Тезисы (Пути воспроизводства почвенного плодородия и повышение продуктивности хлопчатника)



бет18/25
Дата20.06.2018
өлшемі7,96 Mb.
#43757
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

Сорт ПА-3044

Сорт М-4005

Сорт М-4007


1.2 Минералды тыңайтқыштардың ең тиімді мөлшері, мерзімі және суару режимінің ұсыныстары

Мақта қозасын өніп-өсу кезеңдерінде температураны, суды, минералды тыңайтқыштарды әртүрлі дәрежеде талап етеді. Осы факторларды реттеу және басқару арқылы, мақта қозасының өнімділігін көтерумен қатар, оның сапасын жақсартуға болады.

Сонымен қатар ғылыми түрден негізделген суару режимімен минералды тыңайтқыштың тиімді мөлшерін қолдану арқылы көп көлемде ағын суды үнемдеуге болады.

Мақта қозасы өніп шыққаннан шанақтағанға дейін, азот пен фосфордың 3-5%-ын, судың 8-9%-ын, шанақтаудан гүлдеуге дейін азоттың 25-30%-ын, фосфордың 15-20%-ын, судың 23%-ын, гүлдеуден пісіп жетілгенге дейін азоттың 65-70%-ын, фосфордың 75-80%-ын, судың 59%-ын керек етеді.

Бір тонна шитті мақта өнімін құруда мақта қозасы 50 кг азот, 20 кг фосфор, 50 кг калийді қажет етеді. Қор үнемдеу технологиясы бойынша мақта қозасының өнімділігін көтерумен қатар ағын суды үнемдеу үшін, минералды тыңайтқыштармен суару жүйелерінің ғылыми тұрғыдан негізделген тиімді тізбегін қолдана отырып, барлық агротехникалық шараларды жетілдіру арқылы көп мөлшерде суды үнемдеуге қол жеткізіледі.

Бұл технология бойынша отандық мақта сорттарына ең тиімді минералды тыңайтқыштардың мөлшері 180 кг/га (азот-100, фосфор-80 кг/га) және суару режимі 0-1-1 болып (біріншісі гүлдеу, екіншісін өнімге отыру кезеңінде әртүрлі мөлшерде (800, 1200, 1600 м3/га)) анықталды.

Минералды тыңайтқыштарды бергенде, оны жүйектің тереңдік түбінен 3-4 см төмен бере отырып, мақта қозасынан 10-12 см қашықтықта енгізген жөн.
1.3 Суды тиімді және үнемдеп суару ұсыныстары

Мақталы жердің ой қырына, әрбір шаруашылықтың мүмкіншілігіне қарай қолданылатын суару әдістері әртүрлі. Бороздамен суару әдісі ең көп таралған әдіс. Суарудан кейін қатараралығын босату жұмыстарының бәрі культивация арқылы атқарылады. Бороздаларға су таратып жібергенде оны әр бороздаға мөлшерлеп қана жіберу керек. Су мөлшерден көбірек жіберілсе, борозданы бұзып кетеді. Борозданың бет алысы түзу болуы тиіс, олардың бас жақтарын су жуып кетпес үшін екі жақ жиектеріне шым салады. Сонда су барлық жерлерге тегіс таралады.

Жүйекпен суару әдісін түнгі уақытта жүргізгенде, суару тиімділігі артады, күндіз суарғанға қарағанда, судың булану дәрежесін 14-16%-ға дейін төмендетеді. Бұл әдісті мақтаның шанақтау кезінде жүргізгенде тиімділігі артады.

Бұл әдістің кемшіліктерінің бірі – суды өте көп мөлшерде шығындалуы мен мақта қозасының тамыр жаятын топырақ қабатында топырақ ылғалдылығын бір дәрежеде ұстап тұра алмау және өсімдікке керекті суды беруді реттеудің қиындығында.

Бірақ жүйекпен суару әдісін технология бойынша жүргізсек, аз мөлшерде су жұмсай отырып, судың тиімділігін арттыруға болады. Жүйекті (борозда) алу кезінде оны барынша екі мақта қатарының ортасынан алу керек. Бірінші суда жүйектін тереңдігі 15-18 см, ал екінші суда 20-25 см болғаны дұрыс. Суды үнемдеу мақсатында бірінші суды суару үшін алынатын жүйекті жүйек тастап, трактордың доңғалағы жүретін қатараралықтан жүргізгенде, оң нәтиже береді. Бұл әдіспен суара отырып, минералды тыңайтқыштың тиімділігін арттырумен қатар, суды 40% үнемдеуге қол жеткізуге болады.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда мақта алқаптарын сумен қамтамасыз еткенде, көптеген факторларға мән берілмейді. Соның бірі жер асты сулары. Мақта қозасы жер асты суларын, олардың тереңдік деңгейіне қарай әртүрлі мөлшерде пайдаланады. Жер асты сулары бір метр тереңдікте жатқанда, мақта өзіне керекті судың 80%-ға жуығын жер асты суларынан, 6%-ын жауын-шашын, 11%-ын – ағын судың есебінен қаптайды, ал 1,5 м тереңдікте болса 63% - ын жер асты суларын, 27% - ағын судан, 3-3,5 мде 11% - ын жер асты суынан, 67% - ын ағын суды пайдаланады.

Бұдан байқағанымыздай, жер асты сулары жоғары деңгейде жатқанда пайдаланатын ағын судың мөлшері де кемиді. Сондықтан су мамандары суды бөлу кезінде әрбір мақта алқабында жер асты сулары деңгейін есепке ала отырып, аудандастырылған гидромодуль бойынша суды таратқанда, көп мөлшерде ағын су үнемделеді.
1.4 Ылғал сақтау бойынша агротехникалық шараларды дер кезінде және сапалы жүргізу ұсыныстары

Көктемдегі мақта егудің алдындағы жүргізілетін агротехникалық жұмыстардың ішіндегі негізгілерінің бірі мақта алқаптарында тырма салу жұмыстары: тырма салу топырақтың жоғарғы қабатындағы ұсақ қуыстарды жайып, ылғалдың буға айналуын кеміте отырып, оның жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Технология бойынша тырмалауды 4-5 см тереңдікте жүргізе отырып, 2-3 рет қайталаса тиімді болады.

Екінші агротехникалық жұмыстардың бірі, жүйекаралық баптау (культивация). Суды үнемдеуде культивацияның сапалы жүргізілуі үлкен роль атқарады. Сапалы жүргізілген культивация мақта қозасының тамырының жақсы дамуына және терең бойлауына, соның себебінен мақтаның жер асты суларын көптеп пайдалануына жағдай жасайды. Сапалы культивация жүргізілген мақта алқаптары суды талап ете қоймайды, соның есебінен пайланылатын ағын су үнемделеді.

Бүгінде дихандар суарудан кейінгі жүйекаралық баптау культивациясына мүлде көңіл бөлмейді. Судан кейінгі жүйек аралық қопсытудың маңызы өте үлкен, себебі жүйекте жарықшалар пайда болып, көп мөлшерде су буланып ұшып кетеді. Мақта қозасының тез шөлдеуіне алып келеді. Бұл агротехникалық шараларды жүргізбеген жағдайда, мақта өнімінің артуына кері әсерін тигізеді.

Бірінші жүйекаралық баптаудың маңызы өте үлкен, ол мақтаның топырақтан қоректік заттарды көптеп пайдалануына жағдай жасайды. Ерте жүргізілген жүйекаралық баптау, арамшөптердің шығуына жол бермей, мақтаның тамыр шірігі ауруын қоздыратын бактерияларды құртуға да оң әсерін тигізеді. Көп мөлшерде жауын-шашын болып, көктемнің ылғалды болған жылдары, бұл шараның санын көбейту, мақтаның жақсы өсуін дамуына жағдай жасайды. Бұл шараны кешіктіру мақта өнімділігін 15-25%-ға кемітуі мүмкін.
2. МАҚТАНЫ ҮНЕМДЕП СУАРУ ҰСЫНЫСТАРЫ
Мақта қозасының өсуі үшін ең негізгі факторлардың бірі – су. Қозаның әртүрлі өсу кезеңіндегі фазаларына байланысты өз салмағының 60-90 %-ына дейін су болады. Тек қана дұрыс суарудың арқасында ғана ерте пісетін жоғары өнім алуға болады. Судың жеткіліксіз жағдайында, мақта өсу процессін тоқтатып шанақтарын тастайды.

Мақтадан 40 ц/га өнім алу үшін транспирацияға қажетті 5000 м3/га суды талап етеді. Ол алғашқы өсу фазаларында сөткесіне 10-12 м3/га суды жұмсайды. Жапырақтарының саны мен көлемінің ұлғаюына және температураның қызуына байланысты өсе келе шанақтау кезінде сөткесіне 30-40 м3/га суды қажеттейді. Гүлдеу мен көсектеу кезеңінде сөткесіне 90-100 м3/га және пісу кезеңінде төмендеп 30-40 м3/га талап етеді.

Мақтаны суару үшін жұмсалған жалпы су көлемінің 30-35%-ы топырақтан буланса, қалған 65-70%-ы өнімді құрауға жұмсалады.

Судан кейінгі орындалатын агротехникалық шаралардың өз уақтысында орындалмауының арқасында пайдаланылған су көлемінің 50%-ы булану арқылы ұшып кетеді.

Мақтаның орташа өніп-өсуіне керекті топырақтың ылғал сыйымдылығы 70%-дан төмен болмауы керек. Топырақтың 0-50 см қабатында оның ылғал сыйымдылығы 70%-дан төмендей бастаған кезде, мақтаны суару керек. Сонда ғана мақта қозасы сабағы жуан, өнім бұтақтарының арасы қысқа және ерте пісетін өніммен қамтамасыз етіледі. Қозаны гүлдеу, көсек еу және пісу кезеңдерінде дұрыс суару режимдерінің үлкен мағынасы бар. Әсіресе ылғал жеткіліксіз жағдайда көсектері уақытынан бұрын ашылып, талшығының сапасы төмендейді. Сондай-ақ қозаны гүлдеу кезеңінде шамадан тыс суарған өте көп өнім бұтақтары мен жапырақтары көлеңкелеп оның пісуін кешіктіреді.

Мақта егістігін суару режимін, суды мүмкіндігінше аз жұмсай отырып, оны толығырақ пайдалануды қамтамасыз ететіндей дәрежеде реттеп отыру керек. Суарылатын әрбір участок үшін суару күні, мерзімі және нормасы – климат пен топырақ сипаттары, жер асты суының тереңдігі мен минералдану дәрежесі, топырақтың сор тарту дәрежесі мен сипаты, сумен қамтамасыз етілуі, ирригациялық жүйелер, қатараралықтардың ені мен өсімдіктердің жиілігі ескеріле отырып белгіленеді.

Мақта қозасының егіс көлемінің ұлғаюына байланысты, облысымызда ағын суға деген сұраныстың көбейуі, бүгінде су үнемдеу әдістерін қолдануды қажет етеді.

Мақтаны үнемдеп суарудың көптеген түрлері бар: тамшылатып, жаңбырлатып, топырақтын ішінен суару, түтікше-сифондарды және жер асты суларын пайдалану.



Суүнемдеу технологиясы - мақта қозасын жүйек тастап суару
Гүлдеу кезеңінде 1-ші вегетациялық суды гектарына 500 м3/га, ал пісіп жетілу кезеңінде 400 м3/га мөлшерімен жүйек тастап суару тиімділік танытады.

Тиімділіктері:



  1. Қолданылып жүрген технологияларға қарағанда 25 пайыз ағын су үнемделінеді.

  2. Суару кезеңінде еңбек өнімділігі артады

  3. Суару кезінде басқа да агротехникалық шараларды (арамшөптерді отау, мақта қозасы ұшын шырпу, зиянкестерге қарсы биологиялық әдістер) бір мезгілде жүргізуге қол жеткізіледі.

  4. Жүйек тастап суару арқылы суарудан кейін жүргізілетін жүйек аралық баптауды қысқартуға қол жеткізіледі.

  5. Кейінгі агротехникалық шараларды сапалы жүргізу үшін жүйектердің бір келкі кебуіне жағдай жасайды.

  6. Өсімдік бойының биіктігі бір келкі болуы қамтамасыз етіледі.

  7. Өнімділігі гектарына 22-23 пайызға артады.

  8. Топырақта тиімді ылғалдылық сақталынады.

Оңтүстік Қазақстанның экологиялық жағдайларына байланысты, келіп жатқан суларды, сондай-ақ суды тиімді пайдалану бойынша жаңа стратегиялық жетістіктерді жасап шығаруды уақыт талап етіп отыр

Су тапшылығының өрістеуі, суармалы жерлердегі экологиялық жағдайлардың нашарлауына байланысты, бұл аймақта суүнемдеу технологияларын өндіріске ендіру өте маңыздылық танытады.

Жасап шығарылған суүнемдеу технологияларды өндіріске ендіргенде, суармалы жерлердегі топырақ құнарлылығы артып, өнімділік жоғарылайды, су және жер ресурстары тиімді пайдалыналады, сондай-ақ материалдық шығындар төмендеп, еңбек өнімділігі артады.

Қазіргі таңда облыс көлеміндегі жаңа инновациялық технологияларды өндіріске ендіру бойынша Мақтарал ауданындағы «Кетебай», «Нысан», «Қараша», «Бауыржан» және «Нұралы-жол» сияқты шаруа қожалықтарында ендіріліп, жүргізілуде.

Бұл жаңа технологиялар Түркістан ауданындағы «Тұран» шаруа қожалығында, «Нұр» өндірістік кооперативінде, «Көксарай» ЖШС-нің далалық алқабында ендірілсе, Шардара ауданында «Пернебай және К» және «Құлтөре-Айғожа» атты шаруа қожалықтарының өндірістік алқаптарында ендіріліп, жүргізіліп келеді.

Бұл аталған шаруашылықтар, инновациялық технологиялардың қарқындылығы арқасында әр гектардан 38-43 центнерден биологиялық өнімділікке қол жеткізуде


2.1 Тамшылатып суару ұсыныстары

Тамшылатып суару системасы ең алдыңғы ирригациялық технологияларға жатады.

Бұл суару әдісімен мақта қозасын суғарғанда, өсімдіктің тамыр жаятын топырақ қабатына минералды тыңайтқыштарды ерітілген күйінде сумен бірге бере отырып, өсімдіктің азотты сіңіру тиімділігін арттыруға, минералды тыңайтқыштардың беру мөлшерін 40%-ға азайтуға болады. Кететін ағын судың мөлшерін 50%-ға дейін азайтып , мақта алқаптарын бір келкі суаруға қол жеткізіледі. Қол жұмысын аз пайдаланып, жүйекпен суару кезінде оқ арықтарға, палдарға кететін жерлер (6-7%) үнемдеуге болады.

Институттың мелиорация бөлімінің ғалымдары Израильдің «Нетафим» фирмасымен бірлесе отырып, тамшылатып суару әдісінің ең соңғы үлгідегі жүйелерін тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу арқылы тиімділіктерін анықтауда.





2.2 Жаңбырлатып суару ұсыныстары

Суармалы жердің негізгі ережесі – суды үнемдеу. Артық берілген су өнімді арттырмайды, керісінше мелиорациялық жағдайын төмендетіп, тұздануына ықпал жасайды. Суды үнемдеу мақсатында, мақтаны жаңбырлатып суару әдісі қолданылуы қажет. Мұнда мақтаға жіберілетін су үнемделеді, сушының еңбек өнімділігі бірнеше есе артады, мақта ерте піседі және жердің сорлануы азаяды. Сондықтан бұл әдіс жер асты сулары жақын аймақтарда кеңінен пайдалануы тиіс. Жаңбырлатып суаруда ДДА-100М машинасы қолданылады. Бұл екі қанатты агрегат. Шынжыр табанды тракторға орнатылып, су толтырылған арықтардың бойымен жүріп ондағы суды насоспен сорып алады. Екі жағындағы екі қанаты арқылы мақтаның үстіне жаңбырлатып себелеп шашып отырады. Бұл агрегат бір өткенде 120 м жерді қамтиды. Агрегаттың жүру жылдамдығы сағатына 360 м және ол бір секундта 100 литр су шашу керек. Суару жұмысы арықтың бас жағынан басталады. Агрегаттың жүретін жолының ұзындығы 100-150 м болуы керек. Уақытша арықтағы судың мөлшерін барлық жерлерде бір қалыпты ұстау қажет.

Жаңбырлатып суару суды үнемдей отырып, 200-500 м3/га суару нормасы арқылы топырақты бірқалыпты ылғалдануын қамтамасыз етеді.

Ал 200 метр келетін және одан да артық үлкен суару алқаптарында ортасынан уақытша суару арық-атызын жасау қажет. Одан су екі жағына бірдей жіберіліп тұрады. Әдетте ұлғайтылған участок бір рет суарылғанда ұзына бойына бірден суарылуы тиіс. Егер участок аумағы 20-25 гектарға жетсе, бөліп-бөліп екі кезекте суарған жөн. Бұл жағдайда мынандай ережені орындау қажет болады. 1) Ең алдымен бас арықтан неғұрлым қашық жатқан участок бөлегі, одан соң жақынырақ жатқандары суарылады. 2) Суару участогының белгіленген бөлігі бүкіл ұзына бойына суарылуына тиіс. Ал участоктың ұзындығы 1000 метр және одан да артық болса, участоктың ортасынан бастап суарған жөн. Жерді ұзына бойына және көлденеңнен дұрыс суаруға айрықша назар аудару қажет. Культиваторларды 6-7 күнге кешіктіргеннің өзінде, суарудан кейінгі қолайлы уақыт өтіп кететінін ескерген жөн.




2.3 Түтікше-сифондарды қолдану ұсыныстары

Бұл әдіс жүйектерге судың біркелкі жайылуына және ағын суды үнемдеуде жүйектердің бас жақтарына әр түрлі реттегіш құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі.



Бұлардың ішінде ең тиімдісі түтікше-сифондар болып есептелінеді. Бұл әдіс бойынша реттелінбейтін жүйекпен суаруға қарағанда, жұмыс өнімділігі 2,5-3 есеге артып, әр гектардан 150-200м3 су үнемдеуге болады. Сушылардың жұмысы жеңілдеп, суару жұмыстары сапалы жүреді және су алқаптарға біркелкі тарайды. Бұл әдісті түнгі уақытта жүргізгенде өте жоғары тиімділікке қол жеткізуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет