Тьютер (ассистент) қызметі


Технологиялық жоспарда тьюторлық қолдау бірқатар маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді



бет2/2
Дата23.06.2020
өлшемі29,34 Kb.
#74447
1   2
Байланысты:
nm.njh

Технологиялық жоспарда тьюторлық қолдау бірқатар маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

1. Лайықты оқу тапсырмаларын әзірлеу. Баланың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін нақты білетін, осындай баламен жұмыстағы арнайы педагогикалық технологияларды меңгерген тьютордың сыныпта болуы мұғалімге балалар үшін деңгейі сәйкес келетін оқу материалын таңдауға көмектеседі. Осының нәтижесінде барлық оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктері қанағаттандырылады және барлық балалардың ерекше қажеттілігі бар балалардың ерекшеліктерін түсініп, қабылдаған жағдайында, балалар ұжымының ынтымақтастығының қажетті деңгейі қалыптасады.

2. Кез келген туындаған мәселені тиімді шешу. Бұл жағдайда тьютор әдеттегі мұғалімнің серіктесінің рөлін атқарады, арнайы білім, білік және дағдының жоғары деңгейін меңгерген ол мұғалімге қажетті кеңестер береді. Тьюторлық қолдау кейбір әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді тиімді шешуге қажетті ресурс ретінде анықталады. Барлық балаларды білім беру ортасына табысты қосуға көмектесетін балалар ұжымындағы өзара қатынасты құру тьютордың жеке көзқарасына да байланысты болады.

3. «Треккинг» (мүмкіндігі шектеулі баланы оның білім алуда ерекше қажеттілігіне байланысты басқа оқушылардан уақытша оқшаулау) және «стримингтің» (мүмкіндігі шектеулі баланы инклюзивті сыныпқа және одан қандай да бір табыстарға жеткен оқу және\немесе әлеуметтік әрекеттердің компонентеріне қосу) стратегияларының бірігуі. Тьютор мұғалімнің көмекшісі ретінде оқытудың құрамдастырылған тактикаларын жүзеге асыруға көмектеседі, балалар жеке оқу пәндері бойынша өздерінің қабілет деңгейіне сәйкес топтасқанда, сыныптың әлеуметтік аспектісі және басқа да кейбір оқу пәндері, қабілеттері әр түрлі оқушылар жалпы топтарға біріктірілген мейнстриминг мәнмәтінінде өтеді. Осыған байланысты тьютордың рөлі әрбір бала үшін бірыңғай бастау сәтін ұйымдастырудың және қалыптастырудың медиаторлық стратегиясын жүзеге асырумен байланысты болады. Бұл мәнмәтіндегі тьюторлық көмекті жүзеге асырудың негізгі талаптарына арнайы мұғалімнің өзінің икемділігін көмекке мұқтаж баланың жеке ерекшеліктеріне бағдарлау жатады.



4. Жақсартуды жете қадағалау. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баламен тьютордың жүргізген жеке жұмысы оған оқыту процесінің динамикасын терең сезінуге және баланың әлеуметтік және оқудағы жетістіктерін ерекшелеуге мүмкіндік береді. Инклюзивті сынып мұғалімі үшін 8 берілген талдау балалардың жеткен жетістіктерін есепке алуға және жаңа талпыныстарын ескеруге мүмкіндік береді, бұл балаларға әлеуметтенудегі өздерінің келешектерін жақсартуға және қоғамға қосылуға көмектеседі.

Инклюзивті сыныптағы тьютордың рөлін бұлайша түсіну тиімді, себебі мүмкіндігі шектеулі баланы қолдаудың терең жүйесін құруға және осымен бір мезгілде инклюзивті сыныптың бірыңғай команда ретінде қызмет атқаруына көмектеседі. Тьютордың сыныпта болуы мұғалімнің ұйымдық және үйлестіру жұмыстарын жеңілдетеді, осыған байланысты инклюзивті оқу-тәрбиелеу жұмыс стратегиясын толық әзірлеуге қол жеткізеді. Инклюзивті сыныптағы тьютордың атқарымдық қолданысын ұғынуды педагогикалық технология ретінде талдау жұмыстың тьюторлық стратегиясын жалпы білім беру процесіне енгізудің қажеттілігі мен тиімділігін дәлелдейді, бұл жағдайда инклюзивті білім беру процесінің барлық субъектілеріне қатысты белгілі бір өнімділікке қол жеткізуге болады. Тьюторлық рөлді барабар түсіну оқу-тәрбиелеу жұмысындағы жалпы психоэмоциялық атмосфераны тұрақтандырады, бұл педагогикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сәйкес қызмет атқарушы тьютор мұғалімнің жеке және топтық сабақтарды өткізу мүмкіндігін жеңілдету үшін балалар ұжымында командалық атмосфераны құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде осындай практика әдеттегі сыныптағы ерекше қажеттілігі бар баланы оқыту фактісін қалыптандырады, ол жергілікті инклюзивтік қауымды құруға мүмкіндік береді [5]. АҚШ-тың арнайы білім саласындағы қазіргі заманғы саясаты жалпы және арнайы білім беруді біріктіру болып табылады. Бұндай біріктіруді жүргізудің үш негізгі тәсілдемесі ұсынылады: негізгі бағыт, жалпы білім бастамасы, қосылу. Бұл тәсілдемелер арнайы білім саласында қызу талқыға түсуде. «Негізгі бағыт» дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы мектеп сыныптарына орналастыруды қарастырады. Оның қажеттілігі бұл балалар қоғамда болатындығына байланысты оларды әлеуметтік және оқу әрекетіне қосуға ықпал ету үшін мектепке жіберу керек. Мектепке ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды анықтау міндеттемесі жүктеледі. Заң арнайы білім алуға ғана емес, сондай-ақ қосымша қызметтерді (көлік, логопедиялық сабақтар, психолог көмегі, аудиологиялық тексеру және т.б.) алуға да құқық береді. Заң бойынша әрбір балаға жазбаша тұжырымдама және жеке оқу бағдарламасы құрылады және даму бұзылыстары бар балаларды міндетті түрде мүмкіндігінше жалпы білім беру мектептерінде оқытуға, сондай-ақ оларды бұзылыстары аз ортаға қосуға міндеттеме алады. 9 Зерттеулер кіріктіру моделін жүзеге асыруда, ең алдымен қарапайым балалармен қатар дамуында әр түрлі ауытқулары бар балаларды оқыта алатын мұғалімнің құзыреттілігіне қойылатын жоғары талаптарға байланысты қиындықтар туындайтынын көрсетеді. Шведтік білім беру жүйесінде жалпы ұлттық жоспарлау және басқару элементі өте маңызды. Оқытудың мақсатын, ұзақтығын, білім беру бағдарламаларын қаржыландыруды Парламент шешеді. 1989 жылға дейін үкімет те жалпы білім беру бағдарламаларын құруға қатысқан. Соңғы жылдары Швецияда білім беру саласында көптеген реформалар жүргізілді. Оның ішінде ең бастысы жүйеге және жеке оқу орындарына үлкен дербестік беру, сондай-ақ оқушылардың мүмкініктерін кеңейту мақсатындағы орталықтандыруға қол жеткізу болды. Мектепте оқыту бойынша көптеген мәселелерді шешуге қатысуға муниципалитеттер ғана емес, оқушылар ұжымы мен ата-аналар да құқық алды. Енді Білім беру министрлігі оқыту бағдарламаларының тек жалпы мақсаттарын ғана бекітеді. Оқыту әдістәсілдерін, материалды таңдау, жұмыс талабы мен жалақы мөлшерін, оқу процесін ұйымдаструдың барлығы қазір мектеп директорлары мен мұғалімдердің құзыретінде. Сонымен, ата-аналардың мектепті өз баласының жеке ерекшеліктеріне қарай таңдау мүмкіндіктері кеңейді. Швецияда балалық шаққа көмек көрсету жүйесі жоғары құрамдастырылған, құрылым орталықтандырылған. Көмектің әрбір түрі әкімшілік, құқық және қаржылық тұрғыда дербес мәртебесі бар арнайы мемлекеттік мекеменің бақылауында болады. Аймақтың кеңесі (коммуна) жанында әрекет ететін муниципалдық Балаларды оңалту орталығының арнайы педагогы ата-аналар мен мектеп мұғалімдеріне кеңес береді. Баланың мүмкіндігіне қарай, олар бірігіп, орындалуы үшін мектеп мұғалімі жауап беретін жеке оқу жоспарын құрады. Қажет болған жағдайда педагог-ассисент шақырылады. Шведтік Арнайы білім беру агенттігі (SIH) жанұя мен мектептерге кеңес беру мен оларға қолдау көрсетуге жауап береді; практикада кеңес беруді нақты баламен жұмыс істейтін кеңесші жүзеге асырады. SIH кеңесшісі оқу пәндеріне қатысты ұсынымдар береді; муниципалды үкіметке ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуды тиімді ұйымдастыруға көмек береді. Әр түрлі мемлекеттердің инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибесі де біркелкі емес. Мысалы, Финляндия, Норвегия, Италия және Канадада бірнеше онжылдықтар бойы шамамен мектептердің барлығы инклюзивті болып табылады. Ал Германияда бұндай біріктіріп оқыту басқа батыстық елдерге қарағанда кейінірек тәжірибеге ене бастады. Салыстырма ретінде, бүгінгі таңда Норвегияда мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балалардың 95 %-ы жалпы мектепте оқытылса, ал Германияда бұл көрсеткіш 22%-ды құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет