Тезисы (Пути воспроизводства почвенного плодородия и повышение продуктивности хлопчатника)



бет9/25
Дата20.06.2018
өлшемі7,96 Mb.
#43757
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

15-сурет 16-сурет


Басқа технологиялық операциялар кәдімгі технология бойынша жүргізіледі.

Басқа дақылдарда, мысалы: өнімін жинаған кезде өсімдік сабақтары орылып кететін жүгеріден және дәнді дақылдардан кейін дереу терең қопсыту жұмыстары жүргізіледі және көктемде тырмалаудан кейін тікелей егіс жүргізіледі.

Терең қопсыту жұмыстарын жүргізу үшін аралығы 90 см құрайтын және қармау ені 270 см тең үш жұмыс құрылғысына ие арнайы терең қопсытқыштар қолданылады, олар Т-150 тракторына тіркеледі. Сондай-ақ төрт жұмыс құрылғысы бар ГР-3,4 маркалы терең қопсытқыштар да қолданылады, олар қуаты 160-220 ат күшіне ие Джон-Дир, Амако, Кеис ж.т.б. тракторларына тіркеледі. Терең қопсытудың жұмыс өнімділігі сағатына 2,7-3,5 га, ал бір ауысым – 8 сағатта 21,6-28 га құрайды, бұл кәдімгі екі деңгейлі жер жыртудан 2,5-3,0 есе жоғары көрсеткіш.

Топырақты терең қопсыту трактордың 8-12 км/сағ. жылдамдығымен жүргізіледі.

Терең қопсытқыштар топырақта жыл сайын жер жырту нәтижесінде пайда болған қатты табанын бұзады, соның нәтижесінде топырақтың аэрациясы, физикалық қасиеті жақсарады, су өткізгіштігі артады, көлемдік салмағы төмендейді, бұл өз кезегінде ауылшаруашылық дақылдарының тамыр жүйесінің жақсы дамуына, өнімділігінің артуына, өнім сапасының жақсаруына алып келеді.

Сонымен бірге ұсынылып отырған топырақтың терең қопсыту технологиясы суармалы жерлерде өсіріліп бапталатын жүгері, дәнді дақылдар және басқа да ауылшаруашылық дақылдары жинап алынғаннан кейін қолдану да тиімді болып табылады.

Топырақты терең қопсытудың экономикалық тиімділігі кәдімгі жер жыртуға салыстырғанда:


  1. Жанар-жағар майды үнемдеуі – 60 %.

  2. Жұмыс өнімділігі 40 %-ға жоғары.

  3. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін 28-30 %-ға арттырады.

Жаңа технологияны пайдаланған шаруа әрбір гектардан 12-13 мың теңге үнемдейді.

Жаңа технологияны ендіру және қолдану арқылы шаруалар жалпы облыс бойынша шамамен 1 млрд. 750 млн. теңге үнемдей алады. Өнімділікті 12 центнерге арттыру есебінен әрбір гектардан қосымша 13,8 млрд. теңге, жылына жалпы 15 млрд. теңге қосымша пайда табуға болады.


ҚОРЫТЫНДЫ
Оңтүстік Қазақстанның ашық сұр топырақты суармалы жерлерінде топырақты терең қопсытуды жүргізу тиімділігін анықтау бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері:

1. Жыл сайын күзде 30-35 см тереңдікте топырақты аударып айдау топырақта «қатты табан» қабатын қалыптастырады және топырақтың агрофизикалық қасиетіне кері әсер етеді, оның көлемдік салмағын 1,4-1,6 г/см3 арттырады.

2. Топырақты 35-40 см тереңдікке аударып айдау мәселені шешпейді, ауылшаруашылығы өндірісінің бүгінгі күн талаптарына да жауап бермейді және мақта қозасы, жүгері, жоңышқа және мақта ауыспалы егісінің басқа дақылдарының өнімділігін әрі қарай арттыруға жеткіліксіз.

3. Терең қопсыту топырақтың көлемдік салмағын және тығыздығын 5-12%-ға төмендетеді, қуыстылығын және шектік дала ылғалдылығын арттырады. Мұнда топырақтың фильтрациялау коэффициенті, әсіресе қопсытқыш өткен жерлерде, он есеге дейін артады. Нәтижесінде топырақтың су, ауа, жылу микробиологиялық тәртібі жақсарады.

4. Топырақты терең қопсыту жұмыстарын шектен тыс ылғалданған жерлерде жүргізуге тыйым салынады.

5. Терең қопсыту топырақтың су-физикалық қасиеттеріне оң әсер етеді, оның су өткізгіштігін кәдімгі жер жыртуға салыстырғанда 30%-ға дейін арттырады.

6. Топырақтан тұздардың шайылуы терең қопсытуда да, сүдігер жыртуда да жүзеге асады. Терең қопсыту астарында сор шаю кезінде топырақтың бір метрлік қабатынан тұзды қалдықтың шайылуы 35,1%-ды құрады, ал сүдігер жыртуда 28,5%.

7. Топырақтан хлор-ионның шайылуы қарқынды түрде жүзеге асты. Кәдімгі сүдігер жыртуда топырақтың бір метрлік қабатынан бастапқы мөлшерінен 43,4%-ы шайылған болса, терең қопсытуда ол көрсеткіш 64,3%-ды құрады.

8. Топырақты терең қопсытудың сор шаю кезіндегі тұздардың шайылуына әсері зерттеудің алғашқы жылында тиімді болды. Келесі екі жылда да оның әсері біршама көрінді.

9. Терең қопсытудың топырақтың су-физикалық қасиеттеріне оң әсері 3-4 жыл бойы жалғасады. Демек, терең қопсыту жұмыстарын 3 жылдан кейін жүргізу керек.

10. Жүргізілген фенологиялық бақылаулар нәтижелері бойынша зерттелген нұсқалар арасында 1-маусымдағы өсімдіктерінің биіктігі және нағыз жапырақ саны бойынша айтарлықтай айырмашылықтар байқалмады.

Терең қопсыту нұсқасындағы өсімдіктердің өсуі мен дамуындағы артықшылықтар шілде айының жартысынан бастап көріне бастады. 1-шілдедегі бақылаулар 55-60 см-ге терең қопсыту нұсқасында кәдімгі сүдігер жырту нұсқасынан едәуір артықшылықтарға ие екенін көрсетті. Өсімдіктегі көсектерінің саны 17 дананы құрап, бақылау нұсқасынан 4,4 данаға артық, ал көсектерінің ашылуы бойынша бақылаудан 2,6 данаға жоғары болды. Мұны бақылау нұсқасы топырағының 30-35 см тамыр жайласқан қабатының физикалық қасиеттері төмен болғандықтан көсектері кеш ашылғандығымен түсіндіруге болады.

11. Топырақты 55-60 см-ге терең қопсыту нұсқасы екі терімнен шитті мақтаның 44,8 ц/га өнімділігіне ие болды, яғни бақылаудан 9,7 ц/га жоғары және бұл нәтижеге топырақтың қатты табанын бұзу және тамыр жайласқан топырақ қабатында оңтайлы жағдай жарату арқылы қол жеткізілді.

Лекция 3
Мақтаны зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесі
Мақта қозасын әр түрлі әрі көптеген организмдер – шыбын-шіркейлер, кене, басқа да омыртқасыз жәндіктер, сондай-ақ ұсақ микроорганиздер – уақ саңырауқұлақтар мен бактериялар қорек етеді.

Қозаның басты зиянкестері - өрмекші кене, бақша, акация (қараған), мақта биттері, темекі құрты, мақта көбелегі, қара күйе, күздік көбелек т.б. болып табылады.

Бүгінгі таңда олармен жүйелі түрде күресу мақта саласындағы ең негізгі проблемалардың бірі болуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет