Қызылша гүлтәжі (6-сурет)– амаранттар тұқымдас біржылдық арамшөп. Барлық дерлік жерлерге жақсы тараған. Арамшөп жақсы өңделген, борпылдақ, тыңайтылған егістіктерді жақсы көреді, соның ішінде мақта егістігін де. Қолайлы жағдайлар туындағанда арамшөптің биіктігі 120 см жетеді және қатты бұтақтайды, ал керісінше жағдайда оның биіктігі 15-20 см ден аспайды.
Қышылша гүлтәжі тек қана тұқымдары арқылы көбейеді. Бір өсімдіктің өзі 500 мың тұқым береді. Өсімдіктің пісіп жетілуі біркелкі емес, әркелкі болып, жаздың екінші жартысынан бастап бірінші суық түскенге дейін жалғасады.
6-сурет – Қызылша гүлтәжі
Жерге шашылған тұқымдар қыстап шыққаннан кейін көктемде, топырақпен азғана жабылған жағдайда, салыстырмалы жоғары температурада 20 0 С көктеп шықса, ал топырақтың 5 см тереңдігінде жатқан тұқымдар одан да жоғарылау температурада 22-26 0 С көктеп шығады. 5 см ден тереңге кеткен тұқымдар көктеп шықпауы мүмкін, бірақ 5 жылға дейін өнгіштігін жоғалтпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |