Мәтінді  зейін қойып  тыңдаңыз.  Одан  кейін өз



Pdf көрінісі
бет44/46
Дата22.04.2020
өлшемі1,57 Mb.
#64185
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
4.  Мәтінмен  жұмыс.  Мәтінді  зейін қойып  тыңдаңыз.  Одан  кейін өз

бетіңізбен  оқып  шығыңыз.  Берілген  сұрақтарға  жауап  бере  отырып,

мәтінді әр бөлігі бойынша мазмұндаңыз.

а) тыңдау; ә)оқу; б)сұраққа жауап; в) мазмұнын баяндау.

«Тәуелсіздік туралы» Заң қалай қабылданды?

Шерхан 


Мұртаза

Қазақстанның

Халық

жазушысы:



Қазақстан

Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің

жетінші  сессиясында

Қазақстанның

тәуелсіздігі туралы мәселе қаралды. Бұл өзі басы ашық нәрсе ғой, айтыс-тартыс

бола қоймас.  Бұрынғы  Одақтағы  республикалардың бәрі өз  тәуелсіздігін

жариялап алды.

Заң тез қабылданатын шығар деп сенгенбіз. Сөйтсек, көп екен көргеніңнен

көрмегенің дегендей,  дау-дамайдың көкесі  алда  тұр  екен. Ә дегеннен  осы  Заң

керек  пе өзі? – деп  депутат  Чернышев  шықты. – Бұрынғыдай  империя  жоқ,

сонда Қазақстан  кімнен  тәуелсіз  болғысы  келеді?  Бұл әңгімені қозғамай-ақ

қояйық.



60

Депутат Козлов: – Мұны бүкіл халық шешсін, референдумға қояйық, – деді.

Депутат  Водолазов: – Асықпайық, – деді.  Депутат  Потапов: – Мемлекеттік

тілдер қазақ тілі  мен  орыс  тілі  болсын, – деді.  Депутат  Жаворонкова: –

Мемлекеттік  тіл үшеу  болсын – қазақ, орыс,  ағылшын  тілдері,– деді.  Депутат

Сухов: – Қайда шапқылап барамыз, – деді.

Міне,  осылардың кебінін  кимес үшін Қазақстан  тәуелсіз  мемлекет  болсын

дедік. Мұны, бұл ізгі талапты, адал ниетті депутаттар түгел түсінеді, қолдайды

деп үміттендік. Обалы не керек, депутат Княгинин сияқты түсінгендері де бар.

Ал,  бірақ осы  басы  ашық талассыз  ақиқат  додалы  көкпарға ұласады  деп  кім

ойлаған.

Жүздеген  жылдар  бойы  азаттықты  аңсаған Қазақстанның тәуелсіздік

толғағы тым ұзаққа созылып, алапат азаппен келді.

Биғали Қаюпов1990-1994  жылдар  аралығындағы ҚР  Жоғарғы  Кеңесінің

депутаты:–1991  жылдың  16

желтоқсаны…  Сол

күні  Жоғарғы  Кеңес

депутаттары  «Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы»

Қазақстан  Республикасының Конституциялық Заңын қабылдады.  Бұл  шын

мәнінде  бүкіл  республика  халқы үшін  нағыз  ақ түйенің  қарны  жарылған  күн

болды.  Ал  тәуелсіздікке  біздің  қалай қол  жеткізгендігіміздің  қадір-қасиетін

әсіресе,  менің замандастарым,  сол  күнгі  мәжіліс  залында  отырған  менің

әріптестерім жақсы түсінеді.Тәуелсіздік–біздіңбойтұмарымыз!

«Тәуелсіздік туралы» Заң еліміздің одан әрі өркендеуіне жаңа тыныс, жаңа жол

ашты.  Осы  Заң мемлекеттік өкімет  органдары,  тәуелсіздіктің экономикалық

негіздерін

қалай 

жүйелеу


қажеттігімен

қатар, 


республиканың

жаңа


Конституциясын әзірлеуге  де  басты  негіз  болды.  Заңға  Президент  Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаев қол қойды. Мен сол залда еліміздің ардақ тұтар азаматтары

Марат  Оспанов,  Сауық Тәкежанов,  Салық Зиманов,  Сұлтан  Сартаев, Өмірбек

Жолдасбеков,  Николай  Акуевтермен  бірге  отырғанымды  және  ел  сенім

көрсеткен  депутат  ретінде  «Тәуелсіздік  туралы»  Заңды қабылдауға  хал-

қадірімше себепкер болғандығымды да әркез балаларыма, немерелеріме айтып

жүремін.  Ал  тәуелсіздік  Заңын қабылдаған  күн – менің  өмірімдегі  ең елеулі

оқиға.


Академик Сұлтан Сартаев:– Біз 1991 жылы шілде айында өз бастамамызбен

заң  ғылымының кандидаттары  Еркеш  Нұрпейісов  және  Талғат  Данақов –

үшеуміз  «Қазақстан  Республикасының тәуелсіздігі  туралы»  Конституциялық

заң жобасын әзірлеп,  оны  Жоғарғы  Кеңестің Төралқасына  тапсырдық. Араға

уақыт  салып,  9  желтоқсан  күні  Төралқа  мәжілісінде  депутат  Манаш Қозыбаев

екеуміз  бұл  заң жобасын қабылдау қажеттігі  хақында ұсыныс  жасадық.

Талқылау  мәжілісінде  мені  баяндамашы  етіп  белгіледі.  Бұл  заң жобасын

талқылау  15  желтоқсан  күні  басталды.  Келесі  күні,  яғни  16  желтоқсан  күні  18

сағаттан  14  минут өткен  кезде  біздің еліміздің тәуелсіздігін  жария  еткен ұлы

Заң  қабылданды.  Дәл  сол  кездегі қуанышты  көрсеңіз,  оны  сөзбен  жеткізе

алмайсың. Депутаттар орнынан тік тұрды. «Тәуелсіз Қазақстан жасасын!» деген

ұрандар  тасталып  жатты.  Көңіл  күйіміз  аспандап  кетті.  Бір  бақытты өмірдің




61

есігін  ашқандай  едік…Төрткүл  дүниеге  де  жетті  бұл  хабар.  Тарихи  заң

қабылданған  уақыттан  30  минут өткенде  біздің елдің тәуелсіздігін  ең алғаш

Түркия  мемлекеті  таныды.  Тарихи  осыншама  жылдамдықпен  мемлекетті

тәуелсіз деп мойындау бірінші рет болды ғой деп ойлаймын. Мұндай жағдайды

тарихтан әлі  кездестірген  жоқпын.  Осы  Тәуелсіздік  туралы  заңды қабылдауға

360  депутаттың  (арасында  сол  мәжіліске  түрлі  себеппен қатыспағандары  да

бар)  12  депутаты қарсы  болды.  Мен  осы  кезге  дейін  сол  депутаттардың не

себепті қарсы болғанын түсінбеймін.

Бұл келешек егемен елдің өз Конституциясына кірпіш болып қаланған заңы

еді. 

Ол 


1993 

және 


1995 

жылғы 


Ата 

Заңымызда 

көрініс 

тапты.


Біз 

саяси 


күресті 

ақылға 


салып 

жеңдік 


деп 

санаймын. 

Тұлғалы

азаматтарымыздың тарихи тұрғыда танылған тұсы да осы кезең деп білемін.

Мәтінге  сүйеніп  және  берілген  тірек  сөздерді қолданып,  «Қазақстан –

Тәуелсіз мемлекет» деген тақырыпқа эссе жазу (3-кесте).

3-кесте – Тірек сөздер

Зат есімдер

Сын есімдер

Етістіктер

Тәуелсіздік

Тәуелсіз


Орнады

Жоғары Кеңес

келешек

Қабылдады

оқиға

елеулі


Қаралды

Заң


жарқын

Таныды


Конституция

қаланды


мемлекет

болашақ


Тарих

әлем



62



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет