ТЕРЕҢ ҚОПСЫТУДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Өнертабыс ауылшаруашылығына, негізінен, топырақты өңдеу әдістеріне қатысты болып, Қазақстанның оңтүстігінің суармалы аймақтарында ауылшаруашылық дақылдарын өсіріп баптауда қолданылады.
Бұрынғы өңдеу әдістерінің кемшілігі топырақты өңдеуші түрлі құрылғыларды белгілі бір ізбе-ізділікпен қолданылуы болып табылады. Мұнда өте көп мөлшерде энергия шығыны және ірі көлемді құрылғылар жұмсалады.
Екі деңгейлі соқамен жер жыртуда топырақ аударылып айдалады, нәтижеде жер бетіне құрамында қоректік элементтер мен органикалық заттары аз топырақ қабаты шығады. Бұл технологияның және бір кемшілігі. Тыңайтқыштар ендіру бұл кемшіліктің орнын біршама толтырғандай болады, алайда толығымен жоя алмайды.
Қазақстанның оңтүстігінің мақта өсіруші аудандарында сүдігер жырту негізінен 30-35 см тереңдікте жүргізіледі. Сүдігер жыртудағы мұндай тереңдік ерекше қажет, өйткені бұл жерде жаздың ыстық ауа температураларында және суарулардан кейін органикалық заттардың ыдырау процестері қарқынды жүреді.
Мақта қозасының және басқа да ауылшаруашылық дақылдарының егісін айдау екі деңгейлі ПЯ-3-35 соқасы жәрдемінде жүргізіледі.
Екі деңгейлі соқаның қармау кеңдігі және негізгі корпусы кәдімгі соқамен бірдей, алайда соқа қайырмасының көлемі кішірек және алқапқа қарай 130 мм жылжытылған болып келеді. Соқалар топырақтың үстіңгі қабатын 15-20 см-ге дейін қазып алып, қазылған сайлардың түбіне тастайды. Соқаның негізгі корпусы топырақтың бір қабатын аударатын қайырмалы-түренді бөлігіне ие болып, ол 23-35 см тереңдіктегі топырақ қабатын жер бетіне шығарып аударып кетеді.
Өнертабыстың міндеті топырақтың астыңғы қабатын жер бетіне шығармастан терең қопсыту болып есептеледі.
Өнертабыстың мақсаты агротехникалық шығындардың аз мөлшерімен топырақты өңдеу сапасын арттыру.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін ұсынылған топырақты өңдеу әдісінде күзде жер 55-60 см-ге терең қопсытылады және көктемде қоза өсіріп баптауда чизельдеу, ал басқа дақылдарда – тырмалау жұмыстары жүргізіледі.
Бұл өңдеу әдісі төмендегідей жүзеге асырылады.
Шитті мақта жиын-терімінен кейін КИР-1,5 (15-сурет) құрылғысының жәрдемінде қозапая жинап алынады. Қозапая жинап алынғаннан соң (16-сурет) алқапты аударып айдаудың орнына 55-60 см тереңдікке терең қопсытылады.
а) көктемде жер тырмаланады және шит себіледі.
б) көктемде жер тырмаланады, чизельденеді және шит себіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |