Тақырыбы: Тьютер (ассистент) қызметі.
Инклюзивті білім беру әдіснамасында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің тұтас жүйесіне қосудың жоғары деңгейіне жету үшін инклюзивті білім беру процесінің барлық субъектілері күштерінің жиынтығы ретінде түсіндірілетін командалық тәсілдеме жетекші орын алады. Инклюзивті білім беру кеңістігін құру кезіндегі командалық тәсілдеме оның кешенділігіне қарай ол жеткілікті көлемде түрленеді және сан алуан түрлі көңіл бөлушілікке жіктеледі деп түсіндіріледі. Командалық тәсілдеменің канадалық өкілдері М.А. Мастропиери, Т.Е. Скраггс, Р.С. Подемски [3] және т.б. инклюзивті сыныптағы қолдауды инклюзивті білім берудің әр түрлі субъектілерінің күшінің кешенді түрде бірігуі деп анықтайды, Осындай жағдайда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін өнімді шешуде сыныбында осындай бала бар бір мұғаліммен ғана шектелмейді. Аталған ғалымдардың пікірінше, инклюзивті білім беру жүйесін құру кезіндегі командалық стратегияны жүзеге асыру педагогтердің тұлғааралық қатынасында ақпараттық және практикалық материалдармен үнемі алмасуы арқылы жүреді, бұл әрине, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқудағы үлгерімі мен әлеуметтік құзыретін арттыруға тікелей әсер етеді. Оқытушылар мен осындай қатынастың мақсатты ұстанымының арасындағы диалогтың мазмұнды жағынан қарағанда инклюзивті сыныптағы ЕБҚ бар балаларды қолдаудың әр түрлі командалық түрлері ерекшеленеді.
Батыстық үлгілерде командалық тәсілдеменің «екеулеп оқыту» түрі жиі пайдаланылады, бұл әдеттегі мұғалім мен мұғалім ассисентінің арасында тығыз байланыс орнатуды қарастырады. Бұндай тәсіл ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың жеке бағдарламасының мазмұнын барынша сапалы қалыптастыруда өзара жауапкершілікті бөлісу жүйесін құрастыруға көмектеседі. Біздің пікірімізше, жұмыстың бұндай түрі өте өнімді, себебі бұл жағдайда командалық тәсілдемені жүзеге асыру жалпы және арнайы білім беру элементтері құрамдасатын икемді оқу бағдарламасын қалыптастыруға негіз болады, бұл бір жағынан мүмкіндігі шектеулі баланың жеке қажеттілігін, ал екінші жағынан бала меңгеруге тиісті оқу пәнінің мазмұнын есепке алуға мүмкіндік береді. Инклюзивті сынып жағдайындағы тьюторлық қолдау ретіндегі талдаудың технологиялық бірлік көрсетікшінің рөлін сипаттай отырып, батыстық зерттеушілер Т.Е. Смит, Г. Банч және Д. Митчелл тьюторды (арнайы мұғалім) тиімді инклюзивтік білім беруді құрудың жетекші субъектісі ретінде анықтайды [4]. Оның атқарымдық қолданысы барлық балалардың бұзылыстарының айқындығына қарамастан олардың сан алуан түрлі қабілеттері мен мүмкіндіктерін теңестіру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |